БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22548 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық жүктемесі коэффициентінің орташа салалық мәнінің есебі "Салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 620 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №37218 болып тіркелген) бекітілген салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларының 3 және 4-тармақтарына сәйкес айқындалатындығы белгіленсін.
Бұл ретте салықтық жүктеменің орташа салалық коэфициенті мәнінің есебі әрбір күнтізбелік жыл үшін жеке жүргізіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
