"Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 295 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 маусымда № 39065 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21367 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Грант технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде цифрлық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізу үшін беріледі";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      мына:

      "

Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, цифрлық технологиялар

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және онбірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады