БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 266 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 сәуірде № 10795 тіркелді) келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидалары:
9-тармақ мынадай мазмұндамен толықтырылсын:
"9. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау кезінде тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес:
мемлекеттік, салалық бағдарламалар және аумақтардың даму бағдарламалары шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуын негіздейтін инвестициялық ұсыныстарды;
концессиялық ұсыныстарды;
техникалық-экономикалық негіздемелерді, қаржылық-экономикалық негіздемелерді, инвестициялардың негіздемесін әзірлеуді жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақ толықтырылсын:
"9-1. Тапсырыс беруші техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған тапсырманы бекітуге дейін құрылыстың жеке жобалары бойынша жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық күрделі объектілерге (бұдан әрі – өндірістік мақсаттағы және желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілер) жатқызудың жалпы тәртібін айқындау Қағидалары 4-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, олар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас объектілер жоқ жүз миллион айлық есептік көрсеткіштерден астам инвестициялар көлемімен өндірістік мақсаттағы және инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымның инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымның желілік құрылыстағы техникалық және (немесе) технологиялық күрделі объектілердің жаңа құрылысының инвестициялық жобаларын жобалау кезінде жобаланатын объектінің қуат бірлігінің инвестициялық құнын, тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісуді жүзеге асырады.";
10-тармақ 1) тармақша мынадай мазмұндамен толықтырылсын:
"Өндірістік мақсаттағы және желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге арналған техникалық тапсырмада немесе жобалауға арналған тапсырмада тиісті саланың басшылығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткіші көрсетіледі.
Жобалау процесінде қосылған құн салығы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасының өзгеруі жағдайында қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткішінің жағдайларды қоспағанда, бұрын бекітілген техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы және жобалауға арналған тапсырмаға түзету және нақтылау кезінде қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткіші өзгертуге жатпайды.
бұдан әрі – өндірістік мақсаттағы және желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілерді жаңа салудың инвестициялық жобалары бойынша жобалауға арналған тапсырмада бекітілген қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткішінен асуына жол берілмейді.
Тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының қосылған құн салығы бойынша салық заңнамасы өзгерген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес күтпеген шығыстар болған жағдайларда, баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қоса алғанда, қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткішін түзетуге жол беріледі. сметалық нормалар.
Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындау шартының ажырамас бөлігі және оны тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану шарты белгіленеді.
Жобалауға арналған тапсырмада Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдар және басқа да халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ "Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32613 болып тіркелген) сәйкес еңбек жағдайларын жасау шарты белгіленеді.
Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада "Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген) Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларына сәйкес жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын Құрылыс жобаларының (ТЭН, ТП, ЖҚС) мемлекеттік банкіне енгізу, оның ішінде мүліктік (айрықша) құқықтарды беру туралы шартқа қол қою шарты белгіленеді.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейтін және мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен қаржыландырылатын экономиканың барлық салаларындағы әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді жобалауға арналған тапсырмада инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құны туралы тапсырыс берушінің шарты белгіленеді.
Құрылыстың есептік шекті құны құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде инвестициялық жобаны іске асыру үшін қаражат лимиті болып табылады.
Жобалау процесінде жобаларды іске асыру үшін тапсырыс беруші қаражатының жалпы (шекті) лимиті болып табылатын құрылыстың есептік шекті құнынын қоспағанда, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалауға арналған тапсырма түзетіледі және нақтыланады. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде алынған құрылыстың сметалық құны бекітілген жобалауға арналған тапсырмада жазылған инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құнынан аспауы тиіс. Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша жобалауға арналған тапсырмаға түзетулер енгізілген кезде жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының әзірленген бөлімдерін қайта өңдеуді қажет ететін болса, онда орындалған жұмыс көлемін ескере отырып, шартқа қосымша келісім жасалады.
Әуеайлақ маңындағы аумақ шегінде объектілерді жобалауға арналған тапсырмада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы №504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес жүргізіледі;";
10-тармақ 4) тармақша мынадай мазмұндамен толықтырылсын:
4) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге бөлек конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді.
Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын жобаларға тапсырыс беруші сараптама жүргізу үшін өз қалауы бойынша кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдайды;".
2. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10722 тіркелді) келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 20-2-тармақпен толықтырылсын:
"20-2. Тапсырыс беруші техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған техникалық тапсырмада немесе жобалауға арналған тапсырмаға әзірлеуге арналған тапсырмада кешенді ведомстводан тыс сараптаманы жүргізу үшін тиісті саланың басшылығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткіші көрсетіледі.
Тапсырыс беруші бекіткен тиісті саланың басшылығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткішінің техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған техникалық тапсырмада немесе жобалауға арналған тапсырмаға арналған тапсырмада болмауы кезінде техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттамасы қарастырусыз қайтарылады.
Тапсырыс беруші жобаланатын объектінің қуат бірлігінің инивестициялық құнын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау Қағидаларының 4-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас объектілер жоқ жүз миллион айлық есептік көрсеткіштерден астам инвестициялар көлемімен өндірістік мақсаттағы және инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымның желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілердің жаңа құрылысына айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 20-2-тармақпен толықтырылсын:
"20-3. Қуат бірлігінің инвестициялық құны көрсеткішін келісу мерзімі құжаттардың толық жиынтығы тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Құжаттар беру және қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткішін келісу азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.";
72-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) егер, есептік үлестік инвестициялық шығындар жобалауға арналған техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге арналған техникалық тапсырмада немесе жобалауға арналған тапсырмада бекітілген қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткішінен асатын жағдайда теріс сараптамалық қорытынды.";
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) құрылыстың жеке жобалары бойынша жүзеге асырылатын жүз миллион айлық есептік көрсеткіштен астам инвестициялардың көлемімен өндірістік мақсаттағы немесе инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымның желілік құрылыстағы техникалық және (немесе) технологиялық күрделі жаңа объектілер үшін тиісті саланың басшылығын жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген жобаланатын объектінің қуат бірлігінің инвестициялық құн көрсеткіші ұсынылады.";
3. "Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12527 болып тіркелді) келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) өндірістік объектінің қуат бірлігі инвестициялық құнының көрсеткіші – тапсырыс беруші белгілеген және тиісті саланың басшылығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген оның функционалдық мақсатын ескере отырып, жобаланатын объектінің қуат өлшемі бірлігіне арналған экономикалық көрсеткіштер шамасы бойынша жобалау шектеуі;";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткіші объектіпі пайдалануға беру жылына арналған объект қуатының өлшем бірлігіне есептелген шығындар түрлері бойынша нақтылаумен осы Қағидалардың 7-тармағымен қарастырылған шығындарды ескереді.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Құрылыстың жеке жобалары бойынша жүзеге асырылатын (бұдан әрі – бұдан әрі – өндірістік мақсаттағы және желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілер) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының 4-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас объектілер жоқ жүз миллион айлық есептік көрсеткіштерден астам инвестициялар көлемімен өндірістік мақсаттағы және инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымның желілік құрылыстағы техникалық күрделі объектілердің жаңа құрылысының инвестициялық жобалары бойынша қайта енгізілетін өндірістік қуаттың бірлігіне арналған үлестік инвестициялық шығындар техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған техникалық тапсырмада және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырмада бекітілген қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткішінен аспайды.
Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұқсас объектілердің құжаттамасын ұсына отырып, тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген неғұрлым тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар іске асырылған шетелдік ұқсас объектілердің деректері бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткішін айқындайды.
Қолданылатын деректер жобаланатын объектінің функционалдық мақсатына және техникалық сипаттамаларына, сондай-ақ, баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар мен сметалық нормаларды қоса алғанда Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Шетел валютасындағы құн көрсеткіштері тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен құн көрсеткіші келісілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен аударылады.
Салалық заңнама нормалары шеңберінде реттелетін инвестициялық жобалар бойынша шығындардың қуат бірлігі инвестициялық құнының көрсеткішінде тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректері бойынша ескеріледі.
Қуат бірлігі инвестициялық құнының көрсеткіші тиісті салаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісіледі.".