Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 18 мамырдағы № 244 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 мамырда № 38752 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап:

      Тізбенің 1-тармағының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "4. Орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген және (немесе) өзгертілген, толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жолдайды.";

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап:

      Тізбенің 1-тармағының жиырма төртінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "9) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.";

      Тізбенің 1-тармағының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:

      "4. Орталық мемлекеттік органдар, республикалық маңызы бар астананың, облыстардың, қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына және "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.

      5. Уәкілетті компания (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін үлескермен немесе реновациялау шеңберіндегі үлескермен Шарт немесе Реновациялау шеңберіндегі шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушіге электрондық нысанда Шартты немесе Реновациялау шеңберіндегі шартты есепке қою үшін өтінімді мыналар:

      1) цифрлық объектісі – www.qazreestr.kz жүйесі;

      2) (single sign-on) бірыңғай кіру технологиясы арқылы Жүйемен интеграцияланған веб-портал;

      3) Жүйемен интеграцияланған Көрсетілетін қызметті алушының цифрлық объектісі арқылы жолдайды.";

      Тізбенің 1-тармағының қырық жетінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      Тізбенің 1-тармағына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      Тізбенің 3-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:

      "4. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты www.qazreestr.kz жүйесінің операторына және Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, "цифрлық үкіметтің" операторына, Бірыңғай байланыс орталығына 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат жібереді.

      5. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін пайшымен тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны электрондық нысанда тіркеу үшін өтінімді Көрсетілетін қызметті берушіге цифрлық объекті - www.qazreestr.kz. жүйе арқылы жібереді.";

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда колданылсын.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 18 мамырдағы
№ 244
бұйрығына 1-қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14311 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      Қағидалардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары жаңа редлакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 4) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) автоматтандырылған тексеру – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етумен жүзеге асырылатын көппәтерлі тұрғын үйдегі үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуын тексеру;

      2) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2-1) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – реновациялау шеңберінде Шарт) – уәкілетті компания мен реновациялау шеңберіндегі үлескер арасында жасалатын, тараптардың реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт, бұл ретте бір тарап – көппәтерлі тұрғын үйді салуды қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталғаннан кейін екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін беруге, ал екінші тарап реновациялау объектісін және (немесе) реновациялау объектісі шеңберіндегі жылжымайтын мүлікті қарсы беруді жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға міндеттенеді;

      2-2) реновациялау шеңберіндегі үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін алу мақсатында реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға;

      3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, бір тарап көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесін беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесін қабылдауға міндеттенетін, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысумен байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт;

      5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;

      6) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;

      7) үлес – салынған көп пәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрамына кіретін, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес үлескерге және (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес реновациялау шеңберіндегі үлескерге берілетін, көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер немесе тұрғын емес үй-жай немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі жер учаскесі бар жеке тұрғын үй;

      8) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда), заңды тұлға немесе қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлға (жай серіктестік, консорциум);

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      3. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.

      2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Уәкілетті компания (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Шарт немесе реновациялау шеңберіндегі Шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушіге электрондық нысанда Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қою үшін өтінімді мыналар:

      1) ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz жүйесі;

      2) (single sign-on) бірыңғай кіру технологиясы арқылы Жүйемен интеграцияланған веб-портал;

      3) Жүйемен интеграцияланған Көрсетілетін қызметті алушының ақпараттандыру объектісі арқылы жолдайды.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының Шартын немесе реновациялау шеңберінде Шартын есепке қоюға арналған өтінім, ЭЦҚ арқылы қол қойылған, үлескермен немесе реновациялау шеңберінде үлескермен жасалған Шартты немесе реновациялау шеңберінде Шартты, үлескердің немесе реновациялау шеңберінде үлескердің дербес деректерін және сатып алынған үлесі туралы мәліметтерді қамтиды.

      Көрсетілетін қызметті алушы үлескердің немесе реновациялау шеңберінде үлескердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісімін алуды қамтамасыз етеді.

      7. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою үшін өтінімді тіркеу ол жіберілген күні жүзеге асырылады.

      Өтінім Жүйеге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінімді тіркеу Жүйеде келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетілген Жүйеде өтінімді тіркеу туралы мәртебе Көрсетілетін қызметті алушыға Жүйеде есептік жазба арқылы беріледі.

      8. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою және есептен шығару Жүйеде өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жүйе арқылы автоматты тексеруді қолдануға Көрсетілетін қызметті берушінің келісімі болған кезде Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне тексеру жүзеге асырылады;

      Жүйе арқылы автоматты тексеруді қолдануға Көрсетілетін қызметті берушінің келісімі болмаған кезде, Көрсетілетін қызметті беруші Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына немесе реновациялау шеңберінде Шарттың Үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне дербес тексеруді жүзеге асырады.

      9. Тексеру нәтижелері бойынша Көрсетілетін қызметті беруші Жүйеде Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қоюды жүзеге асырады не мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді бас тартуда көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін Жүйеде Көрсетілетін қызметті берушіге Шартты немесе реновациялау шеңберіндегі Шартты есепке қою үшін өтінімді қайта жібереді.

      11. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою кезінде, Көрсетілетін қызметті беруші реновациялау шеңберінде Шарттың немесе Шарттың есептік жазбасы туралы үзіндіге қол қояды, ал Жүйе автоматты түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және Көрсетілетін қызметті алушының Жүйедегі жеке кабинетіне және Шартта немесе реновациялау шеңберінде Шартта көрсетілген реновациялау шеңберінде үлескердің немесе үлескердің электрондық поштасына жіберіледі.

      Үлескерде немесе реновациялау шеңберінде үлескерде электрондық пошта болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы үлескерге немесе реновациялау шеңберінде үлескерге Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірменің тиісті жеткізілу фактісін тіркеуге (куәландыруға) мүмкіндік беретін өзге де тәсілдермен үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      12. Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты тоқтату немесе есептен шығару осы Қағидаларға Тізбенің 10-тармағында көзделген тиісті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінімі негізінде жүзеге асырылады.

      13. Реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа қосымша келісімдерді және электрондық нысанда жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке қою, тоқтату немесе есептен шығару Жүйемен өтінім тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жазбаша нысанда жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке қою, тоқтату немесе есептен шығару өтінімді Жүйеде тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемқызметтер туралы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      18. Егер Мемқызметтер туралы Заңында өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер Мемқызметтер туралы Заңында жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті кері қайтарып алумен қатар сотқа жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның дәлелді ұстанымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынады.

  Жергілікті атқарушы
органдардың тұрғын үй
құрылысына үлестік қатысу
туралы шарттарды және
реновациялау шеңберінде
үлестік қатысу туралы шарттарды,
сондай-ақ олар бойынша талап ету
құқықтарын басқаға беру туралы
шарттарды есепке алуды
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме

Құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы мәліметтер

Құрылыс объектісі туралы мәліметтер

Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімі туралы мәліметтер

Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігі немесе жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың немесе реновациялау шеңберінде үлестік қатысу туралы шарттың/ талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттың нөмірі мен күні

Үлескер немесе реновациялау шеңберіндегі үлескер туралы мәліметтер

Үлес туралы мәліметтер

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ үлескердің немесе реновациялау шеңберіндегі үлескердің шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруі

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа тоқтату немесе есептен шығару










  Жергілікті атқарушы
органдардың тұрғын үй
құрылысына үлестік қатысу
туралы шарттарды және
реновациялау шеңберінде
үлестік қатысу туралы
шарттарды,
сондай-ақ олар бойынша талап ету
құқықтарын басқаға беру туралы
шарттарды есепке алуды
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді-көшірме беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациядау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе);
2) (single sign-on) бірыңғай кіру технологиясы арқылы Жүйемен интеграцияланған "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
3) Жүйемен интеграцияланған Көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру объектісі.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою Жүйеге өтінім келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты тоқтату немесе есептен шығару реновациялау шеңберінде Шартты және Шартты есепке қою мерзімдеріне ұқсас мерзімде жүзеге асырылады;
3) реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа қосымша келісімдерді және электрондық нысанда жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке қою, тоқтату немесе есептен шығару Жүйеге өтінім келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
4) жазбаша нысанда жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке қою, тоқтату немесе есептен шығару Жүйеге өтінім келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты немесе реновациялау шеңберінде Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) Жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою кезінде - реновациялау шеңберінде Шарт немесе Шарт;
Реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа Қосымша келісімді есепке қою кезінде - реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа Қосымша келісім;
Талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шартты есепке қою кезінде - реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарт;
Үлесті беру туралы шартты есепке қою кезінде
- үлесті беру туралы шарт;
Шарттың немесе Реновациялау шеңберінде Шартты тоқтатылуы кезінде - Жүйеде тіркелген Шарттың немесе Реновациялау шеңберінде Шарттыың тоқтатылғанын растайтын құжат.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

12

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін – Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар:
1) Жүйе арқылы;
2) Жүйемен интеграцияланған көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру объектісі.

      ".

      2. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 678 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      қағидалардың атауы мынадайредакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) квартирограмма – тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды немесе жеке тұрғын үй кешенін сатып алуға байланысты құқықтар мен міндеттердің, оның ішінде жоспарланған жобаларда және салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерде немесе жеке тұрғын үй кешенінде үлестер мен пайлардың есебін жүргізу үшін техникалық параметрлері (алаңы, қабаттылығы, үй-жайдың түрі, пәтерлер саны, үй-жайдың нөмірі, кіреберістің нөмірі, жер учаскесінің алаңы, тұрақ орындары) бар мәліметтер;

      1-1) кепіл ұстаушы – банк, банк операцияларының жекелегентүрлерінжүзеге асыратынұйым немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым;

      2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі – құрылтайшы) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      2-1) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – реноациялау шеңберінде Шарт) – уәкілетті компания мен реновациялау шеңберіндегі үлескер арасында жасалатын, тараптардың реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт, бұл ретте бір тарап – көппәтерлі тұрғын үйді салуды қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталғаннан кейін екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін беруге, ал екінші тарап реновациялау объектісін және (немесе) реновациялау объектісі шеңберіндегі жылжымайтын мүлікті қарсы беруді жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға міндеттенеді;

      2-2) реновациялау шеңберіндегі үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін алу мақсатында реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға;

      3) рұқсат беру құжаттары – өтініш берушіге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнінде өзінің ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар, олар мыналарды қамтиды: жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі; қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларына (жекелеген бөліктеріне) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізуге арналған тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі;

      4) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      4-1) тұрғын үй-құрылыс кооперативі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет ететін, көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды енгізген пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу мақсатындағы жеке тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі;

      5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешеннің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласында басқаруды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, бір тарап көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешеннің құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесін беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлесін қабылдауға міндеттенетін, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысумен байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт;

      8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, ренвациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;

      9) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) – жарғылық капиталына мемлекет тікелей немесе жанама қатысатын, мақсаты Қазақстан Республикасының халқына тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты ипотекалық кредиттеу және жалға берілетін тұрғын үйді беру, үлестік тұрғын үй құрылысын дамыту тетіктері арқылы іске асыруға қатысу, сондай-ақ құрылыс саласы үшін қаржы ресурстарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету болып табылатын ипотекалық ұйым;

      10) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;

      11) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй кешенінде үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда), заңды тұлға немесе бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес қызметті жүзеге асыратын тұлға (жай серіктестік, консорциум).

      2-тарау. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібі

      3. Жүйенің пайдаланушылары:

      1) құрылыс салушылар;

      2) уәкілетті компаниялар;

      3) тұрғын үй-құрылыс кооперативтері;

      4) кепіл ұстаушы;

      5) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган).

      4. Құрылыс салушының немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативінің есептік жазбасын жасау Жүйеде дербес тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

      Жүйедегі құрылыс салушының немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативінің есептік жазбасы туралы мәліметтерді редакциялау және жою тиісінше уәкілетті органның немесе Жүйенің сенімгерлік басқарушысының атына құрылыс салушының немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      5. Уәкілетті компанияның есептік жазбасын құруды құрылыс салушы Жүйеде дербес үлескерлердің ақшасын тартуға ЖАО-ның рұқсатын не Бірыңғай оператордың кепілдігін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Уәкілетті компанияның есептік жазбасының мәліметтерін өңдеуді құрылыс салушы Жүйеде дербес жүзеге асырады.

      Жүйеде уәкілетті компанияның есептік жазбасын жою құрылыс салушының уәкілетті органның немесе Жүйенің сенімгерлік басқарушысының атына жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      6. Жүйеде жергілікті атқарушы органның немесе кепіл ұстаушының есептік жазбасын жасау Жүйенің уәкілетті органының немесе сенімгерлік басқарушысының атына жергілікті атқарушы органның немесе кепіл ұстаушының жазбаша өтініші арқылы жүзеге асырылады.

      Жергілікті атқарушы органның немесе кепіл ұстаушының есептік жазбасы уәкілетті орган немесе Жүйенің сенімгерлік басқарушысы өтінішті тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жасалады.

      Жүйедегі мәліметтерді редакциялау және жергілікті атқарушы органның немесе кепіл ұстаушының есептік жазбасын жою уәкілетті органның немесе Жүйенің сенімгерлік басқарушысының атына жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Жергілікті атқарушы органның қызметкері немесе кепіл ұстаушы жұмыстан босатылған немесе басқа лауазымға ауысқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган немесе кепіл ұстаушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша өтініш негізінде есептік жазбаны өшіру үшін уәкілетті органды немесе Жүйенің сенімгерлік басқарушысын хабардар етеді.

      7. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатын не Бірыңғай оператордың кепілдігін алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде Жүйеге электрондық нысанда көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысы объектісі (бұдан әрі – объект) туралы мәліметтерді тіркеу үшін өтінімді объектінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға жібереді.

      Уәкілетті компанияның өтінімі объект туралы мынадай мәліметтер мен құжаттаманы қамтиды:

      1) объектінің атауы;

      2) объектінің орналасқан жері;

      3) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;

      4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;

      5) үлескерлердің ақшасын тартуға ЖАО-ның рұқсаты немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі;

      6) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;

      7) объектінің квартирограммасы;

      8) обектінің техникалық сипаттамалары.

      7-1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонды алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде объектінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға электрондық нысанда көп пәтерлі тұрғын үй (бұдан әрі – КПТҮ) туралы мәліметтерді тіркеу үшін Жүйеге өтінім жібереді.

      Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің өтінімі объект туралы мынадай мәліметтер мен құжаттаманы қамтиды:

      1) КПТҮ атауы;

      2) КПТҮ орналасқан жері;

      3) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;

      4) құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;

      5) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;

      6) КПТҮ квартирограммасы;

      7) КПТҮ техникалық сипаттамасы.

      8. Жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жүйеде объект туралы мәліметтерді тексереді және тіркейді не бас тарту үшін негізді көрсете отырып, объект туралы мәліметтерді тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      9. Объект немесе КПТҮ туралы мәліметтерді тіркеуден бас тартуға негіздер болып табылады:

      1) уәкілетті компания немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі Жүйеге енгізген объект немесе КПТҮ туралы мәліметтердің объект бойынша уәкілетті компанияның рұқсат беру құжаттарының мәліметтеріне сәйкес келмеуі;

      2) уәкілетті компания немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі ұсынған объект немесе КПТҮ бойынша рұқсат беру құжаттарының және (немесе) олардағы мәліметтердің сенімсіздігін орнатуы.

      10. Дәлелді бас тартуда көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін уәкілетті компания немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі Жүйеде объект немесе КПТҮ туралы мәліметтерді тіркеу үшін өтінімді жергілікті атқарушы органға қайта жібереді.

      11. Объект немесе КПТҮ туралы мәліметтерді түзетуді уәкілетті компания немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі Жүйеде объект немесе КПТҮ туралы мәліметтерге тиісті түзетулер енгізу қажеттілігін растайтын рұқсат беру және (немесе) өзге де құжаттардың болуы негізінде дербес жүзеге асырады.

      Уәкілетті компания немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі Жүйеде объект немесе КПТҮ туралы мәліметтерге қажетті түзетулер енгізеді, растайтын құжаттарды қоса береді және объект немесе КПТҮ туралы түзетілген мәліметтерді тіркеу үшін өтінімді жергілікті атқарушы органға жібереді.

      12. Жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жүйеде объект немесе КПТҮ туралы түзетілген мәліметтерді тексереді және тіркейді не осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, объект немесе КПТҮ туралы түзетілген мәліметтерді тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      13. Жүйеде Шарттарды немесе реновациялау шеңберінде Шарттарды есепке қоюды уәкілетті компания жергілікті атқарушы орган Жүйеде объект туралы мәліметтерді тіркегеннен кейін жүзеге асырады.

      13-1. Жүйеде тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуді тұрғын үй-құрылыс кооперативі жергілікті атқарушы орган Жүйеде КПТҮ туралы мәліметтерді тіркегеннен кейін жүзеге асырады."

      "Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы"

      3. "Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 27 наурыздағы № 159 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20262 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 10-18) тармақшасына сәйкес, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тәртібін айқындайды.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларына:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты www.qazreestr.kz Жүйесінің операторына және Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Бірыңғай байланыс орталығына 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат жібереді.

      5. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін пайшымен тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны электрондық нысанда тіркеу үшін өтінімді ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz.жүйесі арқылы Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу кезінде Қызмет беруші қол қояды, ал Жүйе автоматты түрде қалыптастырады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартында көрсетілген пайшының электрондық поштасына тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу туралы үзінді көшірмені жібереді.

      Пайшыда электрондық пошта болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу туралы үзінді көшірменің тиісті жеткізілу фактісін тіркеуге (куәландыруға) мүмкіндік беретін өзге де тәсілдермен пайшыға ұсынады.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.";

      2-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жергілікті атқарушы
органдардың тұрғын үй-
құрылыс кооперативіне қатысу
шарттарын тіркеу қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновацилау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе)

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының электрондық көшірмесін есепке қою – (бұдан әрі – Шарт) – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) электрондық шартты есепке қою – Жүйеде өтінім келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) шартқа қосымша келісімдерді және талап ету құқықтарын беру туралы шарттарды есепке қою және шығару шартты есепке қою рәсіміне ұқсас жүзеге асырылады.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) Жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Шартының электрондық көшірмесін немесе электрондық Шартты есепке қою кезінде – Шарттың электрондық көшірмесі немесе электрондық Шарт;
2) Шартқа қосымша келісімдерді немесе талап ету құқықтарын беру туралы шарттарды есепке қою кезінде – Шартқа қосымша келісім немесе талап ету құқығын беру туралы шарт;
3) Тоқтату немесе есптен шығару кезінде – пайшының жылжымайтын мүлікке құқықтарының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат немесе шарттың бұзылғанын растайтын құжат.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

12

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін – Жүйе арқылы Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      ".

  Қазақстан Республикасының
  Өнеркәсіп және
  құрылыс министрінің
  2026 жылғы 18 мамырдағы
  № 244
  бұйрығына 2-қосымша
  Жергілікті атқарушы
  органдардың тұрғын үй
  құрылысына үлестік қатысу
  туралы шарттарды және
  реновациялау шеңберінде
  үлестік қатысу туралы шарттарды,
  сондай-ақ олар бойынша талап ету
  құқықтарын басқаға беру туралы
  шарттарды есепке алуды
  жүргізу қағидаларына
  2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді-көшірме беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) цифрлық объекті – www.qazreestr.kz тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновация шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе);
2) (single sign-on) бірыңғай кіру технологиясы арқылы Жүйемен интеграцияланған "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
3) Жүйемен интеграцияланған Көрсетілетін қызметті алушыны цифрлық объектісі.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою Жүйеге өтінім келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты тоқтату немесе есептен шығару реновациялау шеңберінде Шартты және Шартты есепке қою мерзімдеріне ұқсас мерзімде жүзеге асырылады;
3) реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа қосымша келісімдерді және электрондық нысанда жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке қою, тоқтату немесе есептен шығару Жүйеге өтінім келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
4) жазбаша нысанда жасалған талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке қою, тоқтату немесе есептен шығару Жүйеге өтінім келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты немесе реновациялау шеңберінде Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) Жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Реновациялау шеңберінде Шартты немесе Шартты есепке қою кезінде - реновациялау шеңберінде Шарт немесе Шарт;
Реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа Қосымша келісімді есепке қою кезінде - реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа Қосымша келісім;
Талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шартты есепке қою кезінде - реновациялау шеңберінде Шартқа немесе Шартқа талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарт;
Үлесті беру туралы шартты есепке қою кезінде
- үлесті беру туралы шарт;
Шарттың немесе Реновациялау шеңберінде Шартты тоқтатылуы кезінде - Жүйеде тіркелген Шарттың немесе Реновациялау шеңберінде Шарттыың тоқтатылғанын растайтын құжат.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

12

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін – Шарттың немесе реновациялау шеңберінде Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар:
1) Жүйе арқылы;
2) Жүйемен интеграцияланған көрсетілетін қызметті алушыны цифрлық объектісі.

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 18 мамырдағы
№ 244
бұйрығына 3-қосымша
Жергілікті атқарушы
органдардың тұрғын үй-
құрылыс кооперативіне қатысу
шарттарын тіркеу қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

цифрлық объекті – www.qazreestr.kz тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновация шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе)

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының электрондық көшірмесін есепке қою – (бұдан әрі – Шарт) – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) электрондық шартты есепке қою – Жүйеде өтінім келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) шартқа қосымша келісімдерді және талап ету құқықтарын беру туралы шарттарды қою және есептен шығару шартты есепке алу рәсіміне ұқсас жүзеге асырылады.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

электрондық (ішінара цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) Жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Шартының электрондық көшірмесін немесе электрондық Шартты есепке қою кезінде – Шарттың электрондық көшірмесі немесе электрондық Шарт;
2) Шартқа қосымша келісімдерді немесе талап ету құқықтарын беру туралы шарттарды есепке қою кезінде – Шартқа қосымша келісім немесе талап ету құқығын беру туралы шарт;
3) Тоқтату немесе есптен шығару кезінде – пайшының жылжымайтын мүлікке құқықтарының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат немесе шарттың бұзылғанын растайтын құжат.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

12

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін – Жүйе арқылы Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады