"Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 22 маусымдағы № 65 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 маусымда № 39035 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі айқындалады.";

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) АЦЖ – Ұлттық Банктің автоматтандырылған цифрлық жүйелері;".

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ұлттық валютаның ресми бағамы – теңгенің Қағидаларға қосымшаға сәйкес шетел валюталарына қатысты Ұлттық Банк белгілейтін теңге бағамы. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібіне ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты Астана қаласының уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.

      4. Қағидаларға қосымшада көрсетілген басқа шетел валюталары бойынша ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамын Ұлттық Банк қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күні Астана қаласының уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша ақпараттық агенттіктің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне ресми бағам ретінде белгіленеді.";

      6-тармақтың екінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжат қол қойылған күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін Ұлттық Банктің бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және басқа мүдделі ұйымдарға деректерді ресми байланыс арналары (ақпарат берудің және төлемдер жасаудың банкаралық жүйесі (SWIFT)) және электрондық пошта арқылы беру жолымен жіберіледі.

      11. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамы (шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары) туралы ақпарат белгіленген күні Астана қаласының уақытымен сағат 24.00-ге дейін ААЖ-ға енгізіледі.";

      қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап осы қаулының 1-тармағының он сегізінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "11. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамы (шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары) туралы ақпарат белгіленген күні Астана қаласының уақытымен сағат 24.00-ге дейін АЦЖ-ға енгізіледі.".

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
  2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 65 Қаулыға
қосымша
  Ұлттық валютасының шетел
валюталарына ресми бағамын
белгілеу қағидаларына
қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі

Шетел валютасының атауы

1

Аустралия доллары (AUD)

2

Әзербайжан манаты (AZN)

3

Армян драмы (AMD)

4

Беларусь рублі (BYN)

5

Бразилия реалы (BRL)

6

Мажарстан форинті (HUF)

7

Корея Республикасының вонасы (KRW)

8

Гонконг доллары (HKD)

9

Грузин лариі (GEL)

10

Дат кронасы (DKK)

11

БАӘ дирхамы (AED)

12

АҚШ доллары (USD)

13

Еуро (EUR)

14

Үнді рупиясы (INR)

15

Иран риалы (IRR)

16

Канада доллары (CAD)

17

Қытай юані (CNY)

18

Қырғыз сомы (KGS)

19

Кувейт динары (KWD)

20

Малайзия ринггиті (MYR)

21

Мексика песосы (MXN)

22

Молдова лейі (MDL)

23

Норвегия кронасы (NOK)

24

Польша злотыйы (PLN)

25

Ресей рублі (RUB)

26

Сауд Арабиясының риалы (SAR)

27

СДР (XDR)

28

Сингапур доллары (SGD)

29

Тәжік сомониі (TJS)

30

Тайланд баты (THB)

31

Түрік лирасы (TRY)

32

Өзбек сумы (UZS)

33

Украина гривнасы (UAH)

34

Біріккен Корольдіктің фунт стерлингі (GBP)

35

Чех кронасы (CZK)

36

Швед кронасы (SEK)

37

Швейцария франкі (CHF)

38

Оңтүстік Африка ранды (ZAR)

39

Жапон иені (JPY)

40

Румын лейі (RON)

41

Вьетнам донгы (VND)

42

Израиль шекелі (ILS)

43

Индонезия рупиясы (IDR)

44

Моңғолия тұғрықы (MNT)

45

Қатар риалы (QAR)

46

Оман риалы (OMR)

47

Мысыр фунты (EGP)

48

Пәкістан рупиясы (PKR)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады