ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.05.2026 ж бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына және 6-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесі (түрлері);
2) Цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 77 қаулысымен бекітілген |
Цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктің тізбесі (түрлері)
Ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болатын цифрлық қаржы активінің базалық активі ретінде әрекет етуі мүмкін мүліктің тізбесі (түрлері):
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған);
2) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
3) акцияларды, борыштық бағалы қағаздарды, инфрақұрылымдық облигацияларды қоса алғанда, мемлекеттік емес бағалы қағаздар;
4) туынды бағалы қағаздар;
5) туынды қаржы құралдары;
6) басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі қатысу үлесі;
8) Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары;
9) банктік депозиттік сертификат;
10) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған банктік қарыз шарттарын қоспағанда, қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтары;
11) ақшалай міндеттемелерді (дебиторлық берешек) орындау жөніндегі, оның ішінде факторинг шарттарынан туындайтын талап ету құқықтары;
12) мөлшері активтер құнының көрсеткіштеріне (индекстеріне) немесе жоба қызметінің нәтижелеріне байланысты ақшалай төлемдерді алуға талап ету құқығы;
13) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде мүлікті (жылжымайтын және жылжымалы) жалға беру немесе өзге де коммерциялық пайдалануға беру нәтижесінде туындайтын ақшалай төлемдерді (кірістерді) алуға талап ету құқықтары;
14) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша талап ету құқықтары;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған астық қолхаттары;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған биржалық тауарлар;
17) бағалы металдар;
18) жылжымайтын мүлік құқығы.
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 76 қаулысымен бекітілген |
Цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау тәртібі
Осы Ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптар және ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болатын цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау қағидалары (бұдан әрі - Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына және 6-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және ақшаны қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары, қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активтерінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау тәртібін айқындайды.
1-тарау. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде әрекет етуге құқылы ұйымдарға қойылатын талаптар
1. Цифрлық қаржы активтің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның қызметін:
1) қаржы құралдарына, қаржы активтеріне, мүліктік құқықтарға (талаптарға) және/немесе басқа мүлікке қатысты кастодиандар, орталық депозитарий және қор биржасы;
2) бағалы қағаздарға және ұстаушылар тізілімін орталық депозитарий жүзеге асыратын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі қатысу үлестеріне қатысты орталық депозитарий;
3) тауарларға қатысты тауар қоймалары жүзеге асырады.
2. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым базалық активті осы цифрлық қаржы активінің эмитентінен сақтауға нақты алған кезден бастап оны есепке алудың сақталуына, шынайылығына және өзектілігіне жауап береді.
3. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым орталық депозитарийді және қор биржасын қоспағанда, осы цифрлық қаржы активі эмитентінің үлестес тұлғасы бола алмайды.
Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым өзіне сеніп тапсырылған цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін өз мүдделерінде, өзінің үлестес тұлғаларының мүдделерінде пайдаланбайды, оның ішінде өз міндеттемелері мен өз үлестес тұлғаларының міндеттемелері бойынша олармен жауап бермейді, аталған активтерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген іс-әрекеттер.
4. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым өз қызметінде:
1) осы цифрлық қаржы активтерінің эмитентімен жасалған шарттың талаптарына сәйкес сақтауға (кастодиандық қызмет көрсетуге) берілген цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді;
2) эмитенттің цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын базалық активтің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;
3) егер оның нарықтық құны немесе саны айналысқа шығарылған цифрлық қаржы активтерін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болған жағдайда, цифрлық қаржы активінің эмитентінен базалық активтің көлемін немесе құнын толықтыруды (толтыруды) талап етеді.
Эмитент активті оның нарықтық құны шығару бойынша міндеттемелер көлемінің тоқсан пайызынан төмен болған кезде толтырады;
4) цифрлық қаржы активтерін шығарған цифрлық қаржы активтері платформасының операторына цифрлық қаржы активінің базалық активінің жай-күйі, эмитенттің базалық активтің көлемін немесе құнын уақтылы толықтырмаған (толтырмаған) немесе толықтырудан (толтырудан) бас тартқан жағдайлары туралы ақпарат береді;
5) цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар мен эмитент алдында оның кінәсінен болған базалық активтің жоғалғаны немесе жетіспегені үшін келтірілген залал мөлшерінде жауапты болады;
Келтірілген залалдың мөлшері:
базалық активтің нарықтық құнына байланысты жоғалған немесе жетіспеушілік анықталған күніне мұндай жоғалту немесе жетіспеушілік міндеттерді тиісінше орындау кезінде анықталуы тиіс күн;
ұйымдастырылған сауда-саттық болған жағдайда - тиісті сауда алаңдарының немесе танылған ақпараттық жүйелердің баға белгілеулері негізінде;
нарықтық құн болмаған кезде - тәуелсіз бағалаушыны бағалау негізінде не цифрлық қаржы активтерін шығару шарттарында көзделген бағалау әдістемесіне сәйкес;
ішінара жоғалған (жетіспеген) жағдайда - жоғалған базалық активтің көлеміне тепе-тең.
6) базалық активтерді қабылдау, есепке алу, сақтау, бақылау, бағалау және қайтару тәртібін, сондай-ақ қамтамасыз етудегі бұзушылықтар анықталған кездегі іс-қимылдарды айқындайтын ішкі құжаттарды бекітеді.
5. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым қызметі тоқтатылған немесе банкрот болған жағдайда, ол базалық активтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында және цифрлық қаржы активтері эмитенттерімен жасалған шарттарда белгіленген тәртіппен осындай қызметті жүзеге асыруға құқығы бар басқа тұлғаға беруді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау
6. Кастодиан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларына және осы Талаптарға сәйкес базалық активі қаржы құралдары, қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар) және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.
Егер цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті сақтау жөніндегі қызметті бағалы қағаздар нарығының өзге кәсіби қатысушысы жүзеге асырған жағдайда, қаржы құралдарын сақтау Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде немесе номиналды ұстау қызметтерін көрсететін бағалы қағаздар нарығының басқа кәсіби қатысушысының номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жүзеге асырылады.
7. Тауар қоймасы тауар қоймасының ішкі құжаттарына сәйкес базалық активі тауарлар болып табылатын цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.
Базалық активті есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету үшін тауар қоймасы сақталатын тауарлардың ерекшелігіне сәйкес материалдық-техникалық базаны және инфрақұрылымды пайдаланады.
8. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың мүдделеріне қатер анықталған жағдайда тауар қоймасын ауыстыруды талап етуге құқылы.
9. Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым және цифрлық қаржы активтері платформасының операторы базалық активтің саны туралы деректерді айына кемінде бір рет салыстырып тексереді.
Базалық активтің саны туралы деректердің сәйкессіздігі анықталған кезде цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым бір жұмыс күні ішінде цифрлық қаржы активтері платформасының операторын хабардар етеді.
10. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы базалық активті сақтау жөніндегі ұйыммен бірлесіп, сәйкессіздіктер анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеру жүргізеді және есепке алу жүйелеріне тиісті түзетулер енгізуді және (немесе) базалық активтің жетіспейтін санын қалпына келтіруді қоса алғанда, олардың туындау себебін жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Сәйкессіздіктерді жою мүмкін болмаған жағдайда, цифрлық қаржы активтері платформасының операторы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы уәкілетті органға:
себептер мен қабылданған шаралар;
базалық активтің жоғалу немесе жетіспеу фактілері;
егер эмитент 3 (үш) жұмыс күні ішінде толтыру туралы талапты орындамаса, эмитенттің қамтамасыз етуді толтыру жөніндегі міндетін орындамағаны туралы.
3-тарау. Цифрлық қаржы активінің базалық активіне билік етуге шектеу
11. Базалық активтің шығуына оператор цифрлық қаржы активі эмитентінің міндеттемелерін өтеу (орындау) платформасын растаған кезде ғана жол беріледі, бұл ретте базалық активті сақтау жөніндегі ұйымның цифрлық қаржы активтері платформасының операторы ұсынған өтеу туралы есеп (жазбаша растау) цифрлық қаржы активі эмитентінің міндеттемелерін өтеуді (орындауды) растау болып табылады.