ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 24-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 330 бұйрыққа 1-қосымша |
Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 24-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленген және тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функциясын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Жобалау және құрылыс жұмыстарын орындау кезінде тапсырыс берушінің жекелеген ережелері тараптардың келісімімен айқындалады.
Құрылысқа қатысу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшаларын тарту есебінен, объектілердің құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушінің функциялары "Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйелер (бұдан әрі - ЦЖ) – құрылыс құжаттамасын жүргізуге және салынып жатқан объектілерді электрондық нысанда бақылауға байланысты операцияларды автоматтандыруға арналған порталмен интеграцияланған цифрлық жүйе;
2) жоба – жеке және заңды тұлғалардың түпкі ойының мәнін және оны практикада іске асыру мүмкіндігін ашып көрсететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есеп-қисаптар), оның ішінде құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынған, адамның мекендеуі мен тіршілік етуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;
3) жобалау құжаттамасы – жобалау барысында жасалатын мәтіндік және графикалық құжаттар жиынтығы, ол мыналарды қамтиды:
абаттандыру және көгалдандыру жобалары. Абаттандыру және көгалдандыру жобалары құрылыс жобасының құрамында болуы мүмкін;
қала құрылысы жобалары – аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамытуды және оларда құрылыс салуды кешенді қала құрылысына жоспарлау шешімдерін қамтитын жобалар (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың өңіраралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары (елді мекендерді дамыту және оларда құрылыс салу схемалары), егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары);
құрылыс жобасы –Кодекстің тиісті ережелерін, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру үшін сметалық есепті қамтитын жобалау-сметалық құжаттама. Құрылыс жобаларына құрылыс объектілерін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;
сәулет жобасы – жобалауына сәулетшінің қатысуы қажет болатын құрылыс объектісін (монументті) тұрғызу жобасы;
4) жобаны басқару – құрылыс объектілерін ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, жобалауды, салуды және пайдалануға беруді бақылау бойынша инжинирингтік қызмет, ол техникалық қадағалау мен авторлық сүйемелдеуді қамтуы мүмкін;
5) инвестор - өзiнiң, заемдық немесе тартылған қаражатын инвестициялар нысанында салуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
6) мердігер - қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс саласында тапсырыс берушімен немесе жобаны басқару бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді (бұдан әрі – жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтер) жүзеге асыратын тұлғамен жасалатын мердігерлік шарт немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құрылыс саласында мердігерлік жұмыстарды орындайтын жеке немесе заңды тұлға;
7) тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Қызметінің мақсаттарына қарай тапсырыс беруші – жобаның (бағдарламаның) инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) не олардың уәкілетті тұлғалары бола алады.
3. Тапсырыс берушінің қызмет аясына жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), монтаждау (бөлшектеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды іске қосу жұмыстары, құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау, құрылысты тоқтату және құрылысы аяқталмаған объектiлерді консервациялау жатады.
4. Тапсырыс беруші объектілердің құрылысын, оның ішінде инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) іске асырылуын республикалық және жергілікті бюджеттерден түскен қаражаттар, өзінің қаражаттары, инвестордың (инвесторлардың) қаражаттары, сондай-ақ құрылысқа үлестік қатысу тәртібінде инвестиция салған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары есебінен жүзеге асырады.
5. Тапсырыс беруші инвестормен жасалған шартта белгіленген талаптарға сәйкес объектіні салу үшін инвестордың бөлген ақша қаражатына және материалдық құралдарына билік етеді және:
1) инвестордың ресурстарын мақсатты және өз уақытында пайдалануды;
2) объектіні жобалау және салу кезінде нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарды сақтауды;
3) тиімді жобалық шешімдерді қабылдауды, қолданылатын материалдардың, конструкциялардың, жабдықтардың және жүргізілген құрылыс-монтаж жұмыстардың сапасын;
4) объектіні пайдалануға енгізу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
6. Тапсырыс берушінің қажетті рұқсат беру құжаттары және қызметтің тиісті түріне лицензиясы болған кезде ол тапсырыс беруші мен мердігердің міндеттерін қатар орындап, өз күшімен объектінің құрылысын жүзеге асырады.
7. Қажет болған кезде тапсырыс беруші шарттық негізде жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғаны тартады.
8. Құрылысты ұйымдастыру және жүргізу кезінде тапсырыс беруші мынадай функцияларды дербес жүзеге асырады:
1) инвестицияларды бөлу көлемі мен оларды жұмсау бағыттары туралы шешім қабылдау;
2) объектінің құрылысын бастау, уақытша тоқтату, консервациялау, тоқтату туралы шешім қабылдау;
3) жобалауға арналған тапсырманы бекіту;
4) салынған объектіні пайдалануға қабылдау және объектіні қабылдау актісін бекіту;
5) қазынашылық жүйе арқылы төлем жүргізілетін құжаттарға қол қою.
9. Тапсырыс беруші мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде инженерлік ізденістер материалдарын (қала құрылысы жобаларының топографиялық түсірілімін, жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімді және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу сатысындағы атқарушы геодезиялық түсірілімді) тіркеуді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Инвестициялық жобаларды жоспарлау
10. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау кезінде Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына (әрі қарай - Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидалары) сәйкес:
мемлекеттік, салалық бағдарламалар және аумақтардың даму бағдарламалары шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуын негіздейтін инвестициялық ұсыныстарды;
концессиялық ұсыныстарды;
техникалық-экономикалық негіздемелерді, қаржылық-экономикалық негіздемелерді, инвестициялардың негіздемесін әзірлеуді жүзеге асырады.
11. Тапсырыс беруші ғимаратты жобалауға бекіткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас объектілері жоқ, инвестициялар көлемі жүз миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын өндірістік мақсаттағы жаңа техникалық күрделі объектілерді салу және инженерлік немесе көлік инфрақұрылымның желілік құрылыстарын салудағы инвестициялық жобаларын жобалау кезінде жобаланатын объектінің қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткішінің тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісуді жүзеге асырады.
Осы тармақтың ережелері олардың қауіпсіздігін және инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі объектілерді қоса алғанда, ғарыш инфрақұрылымы объектілеріне қолданылмайды.
12. Тапсырыс беруші:
1) дербес немесе басқа мамандарды тарта отырып, салынуы белгіленген объектіні жобалауға арналған тапсырманы жасайды.
Өндірістік мақсаттағы және желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілердің жобалауға арналған тапсырмада тиісті саланың басшылығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткіші көрсетіледі.
Жобалау процесінде қосылған құн салығы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасының өзгеруі жағдайында қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткішінің жағдайларды қоспағанда, бұрын бекітілген техникалық - экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы және жобалауға арналған тапсырмаға түзету және нақтылау кезінде қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткіші өзгертуге жатпайды.
Өндірістік мақсаттағы және желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілерді жаңа салудың инвестициялық жобалары бойынша жобалауға арналған тапсырмада бекітілген қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткішінен асуына жол берілмейді.
Тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының қосылған құн салығы бойынша салық заңнамасы өзгерген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың ережелеріне сәйкес күтпеген шығыстар болған жағдайларда, баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қоса алғанда, қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткішін түзетуге жол беріледі. сметалық нормалар.
Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындау шартының ажырамас бөлігі және оны тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік инвестициялар қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада мәліметтері қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде қамтылған қазақстанда шығарылған құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану шарты белгіленеді.
Жобалауға арналған тапсырмада Кодекстің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтің құжаттардың ережелеріне сәйкес мүгедектігі бар адамдар және басқа да халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ "Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32613 болып тіркелген) сәйкес еңбек жағдайларын жасау шарты белгіленеді.
Кодекстің 101 бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын құрылыс жобаларының мемлекеттік банкіне енгізу жөніндегі шарт белгіленеді.
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейтін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын тұрғын үйлердің, инженерлік және көлік инфрақұрылымының, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың жаңа құрылысының жобалары бойынша жобалауға арналған тапсырмада инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құны туралы Тапсырыс берушінің шарты белгіленеді.
Құрылыстың есептік шекті құны құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады және инвестициялық жобаны іске асыру үшін қаражат лимиті болып табылады.
Жобалау процесінде жобаларды іске асыру үшін тапсырыс беруші қаражатының жалпы (шекті) лимиті болып табылатын құрылыстың есептік шекті құнынын қоспағанда, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалауға арналған тапсырма түзетіледі және нақтыланады. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде алынған құрылыстың сметалық құны бекітілген жобалауға арналған тапсырмада жазылған инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құнынан аспауы тиіс. Жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының әзірленген бөлімдерін қайта өңдеуді талап ететін жобалауға арналған тапсырмасына Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша түзетулер енгізу кезінде орындалған жұмыс көлемін ескере отырып, шартқа қосымша келісім жасалады.
Жобалауға арналған тапсырмада әуеайлақ маңындағы аумақ шегіндегі объектілерді жобалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес жүргізілетіні көрсетіледі;
2) тапсырыс беруші мемлекеттік емес инвестициялардың есебінен қаржыландырылатын жағдайды қоспағанда, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес іздестіру және (немесе) жобалау жұмыстарын, қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау үшін ұйымдарды таңдауды жүзеге асырады және олармен шарт жасасады;
3) жобалау ұйымына (бас жобалаушыға) Кодекстің 24-бабының 25) тармақшасына сәйкес сәулет, қалақұрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты, құрылыс (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын) немесе реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешімді, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды және сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын (өтініш берушімен сауалнама парағын және топографияляқ түсірілімді ұсынған кезде) жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды береді;
4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші құрылыс жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге бөлек конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді.
Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын жобаларға тапсырыс беруші сараптама жүргізу үшін өз қалауы бойынша кез келген сараптама ұйымын таңдайды;
5) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген көлемде ұсынады.
Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы:
объектiлер мен олардың кешендерін салуға және өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге), инженерлік және көлік коммуникацияларын төсеуге, аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекітуге, сондай-ақ жобаны іске асыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау үшін негіз болады;
6) жобалау ұйымының сараптама ескертулерін жоюын қамтамасыз етеді;
7) бас жобалаушыдан электрондық форматта жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманың түпкілікті нұсқасын қабылдауды жүзеге асырады;
8) өндіріс тоқтатылған (таратылған), болмаған жағдайда немесе жұмыс өндірісінің бекітілген жоспарына сәйкес құрылыс, жаңғырту, қайта құру үшін талап етілетін мерзімде жеткізу мүмкіндігінің болмауы туралы қазақстандық шығу тегін жазбаша растай отырып, өндіріс көлемі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қажетті қажеттілігін жаппайтын болса, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құндық көрсеткіштерден аспаған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушінің келісімі бойынша қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын импорттық өндірушіге ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс беруші қазақстандық тауар өндірушілерге тапсырысты хатпен жіберілетін тиісті сұрау салумен, оның тапсырылғаны туралы хабарламамен электрондық мекенжай бойынша не
6 (алты) айдан аспайтын - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
6 (алты) айдан 1 (бір) жылға дейінгі - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей;
1 (бір) жылдан астам - мердігерлік шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей құрылыс, жаңғырту, реконструкциялау мерзімі бар объектілер үшін жіберілген сұрау салуды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүгінеді.
Қазақстандық тауар өндірушімен жазбаша растау ұсыну регламенті тапсырыс беруші (мердігер) өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Қазақстандық тауар өндірушімен жазбаша растау мерзімінде ұсынылмаған жағдайда тапсырыс беруші (мердігер) тиісті растаусыз ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс беруші бекітетін, мердігер, авторлық сүйемелдеу және техникалық қадағалау қол қоятын хаттама ресімделеді;
9) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес және қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне сәйкес құндық көрсеткіштерден аспай, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген жағдайда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісім бойынша шығу тегі қазақстандық құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын басқа қазақстандық тауар өндірушіге ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс беруші бекітетін, мердігер, авторлық сүйемелдеу және техникалық қадағалау қол қоятын хаттама ресімделеді;
10) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес және қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне сәйкес құндық көрсеткіштерден аспай, техникалық сипаттамаларға сәйкес келген жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісім бойынша құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын импорттық тауар өндірушіден қазақстандық тауар өндірушіге ауыстыруды жүргізеді. Бұл ретте, тапсырыс беруші бекітетін, мердігер, авторлық сүйемелдеу және техникалық қадағалау қол қоятын хаттама ресімделеді.
11) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға енгізуге арналған жиынтық сметада жобалау-сметалық құжаттамада көрсетуге жатпайтын, құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге қажетті қаражат көлемін айқындайды.
2-параграф. Құрылысты ұйымдастыру және құрылыс алаңын игеру
13. Тапсырыс беруші құрылысты ұйымдастыру және құрылыс алаңын дайындау барысында:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғанға дейін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) 46-бабымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарлама жібереді;
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама жолдаған кезде "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен цифрлық жүйелер арқылы құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне бару жоспар-графигін ұсынуға құқылы.
2) мыналар бойынша тиісті ұйымдардан:
электр берудің әуе желілері және байланыс желілері аймағында, теміржол бөлінген белдеуде, құрылыс алаңында орналасқан жер асты коммуникацияларының өтетін орындарында, жер учаскелерінде жерасты қазба жұмыстарын жүргізу аймақтарында жұмыс жүргізуге;
егер тапсырыс берушінің құрылысы үшін жеке газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, бумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау объектілері болмаған жағдайда, құрылысты ұйымдастыру жобасына сәйкес қалаларда және басқа елді мекендерде құрылыс салу кезеңі ішінде бұрыннан бар көздерден электр энергиясын, газды, суды, буды уақытша пайдалануға;
ормандарды кесуге және ағаштарды отырғызуға рұқсат алады;
3) көрікті жерлердің аумағында, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектісін қорғау аймақтарында жүргізілетін жерге орналастыру, жер, құрылыс, мелиорациялық, шаруашылық жұмыстарды келісуді қамтамасыз етеді;
4) объектіні салу үшін геодезиялық бөлу негізін құрады;
5) тапсырыс беруші мемлекеттік емес инвестициялардың есебінен қаржыландырылатын жағдайды қоспағанда, Заңға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін мердігерді таңдауды жүзеге асырады.
Мердігерлік шарттағы жұмыстарды орындау мерзімдері жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында сараптамадан өткен құрылысты ұйымдастыру жобасына (бұдан әрі - ҚҰЖ) кіретін және шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының күнтізбелік жоспарымен, сондай-ақ күнтізбелік жоспарға байланыстырылған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру кестесімен анықталады. Бұл ретте, жұмыстарды орындаудың бастапқы және соңғы мерзімдері, сондай-ақ жұмыстардың жекелеген сатыларының аяқталу мерзімдері (аралық мерзімдері) көрсетіледі. ҚҰЖ әзірленетін негізгі құжаттардың құрамы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген;
6) заңнамада белгіленген тәртіпте авторлық сүйемелдеу және техникалық қадағалауды жүзеге асыруға шарттар жасасады.
Штатта сертификатталған мамандар болған жағдайда, техникалық қадағалауды тапсырыс берушінің өзі жүзеге асырады;
7) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу объектілері бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару жөніндегі функциялары жүктелген автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы тұлғамен жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша шаралар қабылдайды;
8) мердігерге белгіленген тәртіпте:
онымен келісілген мерзімде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты және осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларына сәйкес тиісті ұйымдардан алынған рұқсатты;
геодезиялық бөлу негізінің құрамында: құрылыс торын, қызыл сызықтарды, ғимараттың (құрылыстың) габаритін анықтайтын бас бөлу остерін, биік қада белгілерін, инженерлік коммуникациялардың, автожолдардың, электрмен жабдықтау желілерінің, байланыс, су құбыры, кәріз, жылу беру, газдандыру трассаларының бас остерін, ресімделген құрылыс үшін геодезиялық бөлу негіздерін қабылдау актісін;
бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы және құрылысқа қажетті құрылыс өндірісін ұйымдастыру бойынша нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген басқа да құжаттарды береді.
Бұл ретте, мердігер өз күшімен не мамандандырылған ұйымды тарта отырып, жұмыстарды жүргізу жобасын (бұдан әрі – ЖЖЖ) әзірлейді. ЖЖЖ әзірленетін негізгі құжаттардың құрамы осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген. ЖЖЖ жалпы объектінің құрылысына әзірленеді және жұмыстардың жеке түрлерін орындау жобаларынан тұрады;
9) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде құрылысқа мемлекеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын жобалардың, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, ресми интернет-ресурсында жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген бекітілген негізгі құрылыс материалдары, жабдықтар, бұйымдар және конструкциялар қажеттіліктерінің жиынтық ведомосін жариялауды қамтамасыз етеді;
10) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік жоспарын, кестелерін сақтай отырып құрылыстың жалпы жүргізілуіне бақылауды және объект құрылысының мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілерде мердігердің қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген қазақстанда шығарылған құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдануы бойынша бақылауды жүзеге асырады;
12) шартта көзделген жағдайларда және тәртіпте мердігерге жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға береді;
13) құрылыстың мердігерлік шарттарын жасау және орындау барысында құрылысқа қатысушылармен туындайтын келіспеушіліктерді реттейді;
14) салынып жатқан объектіге барады, қажетті атқарушы техникалық құжаттамалармен танысады;
15) мердігердің:
құрылыс алаңында биометриялық сәйкестендіру, оның ішінде бетті тану технологияларын не шынайы сәйкестендірудің өзге де құралдарын пайдалана отырып, объектідегі адамдарды сәйкестендіруді көздейтін кіруді бақылау және басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуі бойынша;
кіруді есепке алу, кіру құқықтарының аражігін ажырату, сондай-ақ объектінің аумағына барлық кіру және шығу жолдарын белгілеу мүмкіндігімен жүйенің жұмыс істеуі бойынша қамтамасыз етуін бақылайды.
Жүйе қалыптастыратын ақпарат орталықтандырылған қолжетімділікті, деректерді сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ете отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыру порталымен интеграциялануға жатады.
16) мыналар бойынша:
Мердігердің объектінің негізгі аймақтарын қамтитын стационарлық камераларды пайдалана отырып, құрылыс алаңында бейнебақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша;
Мердігердің фото- және бейнетүсірілім құралдарымен жарақтандырылған пилотсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) қолдана отырып, аумаққа тұрақты мониторинг жүргізу бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Алынатын деректер құрылыс барысын талдау, жобалық шешімдерден ауытқуларды анықтау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларының сақталуын бақылау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып өңделуге тиіс.
Жүйе қалыптастыратын ақпарат орталықтандырылған қолжетімділікті, деректерді сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ете отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыру порталымен интеграциялануға жатады.
17) авторлық сүйемелдеу және техникалық қадағалауды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік нормативтік құжаттарда, жобалау-сметалық құжаттамада белгіленген ережелерге жауап беретін, сондай-ақ шарттың талаптарына сәйкес келетін орындалған жұмыс түрлерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайды;
18) мердігерден авторлық сүйемелдеу және техникалық қадағалаудың нұсқауларын орындауды талап етеді және оларды орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін мердігерге қатысты шаралар қолданады;
19) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етеді;
20) жұмыстарды жүргізген кезде олар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынан және нормативтік ережелерден, сондай-ақ жасалған құрылыс мердігерлік шартынан ауытқитын болса, жұмыс жүргізуді тоқтатады;
21) мердігерден құрылыстың мердігерлік шартының талаптарын орындауды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген кезде жол берілген кемшіліктер мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынан ауытқуларды ақысыз жоюды талап етеді;
22) бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға түбегейлі емес сипаттағы, объектінің конструктивтік схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық немесе технологиялық жобалық шешімдеріне және бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер етпейтін ұсыныстарды қарайды және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісу бойынша, оларды кейіннен ресімдеп, сақтауға тапсырумен өзгерістерді енгізу бойынша шешім қабылдайды.
Бұл ретте, бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен салынып жатқан жобалар бойынша түбегейлі емес сипатта енгізілген өзгерістердің құны жалпы сметалық құнның 30% аспайды;
23) мердігерлік ұйымнан шарт міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіріп алу жөнінде шаралар қолданады.
3-параграф. Қаржыландыру, есепке алу және есептілік
14. Тапсырыс беруші қаржыландыру, есепке алу және есептілік саласында:
1) заңнамалық актілерде немесе шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіпте нақты орындалған жұмыстарды қабылдауды және оларға ақы төлеуді қамтамасыз етеді.
Мердiгердiң нақты шығыстары бағаны белгiлеу (сметаны және құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын тасымалдау сызбасын жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, тапсырыс беруші, жобалау-сметалық құжаттаманы мердігердің өзi жасаған немесе оның тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, шартта көзделген баға бойынша орындалған жұмыс үшін төлем жүргізеді.
Егер тапсырыс берушінің объектілерінде бірнеше әртүрлі қаржыландыру көздері болса, шығыстар сметасы әрбір инвестордың қаржыландыру көлеміне сәйкес қаражат шығысының пропорциясын сақтай отырып, әрбір инвестормен келісіледі.
2) мердігердің операциялық-шаруашылық қызметіне араласпай, орындалған жұмыстар көлемін, бағаның негізділігін, сондай-ақ мердігерлік ұйым, өнім берушілер және басқа ұйымдар орындаған жұмыс (қызмет), жеткізілген өнім және басқа жасалған шығындар үшін төлеуге ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тексереді.
Мердігердің, авторлық сүйемелдеу және техникалық қадағалаудың тиісті ұсыныстарының негізінде орындалған жұмыстар құнының өсуі немесе кемуі туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша құрылыстың сметалық құнын ұлғайту Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады;
3) бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
4) бухгалтерлiк және статистикалық есепке алуды ұйымдастырады және жүргiзедi, сондай-ақ:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (базалық-индекстік әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (ресурстық әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға қол қояды.
Орындалған жұмыстарды қабылдаудың, құрылыс үдерісінде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстар үшін есеп айырысудың тәртібі мен мерзімдері шарттық (жекелеген) бағалар каталогы негізінде тараптардың келісімі бойынша мердігерлік шартпен белгіленеді және олар үшін ай сайынғы есеп айырысулар тапсырыс беруші мен мердігер арасында келісілген нысан бойынша жүргізіледі.
Орындалған құрылыс-монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы есеп айырысудың шарттық (жекелеген) бағалар каталогын қалыптастыру кезінде конструктивтік элементтер (осы элементтердің техникалық дайындық пайызы), шартта келісілген жекелеген кезеңдер бойынша немесе шарт бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, шарттық (жекелеген) бағалар каталогын қалыптастыру, орындалған жұмыстарды қабылдау, есептесулерді жүзеге асыру тапсырыс берушінің қаржыландыру, есепке алу және есеп беру саласындағы функцияларын толық көлемде орындауын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік емес инвестициялар есебінен объектінің құрылысын жүзеге асырған кезде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін ай сайынғы есептесу тапсырыс беруші мен мердігер арасында келісілген нысандар бойынша жүргізіледі.
4-параграф. Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау, құрылысы аяқталмаған объектілердің құрылысын тоқтату және консервациялау
15. Объектіде бекітілген жобаға (жобалау-сметалық құжаттамаға) толық сәйкес барлық құрылыс-монтаж жұмыстары, аумақты абаттандыру, жабдықпен және құрал-сайманмен қамтамасыз ету орындалғаннан кейін мердігер (бас мердiгер) объектінің тапсыруға дайын екендігі туралы тапсырыс берушіге хабарлайды.
16. Тапсырыс беруші автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу объектілерін пайдалануға беруді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығымен бектіліген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11523 болып тіркелген) Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен Ұлттық жол активтері сапасы орталығы беретін жұмыстар мен материалдар сапасына сараптаманың қорытынды есебі болған кезде жүзеге асырады.
17. Мердігерден (бас мердігерден) объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама және мемлекеттік инвестициялар қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы барлық объектілерде ЦЖ-да электрондық нысанда орындалған атқарушылық құжаттамасының жиынтығын алған тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
Объектіні пайдалануға қабылдау мақсатында Тапсырыс беруші:
1) объектінің дайындығын кешенді тексеруді ұйымдастырады;
2) сынақтан өткізу мен қабылдау кезеңінде объектінің пайдаланылу режимін айқындайды;
3) қажет болған жағдайда объектіде іске қосу-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етеді;
4) мердігерден, авторлық сүйемелдеу және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардан Кодекстің 24-бабының 74) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органымен бекітілген, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы, сәйкестік туралы декларация туралы қорытынды нысаны бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен келісілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қол қойылған қорытындыларды сұратады;
объектінің азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органының өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігі туралы қол қойылған қорытынды;
5) сәйкестік туралы декларацияның, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен келісілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындының, мердігермен, техникалық қадағалау және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп объектінің өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігі туралы қорытындының негізінде мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес барлық тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы обьектілерде ЦЖ-да электрондық нысанда орындалған атқарушылық техникалық құжаттаманың болуы және жиынтығы (оның ішінде инженерлік-геодезиялық іздестірулер (атқарушылық түсірілім) тұрғысынан тексереді, Кодекстің 24-бабының 73) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органымен бекітілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің нысаны бойынша объектіні қарап тексереді және пайдалануға қабылдайды.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар негізінде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық қадағалау және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалар қол қояды.
Салынған құрылыс объектiсiн пайдалануға қабылдау Кодекстің 133-бабында және Қабылдау қағиадаларында көзделген жағдайларда меншік иелеріне (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) дербес жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38184 болып тіркелген) бекітілген тапсырыс берушінің (меншік иесінің, инвестордың) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің нысанын дербес жүргiзедi;
6) бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде объектi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылданады.
Объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалғаны туралы авторлық сүйемелдеу және (немесе) техникалық қадағалау қорытындысын алған кезде тапсырыс беруші тиісті мемлекеттік органдарға бұзушылықтарға жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту үшін жүгінеді, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды;
7) объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітеді.
Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.
Объектіні пайдалануға берген күннен бастап объектіні күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды тапсырыс беруші көтереді;
8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде обьектінің орналасқан жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына объектінің техникалық сипаттамаларын, инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты жағдайының атқарушылық геодезиялық түсірілімін және осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін жібереді;
9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы орган (Тапсырыс беруші) 10 (он) жұмыс күні ішінде инженерлік желілер мен құрылыстар мемлекеттік инвестициялар есебінен салынған инженерлік желілерді беруді қабылдау актісіне қол қояды және оны пайдаланушы ұйымға жібереді.
Жобаға сәйкес салынған желілерді Тапсырыс берушіге тәуелді емес мән-жайларға байланысты магистральдық не тарату желілеріне қосу мүмкіндігінің болмауы себебінен (бұрын жобаланған, бірақ салынбаған не қосылу жоспарланып отырған пайдалануға енгізілмеген желілердің болмауы) пайдаланушы ұйымның қабылдау-беру актісіне қол қоюдан бас тартуына себеп бола алмайды;
10) пайдаланушы ұйым жергілікті атқарушы органнан тапсыруды қабылдау актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инженерлік желілер мен құрылыстарды қарап тексеру актісін жасайды. Қарап тексеру актісін жасау кезінде пайдаланушы ұйымда ескертулер болған жағдайда Тапсырыс беруші оларды алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жояды. Бұл ретте, қарап тексеру актісін жасау кезінде пайдаланушы ұйым желілер мен жабдықтардың ақаулары табылған, сондай-ақ олардың жобалау-сметалық құжаттамасы сәйкес келмеген жағдайда ескертулерді бір-ақ рет береді.
Ескертулер осы тармақта белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, ол ескертулер толық жойылғанға дейін ұзартылады, бұл туралы жергілікті атқарушы органга 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Пайдаланушы ұйымға қайта жүгіну пайдаланушы ұйым берген ескертулер толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Желілердің (жабдықтардың) ақаулығы қарап тексеру актісін беруден бас тартуға негіз болып табылады. Қарап тексеру актісін жасау мен оған қол қою кезінде желілердің (жабдықтардың) ақаулығына байланысты емес ескертулер, оның ішінде бастапқы ескертулер тізбесіне кірмейтін қосымша ескертулер берілмейді. Қарап тексеру актісіне пайдаланушы ұйым инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс берушілер) ескертулерді жойғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды;
11) пайдаланушы ұйым Тапсырыс беруші ескертулерді жойғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарап тексеру актісін жасайды және анықталған ескертулер бойынша қарап тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсыруды қабылдау актісіне және қарап тексеру актісіне қол қояды және оны олардың жергілікті атқарушы органына жібереді;
12) жергілікті атқарушы орган тапсыруды қабылдау актісі мен қарап тексеру актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті шешіммен коммуналдық меншікке инженерлік желілер мен құрылыстарды қабылдайды және тапсыруды қабылдау актісін бекітеді, содан кейін шешім мен қабылдау актісін пайдаланушы ұйымға жібереді, ол құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілер мен құрылыстарды қызмет көрсететін объектілер тізіміне енгізеді;
13) жеке қаражат есебінен салынған сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша меншік иесі (тапсырыс беруші) мүлікті қабылдаушы тарапқа беру үшін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тиісті құжаттарды қоса бере отырып, пайдаланушы ұйымға өтінішпен жүгінеді;
14) пайдаланушы ұйым құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және ескертулер болған жағдайда бұл туралы меншік иесіне хабарлайды. Инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс беруші) 3 (үш) жұмыс күні ішінде ескертулерді жойып, пайдаланушы ұйымға жетіспейтін құжаттарды ұсынады;
15) құжаттардың толықтығын ескере отырып пайдаланушы ұйым құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде берілетін сыртқы желілер мен құрылыстарды техникалық тексеру актісін жасайды;
16) техникалық тексеру актісін жасау кезінде пайдаланушы ұйымда ескертулер болған жағдайда, инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс беруші) оларды алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде жояды. Техникалық тексеру актісін беруден бас тарту үшін желілердің (жабдықтардың) ақаулығы негіз болып табылады, бұл ретте пайдаланушы ұйым дәлелді ескертулерді бір-ақ рет береді. Желілердің (жабдықтардың) ақаулығына байланысты емес ескертулер, оның ішінде бастапқы ескертулер тізбесіне және жобалық құжаттамаға кірмейтін қосымша ескертулер берілмейді. Техникалық тексеру актісіне пайдаланушы ұйым инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс беруші) ескертулерді жойғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды;
17) пайдаланушы ұйым техникалық тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны құжаттармен бірге жергілікті атқарушы органға жібереді;
18) жергілікті атқарушы орган пайдаланушы ұйымнан құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инженерлік желілер мен құрылыстарды коммуналдық меншікке қабылдау туралы шешім қабылдайды;
19) жергілікті атқарушы орган шарт жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс беруші) қол қойған және пайдаланушы ұйыммен келісілген инженерлік желілер мен құрылыстарды тапсыруды қабылдау актісін бекітеді, сондай-ақ тапсыруды қабылдау актісі мен шартты пайдаланушы ұйымға жібереді, ал инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс беруші) пайдаланушы ұйымға инженерлік желілер мен құрылыстарға қолжетімділік ұсынады;
20) пайдаланушы ұйым Тапсырыс беруші ескертулерді жойғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарап тексеру актісін жасайды және қарап тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсыруды қабылдау актісіне қол қойып, оны мен қарап тексеру актісін жергілікті атқарушы органға жібереді;
21) жергілікті атқарушы орган тапсыруды қабылдау актісі мен қарап тексеру актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті шешіммен инженерлік желілер мен құрылыстарды коммуналдық меншікке қабылдап, тапсыруды қабылдау актісін бекітеді, содан кейін шешім мен қабылдау актісін пайдаланушы ұйымға жібереді, ол құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілер мен құрылыстарды қызмет көрсететін объектілер тізіміне қосады;
22) жеке қаражат есебінен салынған сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар бойынша меншік иесі (тапсырыс беруші) мүлікті қабылдаушы тарапқа беру үшін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тиісті құжаттарды қоса бере отырып пайдаланушы ұйымға өтінішпен жүгінеді;
23) пайдаланушы ұйым құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және ескертулер болған жағдайда бұл туралы меншік иесіне хабарлайды. Инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс беруші) ескерту алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ескертулерді жойып, пайдаланушы ұйымға жетіспейтін құжаттарды ұсынады;
24) құжаттар толық болғанын ескере отырып пайдаланушы ұйым құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде берілетін сыртқы желілер мен құрылыстарды техникалық тексеру актісін жасайды;
25) техникалық тексеру актісін жасау кезінде пайдаланушы ұйымда ескертулер болған жағдайда, инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс беруші) оларды алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде жояды. Техникалық тексеру актісін беруден бас тарту үшін желілердің (жабдықтардың) ақаулығы негіз болып табылады, бұл ретте пайдаланушы ұйым дәлелді ескертулерді бір-ақ рет береді. Желілердің (жабдықтардың) ақаулығына байланысты емес ескертулер, оның ішінде бастапқы ескертулер тізбесіне кірмейтін қосымша ескертулер берілмейді. Техникалық тексеру актісіне пайдаланушы ұйым инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс беруші) ескертулерді жойғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды;
26) пайдаланушы ұйым техникалық тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны құжаттармен бірге жергілікті атқарушы органға жібереді;
27) жергілікті атқарушы орган пайдаланушы ұйымнан құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инженерлік желілер мен құрылыстарды коммуналдық меншікке қабылдау туралы шешім қабылдайды;
28) жергілікті атқарушы орган шарт жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс беруші) қол қойған және пайдаланушы ұйыммен келісілген инженерлік желілер мен құрылыстарды тапсыруды қабылдау актісін бекітеді, сондай-ақ тапсырысты қабылдау актісі мен шартты пайдаланушы ұйымға жібереді, ал инженерлік желілер мен құрылыстардың меншік иесі (тапсырыс беруші) пайдаланушы ұйымға инженерлік желілер мен құрылыстарға қолжетімділік ұсынады;
29) құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт негізінде құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға тартылған жағдайда, құрылыс объектісінің меншік иесі немесе оны өзге де заңды негізде иеленетін тұлғалар осы тұлғаға мынадай құжаттарды тапсырадыі:
инженерлік ізденістердің нәтижелерін;
құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған жобалау ұйымы куәландырған жобалау-сметалық құжаттаманың көшірмелерін;
құрылыс жобаларының және оның барлық түзетулерінің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмелерін;
атқарушылық техникалық құжаттаманың көшірмелерін;
міндетті қосымшаларымен бірге құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін;
жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін;
технологиялық жабдықтың паспортын;
құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану үшін қажет өзге де құжаттаманы.
18. Тапсырыс беруші объектінің құрылысын тоқтату (тоқтата тұру) және консервациялау туралы шешім қабылдаған жағдайда:
1) техникалық тексеру нәтижелерінің негізінде мердігерден акт арқылы құрылысы аяқталмаған объектіні қабылдайды және консервациялау жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
2) консервациялау жұмыстарын жүргізуге сметаны бекітеді және авторлық сүйемелдеуді ұйымдастыру арқылы олардың сапалы орындалуын бақылайды;
3) құрылысы аяқталмаған объектіні консервациялау бойынша жұмыстар басталғанға дейін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 46-бабымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органға хабарлама жібереді;
4) консервациялауда тұрған кезеңде құрылысы аяқталмаған объектідегі материалдық құндылықтарға күзет ұйымдастырады.
19. Объектіні пайдаланудың кепілдік мерзімі ішінде тапсырыс беруші мердігермен және пайдаланушы ұйыммен бірігіп объектіні тексеруге қатысады және дұрыс пайдаланбау салдарынан ақаулықтарға жол берілген жағдайларды қоспағанда, мердігердің немесе оның есебінен анықталған ақауларды жоюды қамтамасыз етеді.
5-параграф. Тапсырыс берушінің жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғамен өзара іс-қимылы
20. Жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлға жобалау алдындағы сатыны және объектіні немесе бірнеше объектіні жобалау, салу және пайдалануға енгізу сатыларын қоса алғанда, бүкіл инвестициялық кезеңге не жобаны іске асырудың кез келген сатысында жұмысқа тартылады.
21. Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаны іске асырған кезде осы жобаны басқару бойынша функцияларды және мердігерлік жұмыстарды (жобалау алдындағы, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстары) біріктіруге болмайды.
22. Штатында тиісті сертификаттары бар мамандары болған жағдайда жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлға техникалық қадағалауды дербес жүргізеді және (немесе) осы жұмысқа сертификатталған мамандарды тартады.
23. Жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлға Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында белгіленген функцияларды орындайды.
24. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерге ақы төлеу объектілерді салу бойынша орындалған жұмыстар көлемінің құнына барабар жүргізіледі.
Мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен салынып жатқан объектілер үшін инжинирингтік қызметтерді тартуға арналған шығыстарды төлеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес бекітілген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамада көзделген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады.
Жобалау шешімдерін өзгертпей объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы түзеткен жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсетуге бұрын жасалған шарттың бағасы ұлғайтуға жатпайды.
| Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Тапсырыс беруші ________________________________________________
(ұйымның атауы)
"БЕКІТІЛДІ"
Құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға
беруге арналған жиынтық смета, сомада _______________ мың теңге оның ішінде:
қосылған құн салығы _______________ мың теңге
_______________________________________________________________
(бекіту туралы құжатқа сілтеме, оның күні мен нөмірі)
Құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға енгізуге арналған
жиынтық смета ____________________________________________________________
(ұйымның, ғимараттың, құрылыстың атауы)
20 __ жылғы жағдай бойынша ағымдағы бағаларда жасалды.
Реттік нөмірі | Сметалардың, есептеулердің нөмірлері | Шығындар атауы | Сметалық құны, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ұйым басшысы ___________________ _____________
(лауазымы, қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
| Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
Құрылысты ұйымдастыру жобасында әзірленетін негізгі құжаттар құрамы
1. Құрылыстың күнтізбелік (объектілі) жоспары, онда негізгі және қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды салу мерзімдері мен кезектілігі, күрделі салымдарды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін бөлу айқындалады.
2. Құрылыстың бас жоспары, онда тұрақты және уақытша ғимараттар мен құрылыстардың, жолдардың, инженерлік желілердің орналасқан жері, электр энергиясы, су, жылу, бу көздерін көрсете отырып, қолданыстағы желілерге уақытша инженерлік коммуникацияларды қосу, сондай-ақ қойма алаңдарын, негізгі монтаждау крандарын және басқа механикаландырылған қондырғыларды, тарату желілерінің бөлу белгілерін, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру орындары көрсетілген.
Егер ұйымдастыру-техникалық шешімдері құрылыс алаңымен жанасатын аумақты қамтитын болса, онда материалдық-техникалық база кәсіпорны, карьерлер, тұрғын кенттері, сыртқы жолдар (олардың ұзындығын және өткізу қабілеттілігін көрсете отырып), темір жолдар, жанасу станциялары, теңіз, өзен айлақтары, байланыс желілер, электр желілер, ағашты кесу және басқа бар объектілер көрсетілген құрылыстың бас жоспарынан басқа, ахуалдық жоспар әзірленеді.
3. Ғимараттар мен құрылыстарды салудың оңтайлы жүйелілігін анықтайтын ұйымдастырушылық-технологиялық схемалар.
4. Негізгі құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстар көлемдерінің ведомосы.
5. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығымен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпарат элементтерін әзірлеу және бекіту Қағидаларына сәйкес бекітілген құрылыс ресурстары сыныптауышынан негізгі құрылыс ресурстарының кодтарын көрсете отырып, күнтізбелік (объектілік) жоспардың графикалық бөлігімен уақыт бойынша байланыстырылған құрылыс конструкцияларына, бұйымдарына, материалдары мен жабдықтарына қажеттілік тізімдемесі.
6. Уақыты бойынша күнтізбелік (объектілі) жоспардың графикалық бөлімімен үйлестірілген негізгі құрылыс машиналары және көлік құралдары қажеттілігінің кестесі.
7. Уақыты бойынша күнтізбелік (объектілі) жоспардың графикалық бөлімімен үйлестірілген құрылыс кадрлары қажеттілігінің кестесі.
8. Түсіндірме жазба, онда құрылыс жағдайларының сипаттамасымен қатар, жұмыс жүргізу және оларды қоса атқару, оның ішінде қысқы жағдайдағы маусымдық сипатта вахталық әдіспен орындалатын жұмыс әдістері негізделеді. Еңбекті қорғау, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар көзделеді. Негізгі құрылыс машиналары және механизмдері, көлік құралдары, электр энергиясы, бу, су, оттегі, қысылған ауа қажеттілігіне негізделеді.
Кадрлардың, тұрғын үйлердің, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің қажеттілігі, құрылыстың ұзақтығы негізделеді.
Құрылысты ұйымдастыру жобасында мынадай техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі:
құрылыстың, оның ішінде дайындық кезеңінің және жабдықтарды монтаждау кезеңінің жалпы ұзақтығы (аймен);
жұмыскерлердің ең көп саны;
ірілендірілген нормалар бойынша еңбек шығындары ведомосіне енгізілген құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін еңбек шығыны (адам/күн), оның негізінде объектілі күнтізбелік жоспардың есептеу бөлігі жасалады.
Құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамы мен мазмұны құрылысты ұйымдастыру жобасының жасалуы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес құрылыс объектісінің күрделілігін есепке ала отырып, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерге байланысты толықтырылады.
| Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша |
Жұмыс жүргізу жобасында әзірленетін негізгі құжаттар құрамы
1. Жұмыс орындарын ұйымдастырудың технологиялық схемалары.
2. Қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттардың ережелеріне сәйкес қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша шешімдер, өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар.
3. Толассыз ағынды бригадалық мердігерлің әдіспен жұмыстарды орындау бойынша іс-шаралар.
4. Қажет болған жағдайда вахталық әдіспен жұмыстарды орындау бойынша іс-шаралар.
5. Уақытша инженерлік-коммуникациялық желілерді төсеу, оның ішінде авариялық жарықтандыру бойынша шешімдер.
6. Технологиялық құрал-сайман мен монтаждау жабдықтарының, сондай-ақ жүктерді ілу схемаларының тізбесі.
7. Жұмыс өндірісі, оның ішінде қысқы уақытта орындалатындар бойынша негізделген шешімдермен қатар, энергетикалық ресурстарға қажеттілік және оны жабу жөніндегі шешімдер, барлық уақытша, ұтқыр мүкәммалдық ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың тізбесі, материалдар мен конструкциялардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар келтірілген түсіндірме жазба.
Сондай-ақ қолданыстағы және салынып жатқан объектілерді бүлінуден қорғау бойынша іс-шаралар келтіріледі (көктемгі су тасқынын өткізу, оң температура кезінде болатын біркелкі емес ерулер, қысқы мерзімде орындалатын жеке жұмыс түрлері).
8. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мен орындалу ұзақтығын, механикаландыру деңгейін, ғимараттың 1 м3 текше метр алаңына, жұмыстардың физикалық көлеміне немесе еңбек өнімділігі үшін қабылданған өзге көрсеткішке шаққандағы еңбек өнімділігін қоса алғанда, техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
| Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Тапсырыс беруші: _______________________________________________
(толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)
Мердігер: ______________________________________________________
(толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)
Құрылыс: ______________________________________________________
(атауы, мекенжайы)
Объект: ________________________________________________________
(атауы)
_______________ № _______ мердігерлік шарт (келісімшарт)
Орындалған жұмыстар актісі ___________ (жылы, айы) ________________________ жұмыстары үшін
Негіздеме:
20__ жылғы бағада жасал(ды)ған
Нөмірі | Норматив позициясының шифры | Жұмыстар мен шығындардың атауы, өлшем бірлігі | Саны | Бірліктің құны, теңге | Жалпы құны, теңге | Үстеме шығыстар, теңге | Еңбек шығындары, адам-сағат, құрылысшы жұмысшылар, машиналарға қызмет етуші жұмысшылар | Жасалған елі | ||||
Реттік саны | Смета бойынша | Барлығы, құрылысшы- жұмысшылардың жалақысы | Машиналарды пайдалану, оның ішінде машинистердің жалақысы | Барлығы, құрылысшы- жұмысшылардың жалақысы | Машиналарды пайдалану, оның машинистер-дің жалақысы | |||||||
бірлігі | барлығы | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Барлық тікелей шығындар
оның ішінде мыналардың құны:
материалдар, бұйымдар және конструкциялар жабдықтар өзге де шығындар
Үстеме шығыстар:
жалақы
еңбек сыйымдылығы
Нормаланбаған және күтпеген шығындар
20__ жылғы базалық құнының жиыны:
Сметалық жалақысы
Нормативтік еңбек сыйымдылығы
Ағымдағы бағалардың жиыны:
Салықтар, алымдар, міндетті төлемдер
Жиыны:
Қосылған құн салығы:
Барлығы:
Тапсырды (Мердігер) | Қабылдады (Тапсырыс беруші) | |
________________________________________ |
____________________________________________ | |
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы) |
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы) |
Мөр орны (бар болған жағдайда) Техникалық қадағалау маманы(дары):
_______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі,
сертификат №, қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Құрылыс жобасын әзірлеушілер немесе авторлық сүйемелдеу маманы(дары):
_______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, сертификат №, қолы)
Ескертпе:
1. Нысан базалық-индекстік әдісті пайдалану арқылы құрылған сметалар бойынша орындалған жұмыстар актілері үшін қолданылады.
2. 13-бағанда, орындалған жұмыстардың актісінде бөлек жолақта ескерілген сол материалдық ресурстар және жабдықтардың мәліметі көрсетіледі.
| Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша |
Тапсырыс беруші: _______________________________________________
(толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)
Мердігер: ___________________________________________________
(толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)
Құрылыс: _________________________________________________атауы, мекенжайы)
Объект: _____________________________________________________(атауы)
_____________ №_______ мердігерлік шарт (келісімшарт)
Орындалған жұмыстар актісі__________ (жылы, айы) ________________________
жұмыстары үшін
Негіздеме: 20__ жылғы бағада жасал(ды)ған, теңге
Реті бойынша нөмір | Жергілікті смета позициясының нөмірі | Норматив позициясының шифры, ресурс коды | Жұмыстар мен шығындардың атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік құны, теңге | Жалпы құны, теңге | Жаслаған елі | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | ||
Тапсырды (Мердігер) | Қабылдады (Тапсырыс беруші) | |||||||||
________________________________________ |
____________________________________________ | |||||||||
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы) |
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы) | |||||||||
Акт бойынша барлығы:______________________________________
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Техникалық қадағалау маманы(дары): ___________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі,
сертификат №, қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Құрылыс жобасын әзірлеушілер немесе авторлық сүйемелдеу
маманы(дары)___________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, сертификат немесе бұйрық №, қолы)
Ескертпе: 1. Нысан ресурстық әдісті пайдалану арқылы құрылған сметалар бойынша орындалған жұмыстар актілері үшін қолданылады.
2. 9-бағанда, орындалған жұмыстардың актісінде бөлек жолақта ескерілген сол материалдық ресурстар және жабдықтардың мәліметі көрсетіледі.
Орындалған жұмыстар актісіне Материалдық ресурстар мен жабдықтардың жиынтық ведомості _________________________ (ғимарттың,үйдің, объектінің, құрылыстың атауы)
Негіздеме: Орындалған жұмыстар актісі ________________________
№, Реті бойынша нөмірі | Ресурстар коды | Ресурстар атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Тауардың шығу тегі (өндіруші ел) | CT-KZ сертификаты (болған жағдайда) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Материалдар (ранжирленген тәртіппен)
Жабдық (ранжирленген тәртіппен)
| Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша Нысан |
Тапсырыс беруші:
Мердігер:
Құрылыстың атауы және оның мекенжайы:
Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтама (базалық-индекстік әдіс бойынша)
20__жылғы ____________
Код | Код | Шарт | Қаржыландыру көзі | Ұйымдастыру-құқықтық нысаны | |||||||||
тапсырыс беруші | мердігер | нөмірі | күні | атауы | коды | атауы | коды | ||||||
Іске қосу кешендерінің, объектілердің атауы | Орындалған жұмыстардың құны және шығындар, мың теңгеде | қосымша құн салығы | Барлығы төлемге | ||||||||||
Қосымша құн салығын қоса алғанда, жылдың басынан бастап есептік айға дейін | Қосымша құн салығын сыз есепті айда (___) үшін | 1-бағаннан | |||||||||||
20__ жылғы базалық баға деңгейіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны | оның ішінде | 20__ жылғы базалық баға деңгейіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары құрамына кірмейтін өзге де шығындардың құны | қосымша шығындар | ||||||||||
есепті айда | жабдықты монтаждау бойынша | материалдарды сатып алуға | басқа қосымша шығыстар | ||||||||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |||
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Тапсырыс беруші ________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Мердігер _______________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Техникалық қадағалау жөніндегі маманы(дар): ______________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, сертификат №, қолы)
| Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша Нысан |
Тапсырыс беруші:
Мердігер:
Құрылыстың атауы және оның мекенжайы:
Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтама (ресурстық әдіс бойынша) 20___ жылғы __________
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/Жеке сәйкестендiру нөмiрі | Ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышы | Шарт | Қаржыландыру көзі | ||||||||||
тапсырыс беруші | мердігер | тапсырыс беруші | мердігер | нөмірі | күні | Бағдарлама/ кіші бағдарлама/ерекшелік атауы | коды | ||||||
Іске қосу кешендерінің, объектілерінің атауы | Орындалған жұмыстардың құны мен шығындар, теңге | Қосымша құн салығы | барлығы | ||||||||||
құрылыс басынан бастап есепті айға дейін | жылдың басынан бастап есепті айға дейін | есепті айда, қосымша құн салығынсыз | оның ішінде: | ||||||||||
құрылыс-мондаждау жұмыстары | Жабдықдардың, жиһаз және мүккәммалдың | Басқа шығындар | |||||||||||
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |||||
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Тапсырыс беруші ______________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Мердігер __________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Техникалық қадағалау маманы (дары): _________________________
(лауазымы, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайды), қолы, бизнес сәйкестендіру
нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, сертификат №, қолы, мөрі)
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 330 бұйрыққа 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 10795 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 сәуірдегі № 255 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 15196 болып тіркелген).
3. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 854 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 16132 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 135 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 16499 болып тіркелген).
5. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 308 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16943 болып тіркелген).
6. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 656 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17420 болып тіркелген).
7. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 178 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18476 болып тіркелген).
8. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 470 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18967 болып тіркелген).
9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 142 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20169 болып тіркелген).
10. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 513 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21369 болып тіркелген).
11. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 590 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21605 болып тіркелген).
12. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 189 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22623 болып тіркелген).
13. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 5 тамыздағы № 420 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23902 болып тіркелген).
14. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 625 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30589 болып тіркелген).
15. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 762 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31542 болып тіркелген).
16. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 392 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32623 болып тіркелген).
17. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 3 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33432 болып тіркелген).
18. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 102 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33722 болып тіркелген).
19. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 171 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33841 болып тіркелген).
20. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34381 болып тіркелген).
21. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына және "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 269 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34775 болып тіркелген).
22. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 336 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35133 болып тіркелген).
23. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 107 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35914 болып тіркелген).
24. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 167 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36129 болып тіркелген).
25. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" және 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 "Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 232 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36367 болып тіркелген).
26. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 17 шiлдедегi № 266 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36474 болып тіркелген).
27. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 341 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36808 болып тіркелген).
28. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 465 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37300 болып тіркелген).
29. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38463 болып тіркелген).