ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрғын үй құрылысы мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94–бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес. БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94 - бабының 1 – тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді, тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.";
3 - тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) кредит - Тұжырымдамада және осы Қағидаларында белгіленген шартының негізінде жобаны іске асыру үшін қарыз алушыға банктік қарыз ЕДБ беретін ақшалай қаражаттың сомасы;";
3 – тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшаларымен толықтырылсын:
"13) тіркеуші – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, бірінші деңгейдегі жүйені пайдалана отырып, Жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мониторингін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
14) бірінші деңгейдегі жүйе - Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын МГП салалық/ операторлық жүйесімен интеграцияланған тіркеу жүйесі, мұнда форматтан кейінгі-логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын алушының базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
15) базалық талаптар-Жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларына мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын талаптар.";
4 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұжырымдамаға және осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттарда кредиттер есебінен жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын қарыз алушылар субсидия алушылар болып табылады.";
15 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қарыз алушы ЕДБ-ге Тұжырымдамаға және осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттармен жобаны іске асыру үшін кредит алуға немесе қайта қаржыландыруға өтініш (ЕДБ ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) береді.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға өтінім беру электрондық түрде МГП салалық/операторлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
МГП салалық / операторлық жүйесі Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық талаптарға сәйкестігін тексеру туралы бірінші деңгейдегі жүйеге сұрау салуды жібереді.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын алушының өтінімі МГП салалық/операторлық жүйесінде одан әрі өңделуге және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын алушының базалық талаптарға сәйкестігі туралы бірінші деңгейдегі жүйенің хабарламасын алған кезде төленуге тиіс.
Өтінімде көрсетілген мәліметтер және өтінімді өңдеу мәртебесі МГП салалық/операторлық жүйесі бірінші деңгейдегі жүйеге беруге жатады.
МГП салалық / операторлық жүйесі Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын алушыдан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісімін алуды қамтамасыз етеді.";
17 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік қызметті осы Қағидаларға сәйкес қаржы агенті көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар Тізбенің 10-тармағымен айқындалған.
Қарыз алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Тізбенің 10-тармағында көзделген құжаттарды салалық/операторлық жүйесі арқылы жолдайды.";
18 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қаржы агентінің құрылымдық бөлімшесі (жұмыскері):
1) Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Қарыз алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушының ұсынылған құжаттарын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және шешім қабылдайды.";
19 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қарыз алушы Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынылған жағдайда, қаржы агентінің құрылымдық бөлімшесі (жұмыскері) оларды қабылдаудан бас тартады.";
тармақ 21 мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қаржы агенті қабылданған оң шешім туралы хаттамадан үзінді көшірмені не Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тартуды ресімдейді және шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға жібереді.
Қаржы агенті ЕДБ хаттамасынан үзінді көшірмені жіберуді қамтамасыз етеді.";
28 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) банктік қарыз шарты Тұжырымдаманың және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, субсидиялау шартына қол қоюдан бас тартады.";
47 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жоба және (немесе) қарыз алушы Тұжырымдаманың және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген;".;
57 - тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қарыз алушының Тұжырымдама және осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін мониторингтеуді;";
мынадай мазмұндағы 68 – тармақпен толықтырылсын:
"68. Жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларының мониторингі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 93-1-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
көрсетілген қағидаларға 1 -қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қағидаларға 1-1 -қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
қағидалардың 21-1 тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"21-1) Қаржы агенті Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
көрсетілген қағидаларға 1 -қосымшасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
"Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметтің түрінің атауы | Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қаржы агенті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үй порталы https://homeportal.kz/ |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі - 8 жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Субсидиялау бойынша қабылданған оң шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші отырысының хаттамасынан үзінді не Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорациясынын және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – ҚР мерекелер туралы Заңы) сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.30-ден 18.00-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
12 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
субсидия алуға арналған № __________ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Сізден жобаны іске асыру бойынша кредитті субсидиялау туралы мәселені _____________________ қарауына төменде көрсетілгендерге сәйкес шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:
1. Қатысушы туралы мәліметтер
ЖКС атауы | |
Құрылтайшы (-лар) туралы деректер | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Пошталық мекенжайы | |
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні, нөмірі | |
Қызмет түрлері | |
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания | |
Жұмыс тәжірибесі |
2. Басшылық
Бірінші басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Лауазымы | |
Жұмыс/үй телефоны | |
Туған жері және туған жылы | |
жеке басын куәландыратын құжаттың № | |
Тұрғылықты жері (нақты) | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Бас бухгалтер (бар болса)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |
Жұмыс/үй телефоны | |
Туған жері және туған жылы | |
жеке басын куәландыратын құжаттың № | |
Тұрғылықты жері (нақты) | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Байланыс жасаушы тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |
Жұмыс/үй телефоны |
3. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін – акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін ортақ құрылтайшылар)
Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | % | Деректемелер |
4. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат
Сала (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сәйкес) | |
Кіші сала (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сәйкес) | |
Өнімдер мен қызметтердің түрлері | |
Жылдық айналым | |
Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын | |
Жұмыскерлердің нақты саны | |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) | |
Жобаны іске асыру орны (облыс, қала) | |
Жұмыс орындарының саны |
5. Банк шоттары туралы ақпарат
Банк деректемелері (барлық қызмет көрсететін банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):______________________________
6. Тарих
ЖКС-ның жұмыс процесінде пайдаланылған барлық қарыздар, өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген қарыздар да көрсетіледі.
Кредитор | Сомасы | Берілген күні | Сыйақыны өтеу шарттары | Негізгі борышты өтеу шарттары | БҚШ бойынша өтеу мерзімі | Нақты өтеу күні |
1 | ||||||
2 |
7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы:_________/_________
Р/с № | Кредитордың атауы | БҚШ деректемелері ( № , күні) | Сыйақы мөлшерлемесі, % | Кредит валютасы | Кредит сомасы | Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы | Кредит мерзімінің аяқталу күні | Кредит мақсаты (қысқаша сипаттамасы) |
8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және ЖКС-ге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
Р/с № | МК /МҚШ атауы | МДИ атауы | Қосымша ақпарат |
9. Кепілдіктер мен келісімдер
ЖКС қаржы агентіне мыналарды мәлімдейді және мынадай кепілдіктер береді:
1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агентінің сұрау салуы бойынша қаржы агентіне тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күндегі шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, қаржы агентін дереу хабардар етіледі.
2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат қаржы агентінің алғашқы талап етуі бойынша беріледі және ашылады.
3. ЖКС-дан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалған, толық емес және (немесе) жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
4. ЖКС-ның жарғылық құзыреті берілген өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.
5. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, аталған деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде осы өтініш кері қайтарылуы мүмкін екеніне келісемін.
ЖКС қаржы агентіне төмендегілер бойынша өз келісімін береді:
1. Қаржы агенті осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мемлекеттік органдарға (қаржы агентіне) ұсынады.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенті талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылады.
3. Қаржы агенті ЖКС хабарлаған өзі туралы кез келген ақпаратты тексеру мүмкіндігін өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмесе де, қаржы агентінде сақталатын болады.
4. Қаржы агентінің осы өтінішті қарау үшін қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-ның ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу шығыстары және басқа да шығыстар) қаржы агентінің субсидиялауды беру немесе ЖКС көтерген шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін қаржы агентіне наразылық білдірмеймін.
6. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
10. Қосымшалар
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________________________
(қолы)
Күні
Аббревиатуралардың толық жазылуы: | |
ЖКС | Жеке кәсіпкерлік субъектісі |
МДИ | Мемлекеттік даму институттары |
МБ | Мемлекеттік бағдарлама |
МҚШ | Мемлекеттік қолдау шаралары |
БҚШ | банктік қарыз шарты |
"Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметтің түрінің атауы | Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қаржы агенті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үй порталы https://homeportal.kz/ |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі - 8 жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Субсидиялау бойынша қабылданған оң шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші отырысының хаттамасынан үзінді не Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорациясынын және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – ҚР мерекелер туралы Заңы) сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.30-ден 18.00-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
12 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде цифрлық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |