"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығына және "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 79-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 сәуірде № 38367 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17379 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – оператор) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шартты "Бірыңғай сатып алу платформасы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) сәйкес білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен бюджет қаражатының көлемі шегінде тапсырыс беруші жасайды.".

      2. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқыту психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдарына сәйкес:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жас топтарында (үш тәрбиеленушіден артық емес);

      2) және (немесе) тәрбие мен оқытудың арнайы бағдарламасы бойынша бұзылыс түрлері негізіндегі арнайы топтарда қарастырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде тәрбиленушілерге инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.

      Мектепке дейінгі ұйымдар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелді) сәйкес тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға (адамдарға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.";

      14-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мектепке дейінгі ұйым психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдарына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоспағанда, алты жасқа толған тәрбиеленушілерді шығаруды олар мектепалды даярлық бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгергеннен кейін жыл сайын 1 маусымнан бастап 1 тамыз аралығындағы кезеңде жүзеге асырады;

      мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарынан шығару психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдарына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоспағанда, жыл сайын 31 мамырда жүзеге асырылады;

      4) ағымдағы жылы 1-31 тамыз аралығында:

      тәрбиеленушілер бір жас тобынан басқасына олардың күнтізбелік жылдың соңына дейінгі толық жасын ескере отырып ауыстырылады;

      ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші жартысында мектепке дейінгі ұйымның мектепалды тобына қабылданған балалар мектепалды топқа қайта қабылданады;

      мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарын жинақтауда тәрбиеленушілердің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық бес жасы және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдарына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды ескере отырып, жүзеге асырылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ж. Сулейменова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады