"Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 мамырда № 38691 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;

      3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетке мемлекеттік қызметті көрсету сұранымының қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ) қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды құжаттар қабылданған күні көрсетілетін қызметті берушіге не оны алмастыратын адамға тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері құжаттар тіркелген сәттен бастап екі (2) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет беруші басшысының ЭЦҚ-сы қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      12. Цифрлық жүйеде іркіліс болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші іркіліс анықталған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде цифрлық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерін хабардар етеді.

      Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 4 мамырдағы
№ 172 бұйрығына
қосымша
"Балық және басқа да
су жануарларын
интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Цифрлық (ішінара цифрландырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Балық және басқа да су жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру не уәжді бас тарту

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары тиісті көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет ресурсында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру туралы өтініш;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" және бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады