"Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 маусымда № 39001 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) халық қатысатын бюджет – Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы;";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлау астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған есептілігі, заттай нормалар, ең төмен әлеуметтік стандарттар, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым стандарттары, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі негізінде шығыстарды шолу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мониторингтеу және нәтижелерді бағалау қорытындылары ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      8-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Жоғары аудиторлық палатаның (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ревизиялық комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік органдардың немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары, мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер, мониторинг пен нәтижелерді бағалау қорытындылары негізінде бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру үшін айқындалады.";

      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 7 маусымынан кешіктірмей Республикалық бюджет комиссиясының қарауына, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 25 мамырынан кешіктірмей жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізеді.";

      46-тармақтың 19-тармақшасы екінші бөлігінің он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспары шеңберінде Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың инвестициялық жоспарында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың (бұдан әрі – ЖБИ) атауы және шығыстар сомалары көрсетіле отырып, төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде есепті екі қаржы жылындағы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылуы туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне өңірлер инфрақұрылыммен орташа республикалық деңгейден төмен қамтамасыз етілген кезде МЖЖ құжаттарының мақсаттарына, міндеттеріне, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне сәйкес тиісті саланың орталық уәкілетті органдарының ұсыныстарына сәйкес бөлінеді.";

      62-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға немесе астана бюджетінен, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала бюджетінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға:";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе астана бюджетінен, облыстық бюджеттен немесе республикалық маңызы бар қала бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган № 59 бұйрығында белгіленген талаптарға сай келетін ЖБИ енгізеді.";

      64-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттармен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға ұсынылатын объектілер бөлісіндегі ЖБИ тізбесін астана бюджетінен, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала бюджетінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкім аппараты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жібереді.";

      65-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар жобаларының паспорттары мен бюджеттік сұранымды астана бюджетінен, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала бюджетінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкім аппараты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жібереді.";

      68-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;";

      70-тармақта:

      1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауын;";

      3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, түпкілікті нәтиже көрсеткіштері бар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларының паспорттарын, есеп-қисаптарды және оларды астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын қалыптастыруды;";

      5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) астана бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қамтиды.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын № 35 бұйрыққа сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган әзiрлейдi.";

      74-тармақта:

      1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) астана, республикалық маңызы бар қалалар;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және аудандары бар облыстық маңызы бар қалаларда халық қатысатын бюджеттер қаладағы аудандар деңгейінде ғана іске асырылады.";

      75-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігі Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджеттің іске асырылу ережелерін айқындайды.";

      77-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Ағымдағы қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі астана, республикалық және облыстық маңызы бар қаладағы аудандар, облыстық және аудандық маңызы бар қала үшін үшін жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды қоспағанда, 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 10%-дан төмен болмауы тиіс.";

      екінші бөліктің 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жетпіс бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен;";

      79-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Астана, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қала бюджеттерінің қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:";

      84-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде тиісті астананың, республикалық, облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі, қаладағы аудан және аудандық маңызы бар қаланың әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың әкімдері халықпен кездесу барысында оларды халық қатысатын бюджеттер шеңберінде іске асырылатын жобалық ұсыныстар туралы хабардар етеді.";

      89, 90, 91, 92, 93, 94, 95 және 96-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Астана бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік Кодекстің 72-бабының 6-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.

      90. Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет жобасымен бір мезгілде тиісті мәслхатқа мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

      2) астана бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;

      3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарын немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының жобасын;

      4) шығыстарды шолуды, оны жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;

      5) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бекітілген даму жоспары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;

      6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;

      7) кірістерді бөлу нормативтері жөніндегі ақпаратты;

      8) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыш түрлері бойынша жергілікті атқарушы орган борышының ағымдағы жай-күйі, жергілікті атқарушы органның борышын өтеу есебіне төленген ақша сомалары және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелері бойынша төленген ақша сомалары туралы мәліметтерді;

      9) жергілікті атқарушы орган есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша тартқан қарыздар туралы деректерді;

      10) қарыздардың түрлері, алынған көздері, шарттары бөлінісінде жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі ақпаратты;

      11) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

      Түсіндірме жазбаға:

      астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының нысаналы индикаторлары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеуі туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген сома айырмасына жергілікті бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделмеген, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мәлімдеген шығыстардың көлемі туралы ақпарат енгізіледі;

      12) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:

      есеп-қисаптары жоқ бюджеттік сұранымды;

      жергілікті бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларын (іс-шаралар жоспарларының жобаларын) немесе даму жоспарларын (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының жобаларын);

      мынадай:

      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;

      ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасы;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мақсаттар мен жоспарланатын нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының, оның ішінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жоспарланатын бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептерінің сипаттамасы;

      астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген нысаналы индикаторлар мен жоспарланатын түпкілікті нәтижелердің сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы;

      алдыңғы қаржы жылдарында бөлінген және пайдаланылған шығыстардың сомалары көрсетіле отырып, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспары шеңберінде Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың инвестициялық жоспарына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын, басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.

      91. Астана бюджетін, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

      92. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала бюджетінің жобасын жасайды және оны астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      93. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Кодекстің 87-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу үшін астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың ревизиялық комиссиясына қарауға ұсынады.

      94. Жоспарлы кезеңге арналған астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала бюджетінің жобасы Кодекстің 9-бабына және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.

      95. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының астана бюджетінің, облыстық бюджеттің және республикалық маңызы бар қала бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде астана бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының қарауына ұсынады.

      96. Астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала бюджетінің жобасын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

      Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала бюджетінің жобасымен бір мезгілде осы Қағидалардың 90-тармағына сәйкес құжаттар мен материалдарды ұсынады.".

      Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тілінде мәтіні өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады