Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 22/36 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 маусымда № 39062 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
Н. Абдиров

  Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 22/36 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "2007 жылы төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауда және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлауда дауыс беру уақытында сайлау бюллетеньдерін пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау коссиясынының 2007 жылғы 15 тамыздағы № 109/237 Қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4875 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9572 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 33/129 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13723 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау кимиссиясының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 42/139 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14073 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 42/139 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2017 жылғы 18 наурыздағы № 7/155 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15059 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 8/156 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15071 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 5/182 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16798 болып тіркелген).

      8. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 11/306 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20850 болып тіркелген).

      9. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 22/464 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27373 болып тіркелген).

      10. "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 132/627 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларына Тізбесінің 1-тармағы (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31291 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады