Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 мамырдағы № 117-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 мамырда № 38675 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ш. Акпарова

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 мамырдағы
№ 117-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10285 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Патронаттық тәрбие туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.

      2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға (бұдан әрі – бала (балалар)) белгіленеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру отбасылық тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін баланың (балалардың) мүдделеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.

      Патронаттық тәрбиеге беру кезінде – оның туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мына адамдарды:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп таныған адамдарды;

      2) сот ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзіне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, баланы қабылдайтын ата-ана, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерін орындаудан шеттетiлгендердi;

      4) егер бала асырап алуды сот олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы асырап алушыларды;

      5) денсаулық жағдайы бойынша қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін орындай алмайтын адамдарды;

      6) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      7) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2)-тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      8) азаматтығы жоқ адамдарды;

      9) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      10) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;

      11) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген азаматтарды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, тек кәмелетке толған тұлғалар патронат тәрбиешілер болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Егер патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, зайыбына (жұбайына) не бірге тұратын адамдарға Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.

      Патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.";

      10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) патронат тәрбиеші болуға ниет білдірген адамның, сондай-ақ егер некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) және патронат тәрбиеші болуға ниет білдірген адаммен бірге тұратын өзге де адамдардың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес ауруының жоқ екенін растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан және "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болуы (немесе болмауы) туралы мәліметтерді;";

      18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген), "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысаны және № 065/у нысанының "Иммундау паспорты" медициналық құжаттамалары;".

      2. "Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 402 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 137-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 137-1-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына мыналарды:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

      4) егер олардың кінәсі бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

      5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды;

      6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;

      7) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      8) азаматтығы жоқ адамдарды;

      9) бала қонақтайтын отбасына баланы рәсімдеу кезінде қамқорлыққа алушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      10) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;

      11) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген азаматтарды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда кәмелетке толған адамдар ғана қабылдай алады.";

      9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығы, "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығы бойынша динамикалық бақылауда тұруы (немесе динамикалық бақылауда тұрмауы) туралы мәліметтер;".

      3. "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14067 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс), "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) есепке алу тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтарды есепке алуды олардың тұрғылықты жері бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүргізеді.

      Құжаттарды қараудың және бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қоюдың мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      4. Азаматтардың есебіне:

      1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған ерлі-зайыптыларды;

      3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      4) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы, патронаттық тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші міндеттерінен шеттетілген адамдарды;

      5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

      6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      8) дәстүрлі емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;

      9) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      10) азаматтығы жоқ адамдарды;

      11) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      12) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;

      13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар қойылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Егер баланы (балаларды) асырап алуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, зайыбына (жұбайына), бірге тұратын өзге де адамдарға Кодекстің 91-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9) және 13) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.

      Баланы (балаларды) асырап алуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушының егер некеде тұрған болса, зайыбының (жұбайының), бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) зайыбының (жұбайының) тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде балалардың туу туралы куәлігін, неке қию туралы куәлікті, "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан, "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан бойынша динамикалық бақылауда тұруы (немесе динамикалық бақылауда тұрмауы) туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызмет беруші қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушының және зайыбының (жұбайының) (егер некеде тұрса), бірге тұратын өзге адамдар (бар болса) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.";

      11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      1-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14425 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-1-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Республикалық деректер банкінде тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының қабылдайтын отбасыларына беру жүзеге асырылады.

      Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру кезінде оның туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.";

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қабылдайтын отбасыға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса зайыбының (жұбайының), бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуына мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес ауруының жоқ екендігін растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысандарына сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан, "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан бойынша динамикалық бақылауда тұруы (немесе динамикалық бақылауда тұрмауы) туралы мәліметтер;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Баланы қабылдайтын ата-аналар:

      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;

      4) егер олардың кінәсінен бала асырап алудың күшi жойылса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

      5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар;

      6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;

      7) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      8) азаматтығы жоқ адамдарды;

      9) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      10) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;

      11) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтары (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда тек кәмелетке толған адамдар бола алады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Егер қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, зайыбына (жұбайына) не бірге тұратын адамдарға Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.

      Баланы қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.".

      5. "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 5-бабының 90) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

      2) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттiк сатып алудың және "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;

      3) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):

      мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында – орта білім беру ұйымы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, орта білім беру ұйымы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы не білім беруді басқару органы не орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша орган;

      мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы немесе білім беруді басқару органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша орган;

      4) конкурстық құжаттама – конкурсқа қатысуға өтінімді дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ұсынатын және конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін қамтитын құжаттар;

      5) көрсетілетін қызмет көрсетушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жүргізілетін белгілер;

      6) көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

      7) Қазақстан Республикасының резиденттері – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары;

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;

      8) Қазақстандық тауар өндірушілерді, қызмет көрсетушілерді қолдау –Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанда шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;

      9) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;

      10) құжаттың электронды көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" заңда (бұдан әрі – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленетін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және пайдалану арқылы бір немесе бірнеше әлеуметтік-экономикалық міндетті шешу мақсатында жасалатын жазбаша келісім;

      13) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;

      14) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      15) өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

      16) сатып алудың сәйкестендіру коды – сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған, әрбір сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;

      17) электрондық әмиян – конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге байланысты есептік операцияларды жүзеге асыруға арналған, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотында орналастырылатын, әлеуетті өнім берушінің жеке шоты.";

      38-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміндегі (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі), Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің), сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз, қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 599 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17766 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізбесінде (бұдан әрі – Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесі) тұрған заңды тұлғаларды басқарумен, мекемемен, жарғылық капиталына қатысумен байланысты болса.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Көрсетілетін қызметті беруші жалдау шартын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсат құжаттарын алуға өтініш және (немесе) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны объектінің қызметіне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық органдарға жібереді.

      Қызмет көрсетуші білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсеткенге дейін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы "Санитариялық-эпидемиологиялық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына 290-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) және (немесе) Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес қызметті жүзеге асыру басталғаны туралы хабарлама алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы және (немесе) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасы болмаса, білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті көрсетуге жіберілмейді.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші Қағидаларда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған және (немесе) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру Қағидаларына сәйкес күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдау-тапсыру актісі, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.

      Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.

      Тауарларды жеткізу кезінде шартты орындау мынадай ретпен жүзеге асырылады:

      1) жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, тауарды межелі жерге жеткізу;

      2) өнім берушінің тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдау-тапсыру актісін ресімдеуі;

      3) тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы;

      4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37241 болып тіркелген) бекітілген шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына (бұдан әрі – шот-фактураны жазып беру қағидалары) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;

      5) тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі.

      Қызметтерді көрсету кезінде шартты орындау мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

      1) көрсетілген қызметтер актісін веб-портал арқылы ресімдеу;

      2) көрсетілген қызметтерді тапсыру және қабылдау;

      3) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;

      4) тапсырыс берушінің көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуі.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36281 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Комиссияның міндеттеріне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде өнім берушілердің талаптарды сақтауы туралы ақпарат беру кіреді:

      конкурстық құжаттамада мәлімделген өнім берушінің қызметкерлері сатып алатын қызметтерді нақты көрсетуі және олардың біліктілігі;

      сатып алынатын қызметтерді көрсету үшін қажетті тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың болуы және жарамдылығы;

      тағамдардың және аспаздық бұйымдардың (бракераждың) сапасына органолептикалық бағалау жүргізу.";

      мынадай мазмұндағы 113-1-тармақпен толықтырылсын:

      "113-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы сатып алынатын қызметтерді жеткізушілердің тізілімін жүргізеді, ол мына ақпаратты қамтиды:

      қызмет көрсету туралы шарттардың жасалған күні мен қолданылу мерзімі;

      өнім берушінің қызметкерлері сатып алатын қызметтерді нақты көрсетуі және олардың біліктілігі.";

      Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшада:

      Қызмет көрсету туралы үлгілік шартта:

      3.1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) қызмет көрсету үшін қажетті тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың болуын және жарамдылығын қамтамасыз етуге;

      2-2) Тапсырыс берушіге оның немесе ол уәкілеттік берген адамдарға тағамдар мен аспаздық бұйымдардың (бракераждың) сапасын органолептикалық бағалауды жүргізуі үшін жағдайлар жасауға;

      2-3) тамақ өніміне оны жеткізуді жүзеге асыратын субъектілер бөлінісінде кіріс құжаттарының есебін жүргізуге міндетті;";

      3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.3. Тапсырыс беруші:

      1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) сатып алынатын қызметтерді көрсету үшін қажетті тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың болуын және жарамдылығын тексеруге;

      3) Өнім берушінің қызметкерлері сатып алатын қызметтердің нақты көрсетілуін және олардың конкурстық құжаттамада мәлімделген біліктілігін тексеруге;

      4) асхананың (ас блогының), буфеттің санитариялық-гигиеналық жай-күйін, тамақ өнімдерінің сапасын, қауіпсіздігін, сақталу жағдайларын, мерзімдерін, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті және перспективалық мәзірге сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ, дайын тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалауды (бракераж) күн сайын жүргізуге;

      5) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;

      6) Қызметті қабылдау кезінде көрсетілген қызмет Актісіне қол қоюға не оның қабылданбауының дәлелді негіздемелерін көрсете отырып қабылдаудан бас тартуға;

      7) көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру Қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;

      8) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.";

      Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына 10-қосымшада:

      қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қосымшасы: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (әлеуметтік әмиян**** арқылы білім алушылардың тегін тамақ алғанын растайтын мәліметтер қоса тіркеледі)";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде толтырылады;

      ** өнім беруші толтырады;

      *** тапсырыс беруші толтырады;

      **** әлеуметтік әмиян арқылы автоматты форматта ұсынылады.".

      6. "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшері" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару және мөлшері" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорғаншыларға немесе қамқоршыларға қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру тәртібін айқындайды.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген "Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына мүлікке иелік ету үшін анықтамалар беру тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды жүзеге асырады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";

      7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды жүзеге асырады және 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";

      9-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) егер некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) көрсетілетін қызмет алушымен бірге тұратын өзге де адамдардың жеке басын растайтын құжаттары туралы мәліметтері, баланың туу туралы куәлігі, туу туралы анықтама, неке қию туралы куәлік ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан, "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда тұруы (немесе динамикалық бақылауда тұрмауы) туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) егер некеде тұрған болса, зайыбының (жұбайының) бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) тұрғын үйге меншік құқығының бар екендігін растайтын құжаттарды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) егер некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) табысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттарды Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мен зайыбының (жұбайының) (егер некеде тұрса) бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.";

      мынадай мазмұндағы 10-2-тармақпен толықтырылсын:

      "10-2. Баланы қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа беру кезінде – оның туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.";

      11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабы 2-тармағы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшерінің тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшері" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 133-бабының 3-тармағы және 137-бабының 1-тармағы мен "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және оларды асырап-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшерінің тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";

      6-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке басын растайтын құжаттар, некеге тұру туралы куәлік туралы мәліметтерді ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан және "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының және зайыбының (жұбайының) егер некеде тұрған болса, бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) тұрғын үйге меншік құқығының бар екендігін растайтын құжаттарды, білімі туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманы (мектеп жасындағы балалар үшін), екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ағымдағы шот ашу туралы шарт жасасқанын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қызметті алушы мен зайыбының (жұбайының) (егер некеде тұрса) бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1 "Патронаттық тәрбиеге беру кезінде – оның туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.";

      9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      6-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, туу туралы анықтаманы, неке қию туралы куәлікті ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан және "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) зайыбының (жұбайының) (некеде тұрған болса), бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) тұрғын үйге меншік құқығын, екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы шартын растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мен зайыбының (жұбайының) (егер некеде тұрса) бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.";

      мынадай мазмұндағы 7-2 тармақпен толықтырылсын:

      "7-2 "Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру кезінде – оның туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.";

      8-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуы, қайтарылуы және мөлшері" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуы, қайтарылуы және мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған кезде біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару және мөлшерлеу тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуы, қайтарылуы және мөлшері" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуы, қайтарылуы және мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "3. "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Балаға теріс әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну тәртібін айқындайды.";

      10-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      10-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.";

      7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру тәртібін айқындайды.";

      10-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      12-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қарж ылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:

      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

      5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

      Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы органы болып табылады.";

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына
  1-қосымша";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына
  3-қосымша";

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына
  4-қосымша";

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына
  5-қосымша";

      6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына
  6-қосымша";

      осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Кодексінің 137-1-бабының 2-тармағы мен "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бала қонақтайтын отбасына беру тәртібін айқындайды.

      2. "Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.";

      4-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе), зайыбының (жұбайының) (егер некеде тұрса) жеке басын растайтын құжаттары туралы мәліметтері, баланың туу туралы куәлігі, туу туралы анықтама, неке қию туралы куәлік ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан, "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болуы (немесе динамикалық бақылауда болмауы) туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) зайыбының (жұбайының) егер некеде тұрған болса, бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттарды, екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы шартты "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мен зайыбының (жұбайының) (егер некеде тұрса) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.";

      2-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      7. "Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34327 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары мыналарды қоспағанда:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ және кәмелетке толмаған адам;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;

      3) сот зайыбын (жұбайын) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған адам;

      4) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адам;

      5) өзіне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші міндеттерінен шеттетілген адам;

      6) бұрынғы бала асырап алушы, егер оның кінәсінен сот бала асырап алудың күшін жойса;

      7) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адам (бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi);

      8) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам;

      9) дәстүрлi емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адам;

      10) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2)-тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

      11) тәлімгерлік белгіленген кезде өзін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін кірісі жоқ адам;

      12) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;

      13) тәлімгерлік бойынша оқытудан өтпеген адамдар тәлімгерлер болып табылады.

      Егер тәлімгер болып тағайындалатын тұлға некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) немесе басқа адамдармен бірге тұрса, зайыбына (жұбайына) немесе бірге тұратын тұлғаларға осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 10) және 12) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тәлімгер болуға ниет білдірген адам Органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер болуға ниет білдіру туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) егер некеде тұрған жағдайда зайыбының (жұбайының) келісімі. Егер ерлі-зайыптылар іс жүзінде отбасылық қатынастарын тоқтатқан болса немесе бір жылдан астам уақыт бөлек тұрса, екiншi жұбайының келiсiмi талап етiлмейдi;

      4) тәлімгер болғысы келетін адамның және, оның зайыбының (жұбайының) егер некеде тұрса, тәлімгер болғысы келетін адаммен бірге тұратын өзге де адамдардың "Адамның бала асырап алуы, оның қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тәлімгер бола алмайтын аурулар тізбесіне сәйкес ауруларының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан және "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болуы (немесе динамикалық бақылауда болмауы) туралы мәлімет;

      5) тәлімгер болуға үміткер тұлға үшін, сондай-ақ егер ол некеде болса, зайыбына (жұбайына) немесе бірге тұратын басқа тұлғаларға соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысты растайтын анықтама.".

      8. "Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35895 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мыналарды:

      1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;

      2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

      3) өзіне Қазақстан Республикасының Заңында жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші міндеттерінен шеттетілген адамдарды;

      4) егер сот олардың кінәсі бойынша бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы асырап алушыларды;

      5) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешінің міндеттерін баланы қабылдайтын кәсіби отбасына тәрбиелеуге қабылдай алмайтын аурулар тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайына байланысты жүзеге асыра алмайтын адамдарды;

      6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;

      7) азаматтығы жоқ адамдарды;

      8) баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер деп таныған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

      9) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;

      10) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда).

      Егер қабылдаушы кәсіби тәрбиеші адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрып жатса, зайыбына (жұбайына) не бірге тұратын адамдарға Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.

      Қабылдаушы кәсіби тәрбиеші болуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) адамның және оның зайыбының (жұбайының) егер некеде тұрса, және бірге тұратын өзге адамдардың (бар болса) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелді) бекітілген, адам бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес аурулардың жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелді) бекітілген нысанға сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан және "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді тапсырады;".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын,
жетім балаларды,
ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларды асырап алуға тілек
білдірген адамдарды есепке алу
қағидаларына
1-қосымша

"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарына қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) қорытындысының дайындығы туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған кезде бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою туралы өтініш;
2) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
3) жиынтық табыстың мөлшері туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (жұмыс орнынан еңбекақысы туралы, Кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түскен табыстары және некеде тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мен жұбайының (зайыбының) өзге де табыстары туралы анықтама);
4) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбесіне сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығы, "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығы бойынша динамикалық бақылауда тұруы (немесе динамикалық бақылауда тұрмауы) туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйін пайдалану құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың психологиялық дайындықтан өткені туралы сертификаттың (жақын туыстарын қоспағанда) электрондық көшірмесі.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушыны соттың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы; 3) соттың ерлі-зайыптылардың біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы;
4) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе ата-ана құқықтарынан шектеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы, патронаттық тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші міндеттерінен шеттету;
6) бұрынғы асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
9) көрсетілетін қызметті алушының дәстүрлі емес жыныстық бағдарды ұстануы;
10) сотталғандығы бар немесе болуы, сондай-ақ қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған фактісінің болуы (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2)-тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
11) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
12) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
13) көрсетілетін қызметті алушының психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылауда болуы;
14) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен (баланың жақын туыстарын қоспағанда) психологиялық даярлықтан өту фактісінің болмауы;
15) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
16) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
17) қызмет алушының тұрғын алаңының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, яғни бір адамға шаққанда он бес шаршы метрден кем болуы;
18) соттың көрсетілетін қызметті алушымен бірге тұратын өзге де адамдарды әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тануы;
19) соттың көрсетілетін қызметті алушымен бірге тұратын өзге де адамдарды ата-ана құқықтарынан немесе сот ата-ана құқықтарымен шектеген адамдардан айыруы;
20) көрсетілетін қызметті алушымен бірге тұратын өзге де адамдарды өзіне Қазақстан Республикасының Заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, асырап алушы ата-ана, қабылдаушы кәсіби тәрбиеші міндеттерін орындаудан шеттету;
21) көрсетілетін қызметті алушымен бірге тұратын өзге де адамдарға қатысты бұрынғы асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімінің болуы;
22) көрсетілетін қызметті алушымен бірге тұратын өзге де адамдарда ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін аурулардың болуы;
23) көрсетілетін қызметті алушымен бірге тұратын өзге де адамдардың сотталғандығы бар немесе болуы, сондай-ақ қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған фактісінің болуы (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2)-тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
24) көрсетілетін қызметті алушымен бірге тұратын өзге де адамдардың психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылауда болуы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 2-қосымша
"Қорғаншылық және
қамқоршылық жөнінде
анықтамалар беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

30 (отыз) минут

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтама не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Электрондық сұрау

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде қорғаншы немесе қамқоршы туралы мәліметтердің болмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 3-қосымша
"Кәмелетке толмағандардың
мүлкіне иелік ету үшін
анықтамалар беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтындырылған)

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтама не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталдағы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) баланың (балалардың) заңды өкілінің біреуінің кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік етуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұбайының (зайыбының) нотариус куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не баланың (балалардың) жеке тұратын заңды өкілінің келісімі (ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарды хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т. б. (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда);
4) заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (нотариустен) (заң бойынша мұрагерлікке құқық алған жағдайда);
5) мүліктің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тиісті ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
6) осы бұйрықпен бекітілген отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес бала (балалар) (он жасқа толған жағдайда) пікірінің электрондық көшірмесі.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде және "Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) он төрт жасқа толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасау немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң бойынша, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соғатын мәмілелер жасасу;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 4-қосымша
"Жетім балаға (жетім балаларға)
және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға
(балаларға) қамқоршылық
белгілеу" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі) – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш жасаған кезде – 19 (он тоғыз) жұмыс күні;
2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтындырылған)/
қағаз түрінде "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызмет

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім бөлімінің (басқармасының) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы бұйрығы не осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықта түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша немесе қорғаншылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған баланың тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті "броньдауға" болады;
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) егер некеде тұрған жағдайда жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
4) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 692 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының), егер некеде тұрса, және көрсетілетін қызметті алушымен бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан және "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді;
5) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;
6) АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз түріндегі көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
7) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш, анасының нұсқауы бойынша жазылған әкесі туралы мәлімет, "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 112 бұйрық) бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда) көшiрмелері;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) егер ол некеде тұрса оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы мәліметтер;
9) туыстарының, өгей әкесінің (өгей шешесінің) балаға (балаларға) туыстық фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері;
10) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың дайындықтан өткені туралы сертификат (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
11) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда).
Құжаттар тексеру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған немесе ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде бір рет пайдаланатын пароль арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш;
2) егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімінің электрондық көшірмесі;
3) № 692 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының және егер ол некеде тұрса оның жұбайының (зайыбының) бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" № ҚР ДСМ 49/2020 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан және "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
4) АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
5) АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) егер ол некеде тұрса оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
7) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш, № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтаманың (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда) электрондық көшiрмелері;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
9) туыстарының, өгей әкесінің (өгей шешесінің) балаға (балаларға) туыстық фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
10) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың дайындықтан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі (баланың жақын туыстарын қоспағанда).
Бала (балалар) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігін және көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға тапсырылатын тізбенің 7) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды туыстарына, өгей әкелеріне (өгей аналарына) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа береді.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;
3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерін орындаудан шеттетілуі;
5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;
6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
9) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушының психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;
11) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
12) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген көрсетілетін қызметті алушылар (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
13) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
14) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
15) он жасқа толған баланың оны қамқорлыққа (қорғаншылыққа) беруге келісімнің жоқтығы;
16) қызмет алушының тұрғын алаңының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, яғни бір адамға шаққанда он бес шаршы метрден кем болуы;
17) соттың қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың әрекет қабілетсіз немесе шектеулі әрекет қабілетті деп танылуы;
18) соттың қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың ата-аналық құқықтарынан айыру немесе олардың ата-аналық құқықтарын шектеу;
19) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың заңмен жүктелген міндеттерін (қамқоршы немесе қорғаншы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші) дұрыс орындамағаны үшін орындаудан шеттетілулері;
20) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдарға қатысты бұрынғы асырап алуды жою туралы сот шешімінің болуы, егер ол бұрынғы асырап алушылардың кінәсінен болса;
21) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың қамқоршы немесе қорғаншы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші ретінде қызмет атқаруға кедергі келтіретін ауруларының болуы;
22) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың қазіргі немесе бұрынғы сотталғандықтары, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы немесе тартылған болуы (Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлімі, 1) және 2) тармақтары бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған адамдардан басқа);
23) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың психикалық денсаулық саласында медициналық көмекті көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылауда болуы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 5-қосымша
"Қорғаншыларға немесе
қамқоршыларға жетім баланы
(жетім балаларды) және ата-
анасының қамқорлығынсыз
қалған баланы (балаларды)
күтіп-бағуға жәрдемақы
тағайындау және төлеу
мөлшері" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидалары
2-қосымша

"Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі) – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтындырылған)/
қағаз түрінде "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызмет

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қызмет алушыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім не негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады;
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша "электронды" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады;
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі;
5) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім бөлімінің (басқармасының) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығының көшірмесі;
6) баланың (балалардың) табысы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер) туралы құжаттар.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік номері порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде, бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың электрондық көшірмесі;
4) баланың (балалардың) табысы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдер, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер) туралы құжаттардың электрондық көшірмелері.
5) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім бөлімінің (басқармасының) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға "бір өтініш" қағидаты бойынша өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылатын тізбенің 5) тармақшасындағы көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттары, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтерді, қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және өзге де әлеуметтік төлемдерді алатынын, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шот ашу туралы шарт жасасқанын растайтын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) баланың (балалардың) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болуы;
2) баланың (балалардың) орташа айлық табысының сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артуы;
3) ата-аналарының өз баласын жеке өздері тәрбиелеуді және күтіп-бағуды жүзеге асыруға мүмкіндіктері болған, бірақ оны басқа адамдарға (ұзақ мерзімді қызметтік іссапарларда болуы, балалардан бөлек тұру, бірақ оларды күтіп-бағуға және тәрбиелеуге жағдайлары бар) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа өз еркімен берген жағдайларда;
4) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 6-қосымша
"Баланы (балаларды)
патронаттық тәрбиелеуге беру
және патронат тәрбиешілерге
берілген баланы (балаларды)
күтіп-бағуға ақшалай қаражатты
тағайындау және төлеу
мөлшері" қағидалары
2-қосымша

"Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі –
портал) арқылы жүзеге асырылады

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама және қызмет алушыға баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған кезде бір реттік пароль арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы өтініш;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса оның жұбайының (зайыбының) келiсiмiнің электрондық көшірмесі;
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мәліметтер болмаған кезде неке қию туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
5) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының және егер ол некеде тұрса оның жұбайының (зайыбының) бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамалар сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығы мен "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
6) білімі туралы мәліметінің электрондық көшірмесі;
7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың дайындықтан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
8) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда дербес шоттың ашылуы туралы шарттың электрондық көшірмесі;
9) туыстарының, өгей әкесінің (өгей шешесінің) балаға (балаларға) туыстық фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жеке басын растайтын құжаттар, некеге тұру туралы куәлік туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан және "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығының бар екендігін растайтын құжаттарды, білімі туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманы (мектеп жасындағы балалар үшін), екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ағымдағы шот ашу туралы шарт жасасқанын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мен жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді (егер некеде тұрса) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды туыстарына, өгей әкелеріне (өгей аналарына) патронаттық тәрбиеге береді.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;
3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерін орындаудан шеттетілуі;
5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;
6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
9) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушының психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;
11) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2)-тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
12) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген көрсетілетін қызметті алушылар (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
13) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
14) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
15) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
16) он жасқа толған баланың оны патронаттық тәрбиеші отбасына беруге келісімнің жоқтығы;
17) қызмет алушының тұрғын үй алаңының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, яғни бір адамға он бес шаршы метрден кем болуы;
18) соттың қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың әрекет қабілетсіз немесе шектеулі әрекет қабілетті деп танылуы;
19) соттың қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың ата-аналық құқықтарынан айыру немесе олардың ата-аналық құқықтарын шектеу;
20) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың заңмен жүктелген міндеттерін (қамқоршы немесе қорғаншы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші) дұрыс орындамағаны үшін орындаудан шеттетілулері;
21) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдарға қатысты бұрынғы асырап алуды жою туралы сот шешімінің болуы, егер ол бұрынғы асырап алушылардың кінәсінен болса;
22) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың қамқоршы немесе қорғаншы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші ретінде қызмет атқаруға кедергі келтіретін ауруларының болуы;
23) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың психикалық денсаулық саласында медициналық көмекті көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылауда болуы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 7-қосымша
"Баланы (балаларды)
қабылдаушы отбасына
тәрбиелеуге беру және оларды
асырауға ақшалай қаражат
төлеуді тағайындау"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына 2-қосымша

"Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасынатәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/
қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы хабарлама және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім не осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мәліметтер болмаған кезде неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 692 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ, "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан және "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді;
5) көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын (жалдау шартын) растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) туысқандарының, өгей әкесінің (өгей шешесінің) балаға (балаларға) туыстық фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың дайындықтан өткені туралы сертификат (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
8) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесі.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде, бір рет пайдаланатын құпия сөз арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) АХАЖ АЖ-де не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мәліметтер болмаған кезде неке қию туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының, сондай-ақ егер некеде тұрса жұбайының (зайыбының), көрсетілетін қызметті алушымен бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса), № 692 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес аурулардың жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамалардың электрондық көшірмесі, сондай-ақ динамикалық байқаудағы (не динамикалық байқаудың болмауы) жай-күйі туралы мәліметтер) "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан, "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша;
4) көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану (жалдау шарты) құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың электрондық көшірмесі;
6) туыстарының, өгей әкесінің (өгей шешесінің) балаға (балаларға) туыстық фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың дайындықтан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі (баланың жақын туыстарын қоспағанда).
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды туыстарына, өгей әкелеріне (өгей аналарына) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге береді.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;
3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерінен шеттетілуі;
5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;
6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы
9) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушының психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;
11) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
12) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген көрсетілетін қызметті алушылар (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
13) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
14) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
15) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
16) он жасқа толған баланың қабылдайтын отбасына беруге келісімнің жоқтығы;
17) қызмет алушының тұрғын үй алаңының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, яғни бір адамға шаққанда он бес шаршы метрден аз болуы;
18) соттың қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың әрекет қабілетсіз немесе шектеулі әрекет қабілетті деп танылуы;
19) соттың қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың ата-аналық құқықтарынан айыру немесе олардың ата-аналық құқықтарын шектеу;
20) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың заңмен жүктелген міндеттерін (қамқоршы немесе попечитель, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші) дұрыс орындамағаны үшін орындаудан шеттетілулері;
21) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдарға қатысты бұрынғы асырап алуды жою туралы сот шешімінің болуы, егер ол бұрынғы асырап алушылардың кінәсінен болса;
22)қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың қамқоршы немесе қорғаншы, патронат тәрбиеші, қабылдаушы ата-ана, қабылдаушы кәсіби тәрбиеші ретінде қызмет атқаруға кедергі келтіретін ауруларының болуы;
23) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың қазіргі немесе бұрынғы сотталғандықтары, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы немесе тартылған болуы (Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлімі, 1) және 2) тармақтары бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған адамдардан басқа);
24) қызмет алушымен бірге тұратын басқа адамдардың психикалық денсаулық саласында медициналық көмекті көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылауда болуы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 8-қосымша
"Жетім баланы және (немесе)
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған баланы асырап алуға
байланысты біржолғы ақшалай
төлемнің тағайындалуы,
қайтарылуы және мөлшері"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуы, қайтарылуы және мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі –
портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықта түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш;
2) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің электрондық көшірмесі;
3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын растайтын құжаттар, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарт туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алудың күшін жою;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алуды жарамсыз деп тану;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексімен белгіленген талаптарға және осы Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 9-қосымша
"Балаға кері әсер етпейтін ата-
ана құқықтарынан айырылған
ата-аналарға баламен кездесуіне
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
2) көрсетілетін қызметті берушіде немесе Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз жүзінде

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсаты не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорацияда: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, "электрондық" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі;
4) ішкі істер органның мінездемесі.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 10-қосымша
"Шалғайдағы ауылдық елді
мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беру ұйымдарына
және кейін үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні.
2) көрсетілетін қызметті берушіде немесе Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)\
қағаз жүзінде.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша немесе шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын, жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тасымалдауды қажет ететін кәмелетке толмаған баланы тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған кезде не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
4) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде, бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) АХАЖ АЖ мәліметтері болмаған не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) "Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27968 болып тіркелген) белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 11-қосымша
"Жалпы білім беретін
мектептердегі білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін
және жеңілдетілген
тамақтандыруды ұсыну"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) білім беру ұйымдары;
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)\
қағаз жүзінде\ проактивті

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған кезде не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
4) неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда);
5) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде, бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған кезде);
4) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 12-қосымша
"Мемлекеттік білім беру
мекемелеріндегі білім алушылар
мен тәрбиенушілердің
жекелеген санаттарына қала
сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде
демалуы үшін құжаттар
қабылдау және жолдама беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні.
2) көрсетілетін қызметті берушіде немесе Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)\ қағаз жүзінде

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда: еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады;
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған кезде электрондық нысандағы баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
4) неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған кезде);
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 071/у нысанына сәйкес сауықтыру лагеріне баратын оқушыға берілетін медициналық анықтама;
6) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде, бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған кезде);
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес сауықтыру лагерiне баратын мектеп оқушысына берілетін медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
5) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 13-қосымша
"Он жасқа толған баланың
пiкiрiн ескеру туралы
қорғаншылық немесе
қамқоршылық органының
шешімін беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз жүзінде

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шешімі не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) баланың заңды өкілінің бірінің өтініші;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) жұбайының (зайыбының) нотариалдық келісімі не баланың (балалардың) бөлек тұратын заңды өкілінің келісімі;
4) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі, "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ата-анасының біреуінің балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама, ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарды хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, туу туралы анықтама және т. б.;
5) АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 14-қосымша
"Білім беру ұйымдарының білім
алушылары мен
тәрбиеленушілеріне қаржылық
және материалдық көмек
көрсету" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз жүзінде

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса)көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;
4) неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда);
5) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы, осы Қағидалардың 3) тармақшасында көрсетілген адамдар санатын патронаттық тәрбиелеуге және қабылдау отбасына беру туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесі;
6) осы Қағидалардың 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаты үшін "Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тергеп-тексеру актісі қоса беріледі.
Осы Қағидалардың 5) тармақшасында көрсетілген адамдардың санатын отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы негізінде білім беру қамқоршылық кеңесі айқындайды.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) "Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 15-қосымша
"Баланы (балаларды)
қонақтайтын отбасына беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз жүзінде

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Бала қонақтайтын отбасына қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шешімі не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдіргені туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімін;
4) баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және немесе егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) соңғы 12 ай үшін табысы туралы мәліметтерді;
5) бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының және егер ол некеде тұрса оның жұбайының (зайыбының) ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда, қызмет алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) неке қию туралы куәлік (егер некеде тұрса) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда талап етіледі);
8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың даярлықтан өткені туралы сертификат (жақын туыстарын қоспағанда) береді.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;
3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерінен шеттетілуі;
5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;
6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
9) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
10) көрсетілетін қызметті алушының психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;
11) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
12) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген көрсетілетін қызметті алушылар (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
13) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
14) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
15) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
16) он жасқа толған баланың қонақтайтын отбасына беруге келісімнің жоқтығы;
17) қызмет алушының тұрғын үй алаңының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, яғни бір адамға он бес шаршы метрден кем болуы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады