ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Сот әкімшілігі Басшысының міндетін атқарушы |
А. МУСРАЛИНОВ |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігі
| Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасары 2026 жылғы 25 маусымдағы № 3 Бұйрықпен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12457 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Сот отырысының жазылуын қамтамасыз ететін сервер, жабдық, оларға қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін шаралармен қамтамасыз етіледі. Серверге қол жеткізу тәртібі "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтамасыз етіледі.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сот қызметкері аудио-, бейнежазбасының көшірмесін жазудан бұрын материалдық (электрондық) жеткізгішті форматтайды.";
Көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 6001-18-7-6/185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17124 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот отырысының хатшысы бейнеконференцбайланыс құралдары қолданылатын сот процестері туралы ақпаратты (соттың атауы, сот отырысы залының нөмірі, сот отырысының күні мен уақыты, бейнеконференцбайланыс жүйесінің жұмыс қабілеттілігі туралы мәліметтерді көрсетіп) Қазақстан Республикасы сот органдарының цифрлық жүйесіне орналастырады.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бейнеконференцбайланыс құралдарын қолдану кезінде ақпараттық қауіпсіздік "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сай қамтамасыз етіледі.
6. Бейнеконференцбайланыс құралдарын қолдану кезіндегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету сот процесін ұйымдастыру үшін жауапты адамдар мен техникалық мамандарға жүктеледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Судья сот отырысын бейнеконференцбайланысты қолданып өткізу туралы шешім қабылдаған кезде, сот отырысының хатшысы келесі күннен кешіктірмей техникалық маманға тестілеу сеансын өткізу қажеттілігі туралы ішкі цифрлық жүйе арқылы өтінім жолдайды, оны тиісті сот немесе тергеу изоляторы/мекеме сот отырысы тағайындалған күнге дейін бір тәуліктен кешіктірмей өткізеді.
Одан кейін сот отырысының хатшысы бейнеконференцбайланыс құралдарын қолданып, сот отырысын өткізу жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдау үшін өтінішхатты мәлімдеген адам орналасқан аумақтағы тергеу изоляторына/мекемеге немесе сотқа хат жібереді.".
3. "Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2018 жылғы 9 маусымдағы № 6001-18-7-6/188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларында:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидалар электрондық құжаттарды сотқа және "цифрлық үкімет" веб-порталы, Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты интернет-ресурсының "Сот кабинеті" сервисі арқылы беруге, Қазақстан Республикасының сот органдарының цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – СО ЦЖ) тіркеуге, өңдеуге және олармен танысуға арналған.
Қағидалар таратылуы шектелген және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтері бар электрондық құжаттарға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық құжат – анықтығын, тиесілілігін және өзгермейтіндігін растау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қамтамасыз етілген цифрлық жазба;
2) құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық нысанда толығымен көрсететін құжат;
3) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
4. Сотқа электрондық құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталынан беру аталған веб-порталдың тиісті электрондық қызметімен қамтамасыз етіледі. Авторизациялау процесінен өткеннен кейін, арыз беруші "Құқықтық көмек" бөлімі арқылы "Сот ісін жүргізу" сервисінің үш электрондық қызметтерінің бірін таңдайды:
1) электрондық түрде сот хаттамасын беру туралы арыз беру;
2) сот отырысының хаттамасына ескертулерді беру.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жүктелгеннен кейін құжаттар арыз берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және автоматты түрде СО ЦЖ-ға беріледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Өтініш арыз берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін автоматты түрде СО ЦЖ-ға беріледі.";
22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Арыз беруші жіберген құжаттар СО ЦЖ-ға түскен кезде автоматты түрде кіріс құжаттың тіркеу бақылау карточкасына көшіріледі, арыз беруші бұл туралы хабардар етіледі.
"Сот кабинеті" сервисі арқылы келіп түскен электрондық құжаттардың өтуі туралы ақпарат (тіркеу, тіркеуден бас тарту, қарау реті) арыз берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Электронды құжатты "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жолдаған жағдайда оның қозғалысы туралы ақпарат "цифрлық үкімет" веб-порталындағы арыз берушінің жеке кабинетіне жолданады.";
23. Электронды құжатты СО ЦЖ-да аумақтық бөлімшелердің жауапты қызметкерлері бір жұмыс күні ішінде тіркейді.
24. Мына жағдайларда құжаттарды тіркеуден бас тартылады:
1) орналастырылған құжатты оқу мүмкін болмағанда;
2) ӘРПК-ға сәйкес қаралуға жататын өтініштерді қоспағанда, құжат қайта жіберілгенде және бұрын СО ЦЖ-де тіркелгенде;
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығы сәйкес келмеген кезде;
4) құжат осы сотқа арналмаған кезде;
5) арыздарда, шағымдарда, өтінішхаттарда және өтініштерде қосымшада көрсетілген құжаттар немесе материалдар салынбағанда;
6) қоса берілген құжат таңдалған бөлімге сәйкес келмеген кезде.".
4. "Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2019 жылғы 15 қазандағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларында және оларға қойылатын талаптарында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Техникалық байланыс құралдарын қолдану кезіндегі киберқауіпсіздікті "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бейнеконференцбайланысты ұйымдастыруға жауапты адамдар және бейнеконференцбайланысты техникалық қамтамасыз етуге жауапты адамдар қамтамасыз етеді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдары қолданылып өтетін сот процестері туралы ақпаратты (сот атауы, сот отырысы залының нөмірі, сот отырысының күні мен уақыты, техникалық байланыс құралдары туралы мәліметтер көрсетілген) сот отырысының хатшысы Қазақстан Республикасының сот органдарының цифрлық жүйесінде орналастырады.".
5. "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20393 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы қағаз тасығышта не "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы электронды түрде, не Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бірге береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде берілген.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Астанада, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні құжаттарды дайындауды жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне береді. Егер Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдері басқа елді мекендерде орналасқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының қызметкері (маманы) құжаттар келіп түскен күні оларды дайындауды жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияның курьері не пошта байланысы арқылы жіберуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжатты және (немесе) сенімхатты көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.";
15 және 15-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
15-1. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" Мемлекеттік қызметін көрсету бойынша қағидаларға 1-қосымшада:
2, 3, 4 және 5-реттік нөмірдегі жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері |
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: порталда – 1 (бір) жұмыс күні; астанада, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне – 1 (бір) жұмыс күні; |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) немесе қағаз түрінде. |
";
7-реттік нөмірдегі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнiң 667-бабының 3-тармағы 6) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. |
";
9-реттік нөмірдегі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
".
6. "Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оның соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде айналыс қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21065 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оның соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде айналыс қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оның соттың цифрлық жүйесінде айналыс қағидалары";
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оның соттың цифрлық жүйесінде айналыс қағидалары (бұдан әрі – Техникалық талаптар) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 133-2-бабына (бұдан әрі – АПК), Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне, "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және электрондық құжатқа қойылатын талаптарды, оны тіркеуге беру және оның Қазақстан Республикасы сот органдарының цифрлық жүйесінде айналыс (бұдан әрі - СО ЦЖ) тәртібін айқындайды.
2. Техникалық талаптар "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтері бар таратылуы шектеулі электрондық құжаттарға қолданылмайды.
3. Осы Техникалық талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық құжат – анықтығын, тиесілілігін және өзгермейтіндігін растау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қамтамасыз етілген цифрлық жазба;
2) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқасы құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжат;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
4) цифрлық мұрағат – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұйымдастырылған және электрондық нысанда сақталатын электрондық архив құжаттарының және архив құжаттарының электрондық көшірмелерінің жиынтығы;
5) ЭЦҚ-ның QR-коды – машинамен оқылатын оптикалық белгі, ол байланған электрондық құжат туралы және оның ЭЦҚ расталуы туралы ақпаратты қамтиды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. "Цифрлық үкімет" веб-порталынан сотқа электрондық құжаттарды беру веб-порталдың тиісті электрондық қызметімен қамтамасыз етіледі. Авторизациялау рәсімінен өткеннен кейін өтініш беруші "Құқықтық көмек" бөлімі арқылы "Сот ісін жүргізу" сервисінің электрондық қызметтерінің бірін таңдайды:
1) талап қоюды сотқа беру;
2) сот хаттамасын беру туралы өтінішті электрондық түрде беру;
3) сот отырысының хаттамасына электрондық өтініш-ескерту беру.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Сотқа ұсынылатын электрондық құжаттар осы Техникалық талаптардың 2-тарауының талаптарына сәйкес ресімделеді.";
20 және 20-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. "Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік бажды төлеу үшін "онлайн-төлем" жолы толтырылады, содан кейін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (*pdf форматындағы электрондық төлем) автоматты режимде жүктеледі және СО ЦЖ-ге беріледі.
Мемлекеттік бажды екінші деңгейдегі банктер арқылы электрондық терминалдар, банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлеген жағдайда, өтініш беруші "түбіртекті бекіту" белгісін қою арқылы мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының (төлем тапсырмалары, түбіртектер, чектер және басқалар) сканерленген нұсқасын жүктейді.
"Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баждың электрондық төлемін тексеру үшін "Төлем чегін тексеру" бөлімінде электрондық чектің бірегей коды енгізіледі және оны іздеу жүзеге асырылады. Іздеу нәтижесі экранда электрондық чектің деректемелерін көрсетеді.
20-1. Талап қоюды "Сот кабинеті" сервисі арқылы берген кезде жеке тұлғаға оның мүліктік жағдайына немесе заңды тұлғаға, ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, қаржылық жағдайына қарай мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген мынадай негіздердің бірі болған кезде берілуі мүмкін:
1) дүлей зілзаланың, технологиялық апаттың салдарынан залал келтіру;
2) жеке тұлғаға жалақыны уақытылы төлемеу;
3) жұмысы жоқ адам ретінде есепке қою;
4) жеке тұлғаның ауыр сырқатының болуы және үш айдан астам емделуі;
5) заңды тұлғаға жеткізілген тауар, орындалған жұмыстар, ол көрсеткен қызметтер үшін ақша төлемеу;
6) заңды тұлғаның тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндірудің және (немесе) өткізудің маусымдық сипаты;
7) атаулы әлеуметтік көмек беру.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жүктелгеннен кейін құжаттар өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады және автоматты режимде СО ЦЖ-ға беріледі.";
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Өтініш беруші жіберген құжаттар СО ЦЖ-ға автоматты режимде келіп түскен кезде кіріс құжатының тіркеу-бақылау карточкасына көшіріледі, ол туралы өтініш берушіге хабарлама жіберіледі.
35. СО ЦЖ-да электрондық құжаттарды тіркеуді және бөлуді Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері соттарда іс жүргізуге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Мемлекеттік баждың төленуін тексеру цифрлық жүйелерді интеграциялау қолданыла отырып жүзеге асырылады.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6 - тарау.Соттың цифрлық жүйесінде электрондық құжаттың айналысы";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Кіріс электрондық құжат ол СО ЦЖ-де тіркелгеннен кейін келіп түскен болып есептеледі.";
41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"41. СО ЦЖ-ға құжаттардың келіп түскен күні мен уақыты автоматты түрде тіркеледі және сот процестік заңнамаға сәйкес сотқа жүгіну үшін мерзімді сақтау туралы мәселені қараған кезде есепке алады.
42. Электрондық форматта қаралған іс бойынша сот актісі электрондық құжат форматында да, қағаз форматта да жасалады. Қалған жағдайларда, судья (судьялар) өз қолымен қол қойған жазбаша форматтағы сот актісімен қатар, СО ЦЖ-ға салу үшін электрондық құжат ресімделеді, оған судьяның (судьялардың) ЭЦҚ-сы қол қойылады.";
44, 45, 46, 47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Сот актісінің қағаз тасығыштағы данасы сот ісінің материалдарына қоса тіркеледі.
Сот актісінің электрондық құжат нысанындағы данасы СО ЦЖ-де сақталады.
45. Судья шешімнің қарар бөлігін шығарған жағдайда электрондық түрде орындалған қарар бөлігі жария етілген күні СО ЦЖ-ге салынады және судьяның ЭЦҚ қол қойылады.
46. Сот актісі судьяның (судьялардың) ЭЦҚ міндетті түрде қол қоя отырып, оны дайындау үшін процестік заңнамада белгіленген мерзімде СО ЦЖ-ге салынады. Сот актісіне ЭЦҚ қолы қойылғаннан кейін түзету үшін қол жеткізу автоматты түрде бұғатталады.
47. СО ЦЖ-ге салынған сот актісі судьяның (судьялардың) ЭЦҚ-мен қолы қойылғаннан кейін "Сот кабинеті" сервисінде бейнеленеді және көрсетілген сәттен бастап танысу және пайдалану үшін қолжетімді болады. "Сот кабинеті" сервисінде сот актісі көрсетілген күн оны тараптардың және "Сот кабинеті" сервисінің пайдаланушылары болып табылатын іске қатысатын басқа да адамдардың алған күні болып саналады.
48. Электрондық нысанда дайындалған сот актісінің заңды күшіне енгені туралы белгі СО ЦЖ-де судьяның ЭЦҚ-мен қайта қол қою жолымен қойылады және құжатта ЭЦҚ-ның QR-коды түрінде көрсетіледі. Электрондық тәсілмен қойылған заңды күшіне енгені туралы белгі соттың мөрімен растауды талап етпейді.";
53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Электрондық атқару құжаты орындауға СО ЦЖ арқылы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіне (бұдан әрі - АІЖМАЦЖ) жіберіледі.
54. Атқару құжатын орындауға жіберу үшін адресатты таңдау СО ЦЖ-де санатты анықтау жолымен жүргізіледі.";
57, 58, 59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Электрондық атқару құжатын орындауға АІЖМАЦЖ-дан СО ЦЖ-ға жібергеннен кейін тіркеу нөмірі мен күні, "Тіркелді" мәртебесі қайтарылады.
58. Атқарушылық құжат сот орындаушысының іс жүргізуіне қабылданғаннан кейін СО ЦЖ-ға сот орындаушысы орындау бойынша қабылдаған әрекеттері туралы мәртебе түседі (қозғаудан бас тартылды, орындалмай қайтару, аумақ бойынша, орындалуға жіберілді, тоқтатылған, аяқталған).
59. Электрондық құжаттар СО ЦЖ-де олар құрылған немесе цифрлық жүйеге салынған форматта сақталады.
60. Электрондық құжаттар СО ЦЖ-ның электрондық мұрағатында ұқсас қағаз тасығыштардағы құжаттар үшін белгіленген мерзімде сақталуға тиіс.".
7. "Электрондық хаттаманың толықтығын, құрылымын және сапалы жаңғыртуын қамтамасыз етуге қойылатын техникалық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2020 жылғы 6 тамыздағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21096 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық хаттаманың толықтығын, құрылымын және сапалы жаңғыртуын қамтамасыз етуге қойылатын техникалық талаптарда:
10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сот отырысы аяқталғаннан кейін электрондық хаттаманың ажырамас бөлігі ретінде оны сәйкестендіру және бүтіндігін тексеру үшін жеткілікті ақпаратты көрсететін оның қысқаша мазмұнының сипаттамасы автоматты түрде қалыптастырылады. Электрондық хаттама интеграциялау арқылы сот органдарының цифрлық жүйесіне беріледі және істің басқа да электрондық материалдарымен бірге сақталады.
11. Сот отырысы хатшысының электрондық хаттамаға қол қоюы сот органының цифрлық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыру жолымен жүзеге асырылады.
12. Бірінші және апелляциялық сатылардағы сот отырысының судьялары мен хатшыларына электрондық хаттамаға қол жеткізу сот органдарының цифрлық жүйесінің ісіне электрондық ақпараттық-есептік құжаттан ұсынылады.
13. Сот талқылауына қатысушының өтініші бойынша сот оған сот органдары цифрлық жүйесінің "Сот кабинеті" сервисі арқылы электрондық хаттамамен танысу үшін рұқсат береді.".
Сот отырысының аудио-,бейнежазба көшірмесін беру туралы арыз
Маған ____________________________________________________________________
20___ж "___" қылмыстық іс/материал бойынша сот отырысының аудио-, бейне жазба көшірмесін ________________________________________________________________
(материалдық (электрондық) жеткізгіште/цифрлық сервис арқылы (астын сызыңыз)) беруіңізді сұраймын.
Мыналарды:
1) ұсынылатын сот отырысының аудио-,бейнежазба көшірмесін тек сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ нақты деректерді анықтау мақсатында пайдалануға;
2) егер субъектінің құқықтары мен бостандықтары бұзылатын сондай-ақ озге де жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалатын болса, дербес деректерді таратуға жол бермеуге міндеттенемін.
20____ ж. "____" ________________________________ ____________________________
Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны, сонымен қатар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін заңда белгіленген әкімшілік (ӘҚБтК-нің 79-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК-нің 147-бабы) жауаптылық туралы ескертілдім.
Материалдық (электрондық) жеткізгіш қандай да бір жазбаларсыз қоса беріліп отыр.
Қоса берілген материалдық (электрондық) жеткізгіштің форматталатыны және ондағы бар ақпараттың жойылатыны туралы хабардармын және онымен келісемін.
________ __________
(күні) (қолы)
Сот отырысының аудиожазба көшірмесін беру туралы арыз
Маған______________________________________________________________________
20___ж "___" азаматтық және әкімшілік істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер
бойынша сот отырысының аудиожазба көшірмесін
___________________________________________________________________________
(материалдық (электрондық) жеткізгіште/цифрлық сервис арқылы (астын сызыңыз)) беруіңізді сұраймын.
Мыналарды:
1) ұсынылатын сот отырысының аудиожазба көшірмесін тек сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ нақты деректерді анықтау мақсатында пайдалануға;
2) егер субъектінің құқықтары мен бостандықтары бұзылатын сондай-ақ озге де жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалатын болса, дербес деректерді таратуға жол бермеуге міндеттенемін.
20____ ж. "____" ________________________________ ____________________________
Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны, сонымен қатар, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін заңда белгіленген әкімшілік (ӘҚБтК-нің 79-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК-нің 147-бабы) жауаптылық туралы ескертілдім.
Материалдық (электрондық) жеткізгіш қандай да бір жазбаларсыз қоса беріліп отыр.
Қоса берілген материалдық (электрондық) жеткізгіштің форматталатыны және ондағы бар ақпараттың жойылатыны туралы хабардармын және онымен келісемін.
_______ __________
(күні) (қолы)
