Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 маусымда № 39052 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 261 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32571 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидаларында:

      22-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған жәрдемақылар мөлшерін есептеудің, шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан кейін Мемлекеттік корпорация бөлімшесі электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорацияның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдарына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация филиалы) жібереді";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Жәрдемақылар Мемлекеттік корпорациясы астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде жасаған жәрдемақы төлеу жөніндегі графикке сәйкес жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған шешім негізінде төленеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 17, 18, 19-қосымшаларының орыс тіліндегі мәтіндеріне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіндері өзгермейді.

      2. "Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32851 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларында:

      19-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған жәрдемақылар мөлшерін есептеудің, шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан кейін Мемлекеттік корпорация бөлімшесі электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорацияның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдарына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация филиалы) жібереді.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Жәрдемақылар Мемлекеттік корпорациясы астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде жасаған жәрдемақы төлеу жөніндегі графикке сәйкес жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған шешім негізінде төленеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 15 және 16-қосымшаларының орыс тіліндегі мәтіндеріне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіндері өзгермейді.

      3. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38809 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың Тізбесінде:

      2-тармақтың жетпіс төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның, қандастың жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі, оның ішінде цифрлық жүйелерден анықталғаны туралы;";

      5-тармақтың елу екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шетел азаматының немесе қандастың жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі, оның ішінде цифрлық жүйелерден анықталғаны туралы;";

      көрсетілген Тізбеге 3-қосымшада:

      реттік нөмірі 10-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
Қандас мәртебесі бар адамдар бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындауға жүгінген кезде қандас куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) ұсынады;

      ";

      көрсетілген Тізбеге 7-қосымшада:

      реттік нөмірі 10-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) жеке куәлік (жеке куәлік, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Қандас мәртебесі бар адамдардың көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған кезде қандас куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      ";

      көрсетілген Тізбеге 11-қосымшада:

      реттік нөмірі 10-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      ";

      көрсетілген Тізбеге 29-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Тізбеге 80-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады