ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жерлердің ірі масштабты топырақ іздестірулерінің нәтижелері (топырақ карталары мен картограммалары) мемлекеттік жер кадастрының цифрлық жүйесіне жұмыстар орындалған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін енгізіледі.";
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) картографиялық: қағаз және цифрлық тасығыштардағы фотожоспарлар, аэрофотосуреттер, ғарыштық суреттер және мемлекеттік жер кадастрының цифрлық жүйесінің цифрлық деректері;";
58-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) түпкілікті цифрлық топырақ картасын жасау;";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Цифрлық топырақ картасының түпкілікті нұсқасын жасау үшін нақтыланған далалық топырақ картасынан (фотожоспарлар, аэротүсірілімдерді контактілі басып шығару, топографиялық карта) дайындалған жұмыс негізіне талданатын топырақ қазбалары, топырақ контурларының шекаралары және топырақ контурының шифры көшіріледі.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Кескіндердің талдамалық деректері мен бөліп көрсетілген топырақ контурлары негізінде түпкілікті цифрлық топырақ картасы жасалады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
