Табиғи монополиялар салаларында әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 сәуірде № 38573 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – "Желілерге қосылуға техникалық шарттарды беру" Үлгілік қағидалары);

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Объектіні берілген техникалық шарттардың сәйкестігіне қосуға дайындығын тексеру" әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – "Объектінің берілген техникалық шарттардың сәйкестігін қосуға дайындығын тексеру" үлгілік қағидалары);

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап:

      1) осы бұйрықпен бекітілген "Желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" үлгілік қағидаларында:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады:

      "7) "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.";

      6-тармақта:

      "3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады:

      3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде;

      4) орталық мемлекеттік органдармен анықталған ақпараттандыру объектілері арқылы;

      5) цифрлық және (немесе) қағаз тасығышта жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "Көрсетілетін қызметті алушы "Объектіні желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді алу үшін осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-нысандар бойынша өтініш (бұдан әрі – Өтініш) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "7. "Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік корпорация қызметкері Қызмет алушының жеке басын сәйкестендіреді және "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынған осы Үлгілік қағидалардың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес "Желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар туралы мәліметтер өтінішке қоса беріледі.";

      8-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      "Цифрлық үкімет" веб-порталы немесе қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы жүгінген кезде үміткердің "жеке кабинетінде" әлеуметтік жауапты қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "10. Мемлекеттік корпорация арқылы техникалық шарттарды беру туралы өтініш берілген жағдайда, тұтынушы осы Үлгілік қағидалардың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес "Желілерге қосылуға техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық емес топтамасын ұсынған кезде не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      Осы бұйрықпен бекітілген "Объектіні желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидаларына 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) цифрлық және (немесе) қағаз тасығышта.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

цифрлық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз.

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

10қа

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы цифрлық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы цифрлық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

      ";

      "Объектіні желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" үлгілік қағидаларына 3-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) цифрлық тасығышта.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Цифрлық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

10

      "Объектіні желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" үлгілік қағидаларына 4-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған цифрлық объектілері арқылы;
5) цифрлық тасығышта.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Цифрлық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы ақпараттық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы цифрлық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

      ";

      "Объектіні желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" үлгілік қағидаларына 5-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) цифрлық тасығышта.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Цифрлық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы ақпараттық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы цифрлық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.оператором сотовой связи, к учетной записи портала.

      ";

      2) осы бұйрықпен бекітілген "Объектіні берілген техникалық шарттардың сәйкестігіне қосуға дайындығын тексеру" үлгілік қағидаларында:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады:

      "7) "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.";

      6-тармақта:

      3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады:

      "3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде;

      4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;

      5) цифрлық тасығышта жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "Көрсетілетін қызметті алушы "Объектіні желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті алу үшін осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-нысандар бойынша өтініш (бұдан әрі – Өтініш) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы беріледі.";

      8-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:

      "8. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің "цифрлық үкіметтің" веб-порталы немесе ақпараттық жүйесі арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" әлеуметтік жауапты қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "15. Жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығы туралы өтініштерді қабылдау "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе табиғи монополия субъектісінің немесе уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "17. Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" веб-порталы немесе цифрлық жүйесі арқылы алған кезде Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтінішті қарау мәртебесі көрсетіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "24. Газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығы туралы өтініштерді қабылдау "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе Көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "26. Көрсетілетін қызметті берушінің "цифрлық үкіметтің" веб-порталы немесе Көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық жүйесі арқылы алған кезде Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтінішті қарау мәртебесі көрсетіледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "33. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға дайындығы туралы өтініштерді қабылдау "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе табиғи монополия субъектісінің немесе уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "35. Қызметтерді "цифрлық үкіметтің" веб-порталы немесе Көрсетілетін қызметті берушінің цифрлық жүйесі арқылы алған кезде Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтінішті қарау мәртебесі көрсетіледі.";

      "Объектіні берілген техникалық шарттардың сәйкестігіне қосуға дайындығын тексеру" үлгілік қағидаларына 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) цифрлық тасығышта.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Цифрлық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда қолданылады:

      "

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы цифрлық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы цифрлық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

      ";

      "Объектіні берілген техникалық шарттардың сәйкестігіне қосуға дайындығын тексеру" үлгілік қағидаларына 3-қосымшада:

      "Объектіні берілген техникалық шарттардың сәйкестігіне қосуға дайындығын тексеру" үлгілік қағидаларына 4-қосымшада:

      "Объектіні берілген техникалық шарттардың сәйкестігіне қосуға дайындығын тексеру" үлгілік қағидаларына 5-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлiгi

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Су
ресурстары және ирригации
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№ 37 Бұйрыққа
1-қосымша

"Желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидалары

1- тарау. Жалпы ереже

      1. "Желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи монопқағаолиялар салаларында әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік тәртібін айқындайды.

      2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімшелер – өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды, бағаларды реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттеріне баға белгілеу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;

      2) әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызметті қоспағанда, тұрақты негізде көрсетілетін және жеке және заңды тұлғалардың базалық және қоғамдық маңызы бар қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған көрсетілетін қызмет;

      3) уәкілетті орган – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) уәкілетті органның ведомствосы – қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы;

      5) табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) – тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      6) тұтынушы (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) – реттеліп көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;

      7) "электрондық үкіметтің" – веб-порталы нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық түрде көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе.

      Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамаларына және тиісті салалардағы Қазақстан Республикасының заңға тәуелді актілеріне сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік қағидалар әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 19-бабына сәйкес осы Үлгілік қағидаларға сәйкес әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің талаптары мен қағидаларын (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушінің қағидалары) әзірлейді және бекітеді.

      Бұл ретте Көрсетілетін қызметті берушінің осындай қағидалары Көрсетілетін қызметті алушылардың жағдайын нашарлатпайды және осы Үлгілік қағидаларда көзделген құжаттар тізбесін және бас тарту үшін негіздерді ұлғайтпайды.

2-тарау. Әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің тәртібі, мерзімдері және бас тарту негіздері

1-параграф. Техникалық шарттарды беруге арналған өтініштерді қабылдау тәртібі

      5. "Объектіні желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті Көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      6. Өтініштерді қабылдау және жауапкершілігі бар қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде;

      4) орталық мемлекеттік органдармен анықталған ақпараттандыру объектілері арқылы;

      5) электрондық тасығышта жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларының энергия беруші ұйымдарының электр желілеріне технологиялық қосылу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21269 болып тіркелген) бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы "Объектіні желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді алу үшін осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7- нысандар бойынша өтініш (бұдан әрі – Өтініш) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы беріледі.

      7. "Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік корпорация қызметкері Қызмет алушының жеке басын сәйкестендіреді және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тиісті мемлекеттік электрондық жүйелерден алынған осы Үлгілік қағидалардың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес "Желілерге қосылуға техникалық шарттар беру" әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар туралы мәліметтер өтінішке қоса беріледі.

      8. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы немесе қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы жүгінген кезде үміткердің "жеке кабинетінде" әлеуметтік жауапты қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      9. Көрсетілетін қызмет алушы өтінішпен жүгінген кезде жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік корпорация арқылы техникалық шарттарды беру туралы өтініш берілген жағдайда, тұтынушы осы Үлгілік қағидалардың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес "Желілерге қосылуға техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық емес топтамасын ұсынған кезде не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      11. Қызмет берушінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру немесе реттелетін қызмет көлемін ұлғайту туралы өтініш:

      1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;

      2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде қаралады.

      Техникалық шарттар беру туралы өтініш Мемлекеттік корпорация арқылы берілген жағдайда, өтінішті қабылдау күні мен оның қаралу нәтижесін беру күні Көрсетілетін қызмет берушінің техникалық шарттар беру туралы өтінішті қарау мерзіміне кірмейді.

      12. Көрсетілетін қызмет берушінің өтінішін қарау қорытындысы бойынша:

      1) техникалық шарттар береді;

      2) техникалық шарттар беруден бас тартады.

      13. Көрсетілетін қызмет берушінің техникалық шарттар беруден мынадай жағдайларда бас тартады:

      1) талап етілетін реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін көрсету үшін қажетті Көрсетілетін қызмет берушінің желілерінің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілеттерінің болмауы;

      2) реттеліп көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті Көрсетілетін қызмет берушінің желілерінің немесе өзге де мүлкінің болмауы.

      14. Техникалық шарттар беруден бас тартылған жағдайда Көрсетілетін қызмет беруші:

      1) техникалық шарттар беруден бас тарту туралы шешімге уәжді негіздемені қоса тіркейді;

      2) уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және Көрсетілетін қызмет берушінің желілерінің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілеттерінің тапшылығын есептей отырып негізделген дәлелдемесін не Көрсетілетін қызмет берушінің желілерінің немесе реттелетін қызметті көрсету үшін қажетті өзге де мүліктің болмауы туралы негіздемені жібереді

2-параграф. Объектіні электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру

      15. Тұтынушылардың объектілерін Көрсетілетін қызмет берушінің электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға немесе реттелетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар мынадай жағдайларда беріледі:

      1) жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне қосу кезінде;

      2) бұрын берілген техникалық шарттарда көрсетілген қуаттан тұтынылатын электр қуатын ұлғайту кезінде;

      3.) сыртқы электрмен жабдықтау схемасын өзгерту кезінде;

      4) тұтынушының электр энергиясын қабылдағыштарының электрмен жабдықтау сенімділігі санатын өзгерту кезінде;

      5) тұтынушының жазбаша келісімі болған кезде бұрын берілген техникалық шарттарда көрсетілген қуаттан тұтынылатын электр қуатын азайту.

      16. "Объектіні электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.

3-параграф. Жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру

      17. Тұтынушылардың объектілерін Көрсетілетін қызмет беруші ұйымның жылумен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар мынадай жағдайларда беріледі:

      1) жаңа пайдалануға беріліп отырған объектілерді жылу желілеріне қосу кезінде;

      2) тұтынушының жылу энергиясын тұтыну көлемін немесе жылу тасымалдағыштың параметрлерін өзгерту кезінде, бұл тұтынушының жылу қондырғыларын қайта жаңғырту немесе кеңейтуге байланысты болып, қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда;

      3) жылу желілеріне бұрын қосылмаған нысанды қосу;

      4) сыртқы жылумен жабдықтау схемасын өзгерту.

      18. "Объектіні жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізімі осы Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген.

4-параграф. Газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру

      19. Газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар мына жағдайларда:

      1) газбен жабдықтау жүйелеріне қосылатын жаңа нысандарды жобалау және кейінгі құрылыс;

      2) қолданыстағы газбен қамтамасыз ету жүйесінен алынатын қызмет көлемін ұлғайту;

      3) нысанды қайта жаңғырту кезінде, егер бұл тұтынылатын қызметтердің көлемі мен сипаттамасын өзгертетін болса;

      4) нысанды қайта бағыттау (профильдеу) беріледі:

      20. "Объектіні газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізімі осы Үлгілік қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген.

5-тарау. Объектіні сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру

      21. Көрсетілетін қызметті алушылардың объектілерін Көрсетілетін қызметті көрсетушінің сумен жабдықтау және (немесе) кәріз жүйесіне қосу немесе реттелетін қызмет көлемін арттыру үшін техникалық шарттар келесі жағдайларда беріледі:

      1) жаңа пайдалануға беріліп жатқан объектілерді жүйеге қосу;

      2) тұтынушының қондырғыларын қайта құру немесе кеңейтуге байланысты тұтынылатын реттелетін қызметтердің санын өзгерткенде және ол қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмегенде;

      3) бұрын қосылмаған объектіні сумен жабдықтау және (немесе) кәріз жүйесіне қосу кезінде.

      23. "Объектіні сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізімі осы Үлгілік қағидалардың 5-қосымшасында көрсетілген.

3-тарау. Әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      23. Қызмет алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарайды және техникалық шарттарды беру туралы бұйрықты не дәлелді бас тартуды дайындап, оны уәкілетті тұлғаның қол қоюына жібереді.

      Бас тарту үшін негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері қызмет алушыны Әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ қызмет алушыға осы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет алушыға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижесі – оң шешім не дәлелді бас тарту жолданады.

      Әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым қызмет көрсетушінің басшысының атына немесе шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалып отырған лауазымды тұлғаға берілуі мүмкін.

      Әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарау жоғары тұрған әкімшілік органмен, лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырылады. Шағым жасалып отырған шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты қызмет көрсетуші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағым жасалып отырған қызмет көрсетуші, лауазымды тұлға егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдап, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Қызмет алушының тікелей әлеуметтік жауапты қызмет көрсетушіге келіп түскен шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Қызмет алушының әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана жол беріледі.

  "Объектілерді желілерге қосуға
арналған техникалық
шарттар беру" әлеуметтік
жауапкершілігі бар
қызметтер көрсетудің үлгілік
қағидаларына
1-қосымша

      1-нысан

  Тұтынушы:
__________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (болған жағдайда), тегі
немесе заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" _______

Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      Объектінің (қолданыстағы, реконструкцияланатын) толық атауы, оның мекенжайы, орналасқан жері, қосылу орны) _____________________________

      Техникалық шарттарды беру қажеттілігі (қажеттісін белгілеу):

      уақытша электрмен жабдықтауға (құрылыс кезеңіне), тұрақты негізде электрмен жабдықтауға)

      Мәлімделген қуат: ______________________ килоВатт (бұдан әрі – кВт)

      Кернеу деңгейі (қосылатын қондырғының номиналды кернеуі) Квт

      Электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты (қажеттісін белгілеу): (1, 2, 3)

      Қосалқы тұтынушылардың тізбесі және олардың электр қондырғыларының сипаттамалары:

      ______________________________________________________________

      Мыналар қоса беріледі:

      2-нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты(болған жағдайда), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемалары

      1) электрмен жабдықтаудың қазіргі жай-күйіне және үш, бес-он жылға арналған даму перспективасына шолу;

      2) тұтынушылардың электр жүктемелері және оларды өтеу көздері;

      3) қуат пен электр энергиясының теңгерімдері (қазіргі жай-күйі мен үш, бес-он жылға арналған перспективасы);

      4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;

      5) сыртқы электрмен жабдықтаудың ұсынылатын схемасының негіздемесі;

      6) қаралып отырған ауданның іргелес электр желілерімен бірге электр режимдерін (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер) есептеу;

      7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтарының деңгейлерін есептеу;

      8) релелік қорғау мен автоматиканы, аварияға қарсы автоматиканы орындау қағидаттары;

      9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;

      10) электр энергиясын есепке алу (есепке алу аспаптары);

      11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша жоспарланған іс-шаралар;

      12) электр желілік құрылыстың көлемі, құрылыс құнының ірілендірілген есебі;

      13) тұжырымдар;

      14) сызбалар: қағидаттық схемалар, карта-схемалар немесе ахуалдық жоспар, электр режимдерін есептеу нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемалары, релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын орналастырудың қағидаттық схемасы.

      3-нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      Объектінің (жұмыс істеп тұрған, реконструкцияланатын) толық атауы, оның мекенжайы, орналасқан жері, қосылу орны ______________________________

      Тұратындар саны, ыстық сумен жабдықтауды есепке алу аспаптарының саны (тұрмыстық тұтынушылар үшін) ___________________________________

      Техникалық шарттарды алу үшін негіз (қажеттісін белгілеу):

      жаңадан іске қосылатын объектілерді жылу желілеріне қосу;

      тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес

      келмейтін тұтынылатын жылу энергиясының санын

      (немесе жылу жеткізгіш параметрлерін) өзгерту;

      бұрын қосылмаған объектіні жылу желілеріне қосу;

      сыртқы жылумен жабдықтау схемасын өзгерту.

      Жоба болған жағдайда: жобаланатын объектіні сипаттайтын деректер, оны салудың нормативтік мерзімдері және объектіні пайдалануға берудің белгіленген мерзімдері, ең жоғары қосылатын жүктемелер:

      технологиялық мұқтаждар, жылыту және желдету, ыстық сумен жабдықтау___________________________________________________________ Тұтыну түрлері бойынша жылу жүктемелерінің сипаттамалары (жылу энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін, техникалық паспорт) және жылу техникалық есеп

      Мыналар қоса беріледі:

      4-нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факсы
және электрондық поштасы:
___________________________
___________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Газбен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      1. Объектінің толық атауы:___________________________________

      (тұрғын үй, дәмхана, дүкен және өзге де)

      2. Көрсетілетін қызметке қосылатын объектінің мекенжайы____________.

      3. Жалпы жылытылатын аудан: _____;

      4. Мынадай газ тұтыну жабдығын пайдалану үшін:

      1) жылыту қазандығы ____________________________________________;

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      2) газ плитасы __________________________________________________;

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      3) ағынды су жылытқыш _________________________________________;

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      4) өзге де_____________________.

      5. Газды ең көп сағат тұтынудың болжамды шығысымен______;

      6. Мыналарды қоса беремін:_______________.

      5-нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

      Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      1. Объектінің (жобаланатын, жұмыс істеп тұрған, реконструкцияланатын) толық атауы және мекенжайы:________________________________

      2. Объектінің мақсаты____________________________________________

      3. Ғимараттың биіктігі, қабаты, пәтер саны__________________________

      1. Сумен жабдықтау

      1. Суға қажеттілік: су сапасы м3/тәулігіне м3/ең көп сағат оның ішінде:

      1) шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне ______ м3/тәулік, ____ м3/ ең көп сағат

      2) өндірістік қажеттіліктерге ___________ м3/тәулік, __________м3/ ең көп сағат техникалық м3/тәулік м3/ ең көп сағат оның ішінде:

      3) өндірістік қажеттіліктерге _________ м3/тәулік, _________ м3/ ең көп сағат

      б) суаруға _______________ м3/тәулік, _________________м3/ ең көп сағат

      2. Өрт сөндіруге қажетті шығыс л /сек.

      2. Су бұру

      1. Ағынды сулардың жалпы мөлшері м3/ тәулік, м3/ ең көп сағат оның ішінде:

      1) фекальды ______________ м3/ тәулік, ___________м3 ең көп сағат

      2) өндірістік-ластанған ___________м3/ тәулік, _________м3/ ең көп сағат

      3) шартты-таза __________ м3/ тәулік, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағатын

      ____________ м3/ ең көп сағат.

      2. Өндірістік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамасы (тазартылғанағынды суларды су объектісіне тастаудың бекітілген шекті жол берілетін төгінділер (ШЖБТ) тізбесіне сәйкес ластаушы заттардың

      концентрациясы, РН, қышқылдардың, сілтілердің,

      жарылғыш, тұтанатын радиоактивті және басқа да заттардың концентрациясы)

      ________________________________________________________________

      3. Есепке алу аспабы

      Қосымшалар:______________________________________________________

      _________________________________________________________________

      6-нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
  20__ жылғы "_____" ________

      Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      ___________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар үшін сауалнама парағын жолдайды.

      Қосымша:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар үшін сауалнама парағы.

      20__ жылғы "_____" ________

      7-нысан

  Тұтынушы:
___________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

      Жылжымайтын мүлік объектісін газдандыруға арналған №____өтініш

      ___________________________________________________________________ (қорытындыны берген мемлекеттік органның атауы) (ұйымдар, кәсіпорындар)

      Жылжымайтын мүлік объектісін зерттеу жүргізді және мынаны анықтады:

      1) Жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      2) жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері (мекенжайы)

      3) жылжымайтын мүлік объектісінің нысаналы мақсаты

      4) жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

      Азаматтың өтініші негізінде _________________ мекенжайы бойынша орналасқан объектіні газдандыруға ________________, осы объектіні орталықтандырылған газбенжабдықтау жүйесіне қосуды сұраймыз. Бұл ретте, абонент жылжымайтын мүлік объектісінің өрт қауіпсіздігі талаптарына, құрылыс нормаларына және Қазақстан Республикасы қағидаларына сәйкес келеді және газ

      тарату желілерін жобалауға және қосуға арналған техникалық шарттарды алу үшін жауапты болады.

      Ескертпе: Қорытынды ілеспе хат болған кезде жарамды.

      Басшы __________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, қолы) Абонент________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, қолы)

      Күні 20___жылғы "_______"_______

  "Объектілерді желілерге қосуға
арналған техникалық шарттарды
беру"" әлеуметтік жауапты
қызметтер көрсетудің
Үлгілік қағидаларына
  2-қосымша

"Объектілерді электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапты қызметінің атауы

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Электр энергиясын беру жөніндегі/ желіге жіберуді техникалық диспетчерлеу және электр энергиясын тұтыну жөніндегі/ электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі Мемлекеттік тіркелімге енгізілген табиғи монополиялар субъектісі

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде;
3) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
4) электронды тасығышта.

3

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету мерзімі

1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін-бес жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде.

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нәтижесі

Желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды беру;
Дәлелді негіздемені қоса бере отырып, техникалық шарттарды беруден бас тарту.

6

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мерекелер туралы Заң) сәйкес түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) порталда немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке туралы кодекс пен заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Үлгілік қағидаларға
2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беруге өтінішке қоса беріледі:
1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
2) ахуалдық жоспар;
3) дербес немесе сарапшы ұйымды тарта отырып орындалған мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесі;
4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
5) электр қондырғыларының есептік қуаты 5 МВт және одан жоғары тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасы электр желілеріне қосу жоспарланып отырған энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісіледі. "Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасының" мазмұны осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшадағы 2-нысанда келтірілген;
6) сауалнама парағы.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызмет беруші техникалық шарттарды беруден мына жағдайларда бас тартады:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызмет берушінің желілерінің өткізу қабілеті, сыйымдылығы, орындары, бос және қолжетімді қуаттары болмаған жағдайда;
2) реттеліп көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызмет берушінің желілері немесе өзге де мүлкі болмаған жағдайда.

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

  "Объектілерді желілерге қосуға
арналған техникалық шарттарды
беру" әлеуметтік жауапты
қызметтер көрсетудің
Үлгілік қағидаларына
  3-қосымша

"Жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру туралы" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Әлеуметтік жауапты қызметінің атауы : "Жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру туралы"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Топырақтың, жер үсті және жер асты су объектілерінің, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының төгінді суының жылуын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектісі

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) электорнды тасығышта.

3

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету мерзімі

1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде.

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нәтижесі

Желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды беру;
Дәлелді негіздемені қоса бере отырып, техникалық шарттарды беруден бас тарту.

6

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мерекелер туралы Заң) сәйкес түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) порталда немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке туралы кодекс пен заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Үлгілік қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша жылумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру туралы өтінішке мыналар:
1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
2) өкіл өтініш берген кезде – өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар;
3) жылумен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
4) объектінің техникалық паспорты, ал объектінің сипаттамалары техникалық паспортқа сәйкес келмеген жағдайда – жылытылатын алаңдар мен көлемдерді өлшеу хаттамасы;
5) ең жоғары сағаттық жүктемелердің есебі, жылу техникалық есептеулер, сауалнама парағы (жеке тұлға тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын объектіні қосуға өтініш берген кезде ұсынылмайды);
6) енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, жылумен жабдықтауға арналған жоба (тұтынылатын жылу энергиясының мөлшерін немесе жылу жеткізгішінің параметрлерін өзгертуді талап ететін тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын қайта жаңарту немесе кеңейту кезінде) қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттері болмаған;
2) табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүлік болмаған жағдайда техникалық шарттарды беруден бас тартады.

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы цифрлық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

  "Объектілерді желілерге қосуға
арналған техникалық шарттарды
беру" әлеуметтік жауапты
қызметтер көрсетудің
Үлгілік қағидаларына
  4-қосымша

"Газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Әлеуметтік жауапты қызметінің атауы: "Газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру туралы"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорт мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды жалғау, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы сақтау, тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғау газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі Мемлекеттік тіркелімге енгізілген табиғи монополиялар субъектісі

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.​egov.​kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) электронды тасығышта.

3

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету мерзімі

1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде.

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нәтижесі

Желілерге қосылуға техникалық шарттар беру;
Дәлелді негіздемені қоса бере отырып, техникалық шарттарды беруден бас тарту.

6

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мерекелер туралы Заң) сәйкес түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) порталда немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке туралы кодекс пен заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Үлгілік қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру туралы өтінішке:
1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат, заңды тұлғалар үшін – дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не объект орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда) не жылжымайтын мүлік иесінің объектіні газдандыруға нотариалды түрде расталған келісімі (реттеліп көрсетілетін қызметке құрылысы аяқталған объект қосылған жағдайда), ал құжаттар болмаған жағдайда – жылжымайтын мүлік объектісін газдандыруға жергілікті атқарушы органдардан өтініш осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 7-нысан бойынша;
3) жер учаскесіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;
4) газдандырылатын объектіге (тұрғын үйге) техникалық паспорттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (реттеліп көрсетілетін қызметке құрылысы аяқталған объект қосылған жағдайда) немесе қолданыстағы (үйішілік) желілерді реконструкциялауға газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;
5) заңды тұлғалар үшін – көп қабатты үйлерді газдандыру кезінде тамақ дайындауға, жылытуға, желдетуге, ауа баптауға, ыстық сумен жабдықтауға шикі газды тұтынуға арналған гидравликалық есептемелер қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттері болмаған;
2) табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүлік болмаған жағдайда техникалық шарттарды беруден бас тартады.

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ақпараттық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

  "Объектілерді желілерге қосуға
арналған техникалық шарттарды
беру" әлеуметтік жауапты
қызметтер көрсетудің
Үлгілік қағидаларына
  5-қосымша

"Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Әлеуметтік жауапты қызметінің атауы: "Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру "

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы мемлекеттік тіркелімге енгізілген табиғи монополиялар субъектісі

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.​egov.​kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) электронды тасығышта.

3

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету мерзімі

1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде.

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нәтижесі

Желілерге қосылуға арналған техникалық шарттады беру;
Дәлелді негіздемені қоса бере отырып, техникалық шарттарды беруден бас тарту.

6

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мерекелер туралы Заң) сәйкес түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) порталда немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке туралы кодекс пен заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Үлгілік қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес 5-нысан бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішке:
1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
2) құрылыс учаскесінің 1:500 масштабтағы топографиялық түсірілімі (барлық жер үсті және жер асты коммуникацияларымен және құрылыстарымен);
3) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін өндірістік тұтыну кезінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін тұтынудың мәлімделген көлемдерін негіздейтін материалдар;
4) тұтынушының өндірістік сарқынды суларын тазалауға арналған жергілікті тазарту құрылыстарының (жұмыс істеп тұрған объектілер үшін) сипаттамасы;
5) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін өндірістік тұтыну кезінде елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызуға жататын сарқынды сулардың сипаттамасы:
өндірістік сарқынды сулардың түрлері бойынша шығыстары;
тұрмыстық сарқынды сулардың шығыстары;
бар жағдай кезіндегі және перспективадағы жекелеген көрсеткіштер бойынша (физикалық, химиялық, биохимиялық, бактериологиялық, радиоактивті) өндірістік сарқынды сулардың ластануының (талдауының) құрамы туралы деректері қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, орындар, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілеттері болмаған;
2) табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажет өзге де мүлік болмаған жағдайда техникалық шарттарды беруден бас тартады.

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ақпараттық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

  Бұйрыққа 2-қосымша
Заместитель Премьер-Министра –
Министр национальной
экономики Республики Казахстан
от 28 апреля 2026 года
№ 37

"Объектінің берілген техникалық шарттардың сәйкестігіне қосуға дайындығын тексеру" әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидалары

1- тарау. Жалпы ереже

      1. "Объектінің берілген техникалық шарттардың сәйкестігіне қосуға дайындығын тексеру" әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар салаларында әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметердің үлгілік тәртібін айқындайды.

      2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімшелер – өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды, бағаларды реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттеріне баға белгілеу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;

      2) әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызметті қоспағанда, тұрақты негізде көрсетілетін және жеке және заңды тұлғалардың базалық және қоғамдық маңызы бар қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған көрсетілетін қызмет;

      3) уәкілетті орган – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) уәкілетті органның ведомствосы – қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы;

      5) табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) – тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      6) тұтынушы (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) - реттеліп көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық түрде көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын цифрлық жүйе нысаны.

      Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамаларына және тиісті салалардағы Қазақстан Республикасының заңға тәуелді актілеріне сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік қағидалар әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 19-бабына сәйкес осы Үлгілік қағидаларға сәйкес әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің талаптары мен қағидаларын (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушінің қағидалары) әзірлейді және бекітеді.

      Бұл ретте Көрсетілетін қызметті берушінің осындай қағидалары Көрсетілетін қызметті алушылардың жағдайын нашарлатпайды және осы Үлгілік қағидаларда көзделген құжаттар тізбесін және бас тарту үшін негіздерді ұлғайтпайды.

2-тарау. Әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің тәртібі, мерзімдері және бас тарту негіздері

1-параграф. Объектіні электрмен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру

      5. Жұмыс аяқталғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушіге жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайындығы туралы хабарлайды.

      6. Өтініштерді қабылдау және жауапкершілігі бар қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде;

      4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;

      5) электронды тасығышта жүзеге асырылады.

      "Объектілерді желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру" әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4 және 5 нысандар бойынша өтініш (бұдан әрі - Өтініш) беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы арқылы жүзеге асырылады.

      7. "Объектінің электрмен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      8. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе ақпараттық жүйесі арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" әлеуметтік жауапты қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңы сәйкес жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Электрмен жабдықтау жүйелеріне қосылуға дайындық туралы өтініш берілген жағдайда, тұтынушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      11. Электрмен жабдықтау жүйелеріне қарауға қосуға әзірлік туралы өтінішті қабылданған жағдайда Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарға және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлікке тексеру жүргізеді.

      12. Берілген техникалық шарттарға және электрмен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығына сәйкес орындалған жұмыстарды тексеру қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрмен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру актісін береді.

      13. Атқарылған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайын екендігі туралы қайта хабарлайды.

2-параграф. Объектінің жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру

      14. Жұмыс аяқталғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушіге жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайындығы туралы хабарлайды.

      15. Жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығы туралы өтініштерді қабылдау "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе табиғи монополия субъектісінің немесе уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      16. "Объектінің жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе ақпараттық жүйесі арқылы алған кезде Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтінішті қарау мәртебесі көрсетіледі.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      19. Жылумен жабдықтау жүйелеріне қосылуға дайындық туралы өтініш берілген жағдайда, тұтынушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді ұсынса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      20. Жылумен жабдықтау жүйелеріне қарауға қосуға әзірлік туралы өтініш қабылданған жағдайда Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарға және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлікке тексеру жүргізеді.

      21. Берілген техникалық шарттарға және жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығына сәйкес орындалған жұмыстарды тексеру қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру актісін береді.

      22. Атқарылған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайын екендігі туралы қайта хабарлайды.

      3-параграф. Объектінің газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру

      23. Жұмыс аяқталғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушіге жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайындығы туралы хабарлайды.

      24. Газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығы туралы өтініштерді қабылдау "электорндық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе Көрсетілетін қызметті алушының немесе уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      25. "Объектінің газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

      26. Көрсетілетін қызметті берушінің "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы алған кезде Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтінішті қарау мәртебесі көрсетіледі.

      27. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      28. Газбен жабдықтау жүйелеріне қосылуға дайындық туралы өтініш берілген жағдайда, тұтынушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді ұсынса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      29. Газбен жабдықтау жүйелеріне қарауға қосуға әзірлік туралы өтініш қабылданған жағдайда Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарға және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға әзірлікке тексеру жүргізеді.

      30. Берілген техникалық шарттарға және газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығына сәйкес орындалған жұмыстарды тексеру қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру актісін береді.

      31. Атқарылған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайын екендігі туралы қайта хабарлайды.

      4-параграф. Объектінің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру

      32. Жұмыс аяқталғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушіге жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайындығы туралы хабарлайды.

      33. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға дайындығы туралы өтініштерді қабылдау "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе табиғи монополия субъектісінің немесе уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      34. "Объектінің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру" әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген.

      35. Қызметтерді "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы алған кезде Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтінішті қарау мәртебесі көрсетіледі.

      36. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      37. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосылуға дайындық туралы өтініш берілген жағдайда, тұтынушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді ұсынса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      38. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға әзірлік туралы өтініш қарауға қабылданған жағдайда Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде берілген техникалық шарттарға сәйкес атқарылған жұмыстарға және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайындыққа тексеру жүргізеді.

      39. Берілген техникалық шарттарға және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға дайындығына сәйкес атқарылған жұмыстарды тексеру қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру актісін береді.

      40. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін жұмыстардың аяқталғаны және реттеліп көрсетілетін қызметті алуға дайын екендігі туралы қайта хабарлайды.

3-тарау. Әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау, сондай-ақ қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері және бас тарту негіздері

      41. Қызмет алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарайды және жүйелерге қосылуға дайындық туралы бұйрықты не дәлелді бас тартуды дайындап, оны уәкілетті тұлғаның қол қоюына жібереді.

      Бас тарту үшін негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері қызмет алушыны Әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ қызмет алушыға осы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет алушыға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижесі – оң шешім не дәлелді бас тарту жолданады.

      Әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету нәтижелері бар шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға берілуі мүмкін.

      Әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің тікелей әлеуметтік жауапты қызметін көрсететін мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  "Объектінің берілген
техникалық шарттардың
сәйкестігіне қосуға
дайындығын тексеру"
әлеуметтік жауапкершілігі бар
қызметтер көрсетудің үлгілік
қағидаларына
  1-қосымша

      1-нысан

  Тұтынушы:
__________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (болған жағдайда), тегі
немесе заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының мекенжайы,
телефоны, факсы және
электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Объектінің электрмен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығы туралы өтініш

      1. Объектінің толық атауы (қолданыстағы, реконструкцияланатын), оның мекенжайы орналасқан жері, қосылу орны) _______________________________

      2. Қызметке қосылу объектісінің мекенжайы_________________________.

      3. Уақытша № техникалық шарттар электрмен жабдықтау (құрылыс кезеңі), тұрақты негізде электрмен жабдықтау)__________________________________.

      4. Жарияланған қуат: ______________________ килоВатт (бұдан әрі-кВт)

      Кернеу деңгейі (қосылатын кернеудің номиналды кернеуі орнату)________________________________________________________ Квт

      Электрмен жабдықтау сенімділігі санаты (қажетін белгілеу): (1, 2, 3)

      Қосалқы тұтынушылардың тізбесі және олардың Электр қондырғыларының сипаттамалары: _____________________________________________________

      Мыналар қоса беріледі:

      2-нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты(болған жағдайда), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

      Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемалары

      1) электрмен жабдықтаудың қазіргі жай-күйіне және үш, бес-он жылға арналған даму перспективасына шолу;

      2) тұтынушылардың электр жүктемелері және оларды өтеу көздері;

      3) қуат пен электр энергиясының теңгерімдері (қазіргі жай-күйі мен үш, бес-он жылға арналған перспективасы);

      4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;

      5) сыртқы электрмен жабдықтаудың ұсынылатын схемасының негіздемесі;

      6) қаралып отырған ауданның іргелес электр желілерімен бірге электр режимдерін (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер) есептеу;

      7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтарының деңгейлерін есептеу;

      8) релелік қорғау мен автоматиканы, аварияға қарсы автоматиканы орындау қағидаттары;

      9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;

      10) электр энергиясын есепке алу (есепке алу аспаптары);

      11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша жоспарланған іс-шаралар;

      12) электр желілік құрылыстың көлемі, құрылыс құнының ірілендірілген есебі;

      13) тұжырымдар;

      14) сызбалар: қағидаттық схемалар, карта-схемалар немесе ахуалдық жоспар, электр режимдерін есептеу нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемалары, релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын орналастырудың қағидаттық схемасы.

      3-нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

      Объектінің жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығы туралы арналған өтініш

      1. Объектінің (қолданыстағы, реконструкцияланатын) толық атауы, оның мекенжайы, орналасқан жері, қосылу орны ______________________________ ____________________________________________________________________

      Тұратындардың саны, ыстық сумен жабдықтауды есепке алу аспаптарының саны (тұрмыстық тұтынушылар үшін)

      2. Техникалық шарттар № _________________________________. жаңадан енгізілетін объектілердің жылу желілеріне қосылу; тұтынылатын жылу энергиясының мөлшерінің өзгеруі (немесе салқындатқыштың параметрлері), тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін; бұрын қосылмаған объектінің жылу желілеріне қосылу; сыртқы жылумен жабдықтау схемасын өзгерту.

      Жоба болған жағдайда: жобаланатын объектіні сипаттайтын деректер, оның құрылысының нормативтік мерзімдері және объектіні пайдалануға берудің белгіленген мерзімдері, ең жоғары қосылатын жүктемелер: технологиялық қажеттіліктер, жылыту және желдету, ыстық сумен жабдықтау ____________________________________________________________________.

      Тұтыну түрлері бойынша жылу жүктемелерінің сипаттамасы (тұрмыстық тұтыну үшін жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін, техникалық паспорт) және жылу техникалық есебі

      4-нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның атауы
_________________________
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факсы
және электрондық поштасы:
______________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

      Газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш

      1. Объектінің толық атауы: _________________________________________

                              (тұрғын үй, дәмхана, дүкен және өзге де)

      2. Көрсетілетін қызметке қосылатын объектінің мекенжайы_______________.

      3. Жалпы жылытылатын аудан: ______________________________________;

      4. Мынадай газ тұтыну жабдығын пайдалану үшін:

      1) жылыту қазандығы _______________________________________________;

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      2) газ плитасы _____________________________________________________;

      саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      3) ағынды су жылытқыш ____________________________________________;

                  саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      4) өзге де_____________________.

      5. Газды ең көп сағат тұтынудың болжамды шығысымен_________________;

      6. Мыналарды қоса беремін:__________________________________________.

      5-нысан

  Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

      Объектінің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға дайындығы туралы өтініш

      1. Объектінің атауы: ________________________________________________

                              (тұрғын үй, кафе, дүкен және т. б.)

      2. Қызметке қосылу объектісінің мекенжайы ___________________________

      3. Техникалық шарттар № ___________________________________________

      4. Іс жүзінде орнатылған газ тұтыну жабдықтары:

      1) Атауы _________________________________________________________

      саны (дана) (маркасы/ моделі/ өндірушісі / газ шығыны)

      2) Атауы _________________________________________________________

      саны (дана) (маркасы/ моделі/ өндірушісі / газ шығыны)

      өзге_____________________________________________________________.

      саны (дана) (маркасы/ моделі/ өндірушісі / газ шығыны)

      Осымен газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын және берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруды сұраймын.

      6. Қоса беремін: ___________________________________________________.

  "Объектінің берілген техникалық
шарттардың сәйкестігіне
қосуға дайындығын тексеру"
әлеуметтік жауапты қызметтер
көрсетудің Үлгілік қағидаларына
2-қосымша

"Объектіні электрмен жабдықтау желілеріне қосуға дайындығын тексеру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Әлеуметтік жауапты қызметінің атауы "Объектіні электрмен жабдықтау желілеріне қосуға дайындығын тексеру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Электр энергиясын беру жөніндегі/ желіге жіберуді техникалық диспетчерлеу және электр энергиясын тұтыну жөніндегі/ электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі Мемлекеттік тіркелімге енгізілген табиғи монополиялар субъектісі

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.​egov.​kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) электронды тасығышта.

3

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету мерзімі

1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін-бес жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде.

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нәтижесі

Электрмен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру актісі.

6

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету құнын есептеу жөніндегі қағидаларына сәйкес айқындалады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мерекелер туралы Заң) сәйкес түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) порталда немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке туралы кодекс пен заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Үлгілік қағидаларға
2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беруге өтінішке қоса беріледі:
1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
2) ахуалдық жоспар;
3) дербес немесе сарапшы ұйымды тарта отырып орындалған мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесі;
4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
5) электр қондырғыларының есептік қуаты 5 МВт және одан жоғары тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасы электр желілеріне қосу жоспарланып отырған энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісіледі. "Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасының" мазмұны осы Қағидаларға 4-қосымшадағы 2-нысанда келтірілген;
6) сауалнама парағы.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші техникалық шарттарды беруден бас тартады:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, көрсетілетін қызметті беруші желілерінің өткізу қабілеттерінің болмауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

  "Объектінің берілген
техникалық шарттардың
сәйкестігіне қосуға
дайындығын тексеру"
әлеуметтік жауапты қызметтер
көрсетудің Үлгілік қағидаларына
3-қосымша

"Объектінің жылумен жабдықтау желілеріне қосуға дайындығын тексеру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Әлеуметтік жауапты қызметінің атауы : "Объектінің жылумен жабдықтау желілеріне қосуға дайындығын тексеру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Топырақтың, жер үсті және жер асты су объектілерінің, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының төгінді суының жылуын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектісі

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) электронды тасығышта.

3

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету мерзімі

1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде.

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нәтижесі

Жылумен жабдықтау желілеріне қосуға дайындығын тексеру актісі.

6

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету құнын есептеу жөніндегі қағидаларына сәйкес айқындалады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мерекелер туралы Заң) сәйкес түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) порталда немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке туралы кодекс пен заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Үлгілік қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша жылумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру туралы өтінішке мыналар:
1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
2) өкіл өтініш берген кезде – өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар;
3) жылумен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
4) объектінің техникалық паспорты, ал объектінің сипаттамалары техникалық паспортқа сәйкес келмеген жағдайда – жылытылатын алаңдар мен көлемдерді өлшеу хаттамасы;
5) ең жоғары сағаттық жүктемелердің есебі, жылу техникалық есептеулер, сауалнама парағы (жеке тұлға тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын объектіні қосуға өтініш берген кезде ұсынылмайды);
6) енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, жылумен жабдықтауға арналған жоба (тұтынылатын жылу энергиясының мөлшерін немесе жылу жеткізгішінің параметрлерін өзгертуді талап ететін тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын қайта жаңарту немесе кеңейту кезінде) қоса беріледі.
Басқа тұтынушылардың техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілері үшін: көрсетілетін қызметті берушінің қағидаларына сәйкес газ беруге әзірлігін растайтын құжаттар.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші техникалық шарттарды беруден бас тартады:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, көрсетілетін қызметті беруші желілерінің өткізу қабілеттерінің болмауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

  "Объектінің берілген
техникалық шарттардың
сәйкестігіне қосуға
дайындығын тексеру"
әлеуметтік жауапты қызметтер
көрсетудің Үлгілік қағидаларына
4-қосымша

"Объектінің газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Әлеуметтік жауапты қызметінің атауы: "Объектінің газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорт мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды жалғау, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы сақтау, тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғау газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі Мемлекеттік тіркелімге енгізілген табиғи монополиялар субъектісі

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) электронды тасығышта.

3

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету мерзімі

1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде.

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нәтижесі

Газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға дайындығын тексеру актісі.

6

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету құнын есептеу жөніндегі қағидаларына сәйкес айқындалады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мерекелер туралы Заң) сәйкес түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) порталда немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке туралы кодекс пен заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Үлгілік қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес 4 нысан бойынша газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға әзірлік туралы өтінішке мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі:
1) тұрмыстық тұтынушылар үшін: Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген және бекітілген газбен жабдықтау жобасы;
газ тұтынатын жабдыққа паспорттар;
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес бекітілген газ тұтыну жүйесін пайдалануға қабылдау актісі;
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 536 бұйрығының талаптарына сәйкес ресімделген газ құбырының құрылыс паспорты;
желдету арналары мен түтін мұржаларын тексеру актісі;
газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетудің жасалған шарты.
2) басқа тұтынушылардың техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілері үшін:
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген және бекітілген газбен жабдықтау жобасы;
газ тұтынатын жабдыққа паспорттар;
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес бекітілген газ тұтыну жүйесін пайдалануға қабылдау актісі;
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 536 бұйрығының талаптарына сәйкес ресімделген газ құбырының құрылыс паспорты;
желдету арналары мен түтін мұржаларын тексеру актісі;
газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетудің жасалған шарты;
3) басқа тұтынушылардың техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілері үшін: көрсетілетін қызметті берушінің қағидаларына сәйкес газ беруге әзірлігін растайтын құжаттар.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші техникалық шарттарды беруден бас тартады:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, көрсетілетін қызметті беруші желілерінің өткізу қабілеттерінің болмауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

  "Объектінің берілген
техникалық шарттардың
сәйкестігіне қосуға
дайындығын тексеру"
әлеуметтік жауапты қызметтер
көрсетудің Үлгілік қағидаларына
5-қосымша

"Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттар беру туралы" әлеуметтік жауапты қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Әлеуметтік жауапты қызметінің атауы: "Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардыды беру "

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша мемлекеттік тіркелімге енгізілген табиғи монополиялар субъектісі

2

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде;
4) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы;
5) электронды тасығышта.

3

Әлеуметтік жауапты қызмет көрсету мерзімі

1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде.

4

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету нәтижесі

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға дайындығын тексеру актісі.

6

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету құнын есептеу жөніндегі қағидаларына сәйкес айқындалады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – мерекелер туралы Заң) сәйкес түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) порталда немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке туралы кодекс пен заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және әлеуметтік жауапты қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Әлеуметтік жауапты қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Үлгілік қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес 5-нысан бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішке:
1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
2) құрылыс учаскесінің 1:500 масштабтағы топографиялық түсірілімі (барлық жер үсті және жер асты коммуникацияларымен және құрылыстарымен);
3) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін өндірістік тұтыну кезінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін тұтынудың мәлімделген көлемдерін негіздейтін материалдар;
4) тұтынушының өндірістік сарқынды суларын тазалауға арналған жергілікті тазарту құрылыстарының (жұмыс істеп тұрған объектілер үшін) сипаттамасы;
5) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін өндірістік тұтыну кезінде елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызуға жататын сарқынды сулардың сипаттамасы:
өндірістік сарқынды сулардың түрлері бойынша шығыстары;
тұрмыстық сарқынды сулардың шығыстары;
бар жағдай кезіндегі және перспективадағы жекелеген көрсеткіштер бойынша (физикалық, химиялық, биохимиялық, бактериологиялық, радиоактивті) өндірістік сарқынды сулардың ластануының (талдауының) құрамы туралы деректері қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жауапты қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші техникалық шарттарды беруден бас тартады:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, көрсетілетін қызметті беруші желілерінің өткізу қабілеттерінің болмауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

10

Әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде әлеуметтік жауапты қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған немесе бір реттік парольді пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда әлеуметтік жауапты қызметті портал арқылы алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады