"Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38621 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кодекстің 141-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерін олар бекітілгенге дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінің цифрлық жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан келісуге тиіс.

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен келісу мерзімі жоба келісуге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) цифрлық жүйені қолдана отырып, бақылау және қадағалау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;

      3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.";

      екінші тараудың 4-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Мемлекеттік органдар үшін тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері

      21. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау және қадағалау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

      21-1. График талаптарға сәйкестігіне тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.

      График реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында көрсетілген тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесінде жыл сайынғы негізде талаптарға сәйкестігіне тексеру тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты автоматты режимде қалыптастырылады.

      Талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графигі тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылым объектісінде жариялау үшін жіберіледі.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер жүргізу графигі тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылғы 25 желтоқсанға дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылғы 25 мамырға дейінгі мерзімде "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылым объектісінде жарияланады.

      21-2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектісінде орналастырылады.

      Бақылау және қадағалау органында тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған жүйесі қамтылған тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімдері міндетті түрде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектісінде орналастырылады.

      22. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылық ескеріле отырып, цифрлық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде тәуекел дәрежесі көрсеткішін субъективті өлшемшарттар бойынша есептеу, сондай-ақ оларға сәйкес бақылау және қадағалау субъектісі жоғары, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылатын тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

      23. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінің цифрлық жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның келісу мерзімі жоба келісуге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады