"Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 365 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 мамырда № 38780 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11043 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Теміржол көлігі туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Теміржол көлiгімен жүктерді тасымалдау кезiнде әскерилендiрілген күзетті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағының 34-4) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және темiржол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезінде әскерилендiрілген күзетті қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалардағы ұғымдар Қазақстан Республикасының "Темiржол көлігі туралы" және "Күзет қызметi туралы" заңдарында айқындалған мағынада пайдаланылады".";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жүктердi күзетудi "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілер жүргiзедi.".";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Әскерилендірілген теміржол күзеті үздіксіз күзетті қамтамасыз ету мақсатында транзиттік теміржол жүк тасымалдарын жүзеге асыруға тартылған терминалдардың аумақтарында үшінші тұлғаларға жүктер мен теміржол көлігі объектілерін күзету бойынша қызметтер көрсетеді.

      Бұл ретте әскерилендірілген теміржол күзеті деп акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, тасымалдау процесінде пайдаланылатын жүктер мен теміржол көлігі объектілерін күзетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға түсініледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жол жүру жолындағы жүктерді күзетуді атыс қаруымен қаруланған бір және одан көп күзетші бейнебақылау жүйелерін, спутниктік мониторингті және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қоса алғанда, күзеттің техникалық құралдарын қолданумен ұштастыра отырып жүзеге асырады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Әскерилендiрiлген күзетуге жататын жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдау құжаттарын ресiмдеу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларымен айқындалады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жүктерi бар вағондарды күзету кезiнде наряд "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес қаруды және арнайы құралдарды қолданады".";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Темiржол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi күзетудi жүзеге асыру үшiн күзет қызметiнiң субъектiсi диверсиялық және террористік қатерлерден күзетілетін объектілердiң қорғалу деңгейiн арттыру, темiржол көлiгiндегi құқыққа қарсы актiлердi анықтау және олардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және орындалуын қамтамасыз етедi және оларды "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аумақтық iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi".".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады