"Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 сәуірде № 38503 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.10.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2026 жылғы 20 сәуірдегі
№ 197 бұйрығына қосымша

"Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу тәртібін айқындайды.

      2. "Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

      маңдайша – дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат.

      4. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. "Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес берілген.

      6. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда өтінішті және маңдайша эскизін тапсырады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші – құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген талон береді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар түскен күні қабылдауды жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде құжаттарды қабылдау, мемлекеттік қызметті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру құжаттар қабылданған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күнін құрайды.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың дұрыстығын "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және маңдайшаның эскизін келіседі.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      11. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы.

      13. Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      14. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.

  "Маңдайшаны республикалық
маңызы бар қалада, астанада,
облыстық және аудандық
маңызы бар қалада, ауылда,
кентте орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына 1-қосымша

"Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

1) республикалық маңызы бар қалада, астанада - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы;
2) облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте - облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органы.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

жоқ

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асады.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Құжаттар қабылданған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетудің нысаны

Электрондық/ішінара цифрландырылған және қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Маңдайша эскизін келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес (Астана қаласы сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 07.30-дан 17.00-ге дейін; Алматы облысы сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін; Шығыс Қазақстан облысы сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін; Ақтөбе облысы 12.30-дан 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін; Алматы қаласы сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан 18.00-ге дейін; Маңғыстау облысы сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; Жетісу облысы, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Абай облысы, Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ұлытау облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; Түркістан облысы, Қызылорда облысы, Шымкент қаласы 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін);
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) маңдайша эскизі;
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Портал арқылы:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;
2) маңдайша эскизінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден Портал арқылы алады.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері бойынша, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  "Маңдайшаны республикалық
маңызы бар қалада, астанада,
облыстық және аудандық
маңызы бар қалада, ауылда,
кентте орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына 2-қосымша
  Нысаны
  ___________________________
  республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, облыстық
маңызы бар қаланың, ауданның
жергілікті атқарушы органы
(қажеттісін жазу)
____________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
___________________________
тұлғаны куәландыратын
құжаттың деректемелері
___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН) немесе заңды бизнес
сәйкестендіру нөмірі (БСН),
____________________________
байланыс телефоны, мекенжайы

Өтініш

      Маңдайшаны орналастыруды келісуіңізді сұраймын.

      Елді мекеннің атауы _____________________________

      Орналасқан мекенжайы __________________________

      Күні _______________

      Көрсетілетін қызметті алушы ______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ______________________________________________________________

      жеке немесе заңды тұлғаның атауы

      ______________________________________________________________

      не уәкілетті тұлғаның қолы)

      ____ жыл "__" ___________ дербес деректерді жинауға, өңдеуге жазбаша,

      мемлекеттік сервис, мемлекеттік емес сервис арқылы не келісімді алғанын растауға

      мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен келісемін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады