Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 50 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 сәуірде № 38331 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесінде (бұдан әрі – Нормативтер):

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентін есептеуді микроқаржы ұйымы мынадай түрде жүзеге асырады:

     


      мұнда:

      КБК – қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті;

      ӨҚБС – қарыз алушының барлық өтелмеген банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша берешек сомасы;

      ӨҚБС қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары мен микрокредиттері бойынша берешектің жиынтық сомасы барлық өтелмеген қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомаларын, шарттарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген кредиттік карточка бойынша кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі бойынша сомаларды, сондай-ақ шарттарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген кредиттік лимиттің, кредиттік карточканың пайдаланылмаған бөлігінің 10 (он) пайызын қоса алғанда есептеледі;

      ЖБС – қарыз алушының Нормативтердің 13-тармағында көзделген жағдайларда туындайтын жаңа берешегі бойынша сома;

      ҚЖЖТ – қарыз алушының жылдық жиынтық кірісі қарыз алушының өтініш берген күнінің алдындағы соңғы 6 (алты) айдағы, Нормативтердің 19-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттар негізінде айқындалған қарыз алушының жалақысының және (немесе) кірістерінің өзге де түрлерінің орташа айлық сомасын 12-ге көбейтіп есептеледі.

      Нормативтердің 19-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттар негізінде қарыз алушының кірісін айқындау кезінде, микроқаржы ұйымы қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын кірістердің:

      қарыз алушы кірісінің екі және одан да көп өлшемшарттарында сол бір кіріс көзінің қайталануы;

      сол бір қарыз алушының меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен шоттар арасындағы транзакциялар есебінен қарыз алушының дебеттік карточкасын, ағымдағы шоттарын, депозиттерін толықтыру есебінен кірістердің жоғарлауының болмауына тексеру жүргізеді.";

      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыш жүктемесі коэффициенті

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      16. Микроқаржы ұйымы қарыз алушысының борыш жүктемесі коэффициентінің шекті мәні 0,5 (нөл бүтін оннан бес) мөлшерінде белгіленеді.

      Ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушының немесе соңғы 12 (он екі) айда банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің шекті мәні 0,25 (нөл бүтін жүзден жиырма бес) мөлшерінде белгіленеді.

      17. Микроқаржы ұйымы:

      қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде микрокредит (микрокредиттің бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға микрокредит беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған микрокредит беру туралы шарты (шарттары) шеңберінде қосымша микрокредит беру;

      микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес осы микрокредит бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) микрокредит талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

      Кредиттік желі деп микроқаржы ұйымының қарыз алушыға микрокредит алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ микрокредиттер беру қағидаларында және кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома мен уақыт шегінде қарыз алушыға микрокредит беру міндеттемесі түсініледі.

      Кредиттік лимит деп кредиттік желінің шекті сомасы түсініледі.

      Қарыз алушы деп Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес микроқаржы ұйымының қызметтерін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлға түсініледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген микрокредиттерге, сондай-ақ қарыз алушы құжаттарды және (немесе) өзге де мәліметтерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, оның кәсіпкерлік қызметін растайтын, мұндай құжаттарды және мәліметтерді талдау нәтижелерін кейіннен микроқаржы ұйымы бағдарламалық қамтылымында және (немесе) қарыз алушысының кредиттік досьесінде сақтай отырып, дара кәсіпкерлер болып табылмайтын қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты мақсаттарға берілген микрокредиттерге қолданылады.

      Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентін сақтау жөніндегі талап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда:

      пайдалануда болмаған және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет тіркелетін және микрокредит бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;

      бастапқы жарнасы осы автокөлік құралы құнының кемінде 50 (елу) пайызын құрайтын пайдалануда болған және микрокредит бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;

      бастапқы жарнасы осы автокөлік құралының құнынан кемінде 30 (отыз) пайыз болатын 3 (үш) жылға дейін пайдалануда болған және микрокредит бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін микрокредит берілген кезде қолданылмайды.

      Микроқаржы ұйымы кредиттік тәуекелдерді мониторингтеу мақсатында осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген микрокредиттер бойынша қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

      18. Микроқаржы ұйымы қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін екі кезеңмен есептейді:

      1) бірінші кезең – қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау;

      2) екінші кезең – қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу.

      19. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау төмендегідей жүзеге асырылады:

      ҚК ≥ ЕТКДШ + 0,5 * ЕТКДШ * Сктом,

      мұндағы:

      ҚК – қарыз алушының кірісі;

      ЕТКДШ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Бюджет туралы заң) тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы";

      Сктом – отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің саны.

      Қарыз алушының кірісі мына өлшемшарттардың біреуі және (немесе) бірнешеуі:

      1) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы ресми кірісі.

      Ресми кіріс деп мынадай құжаттардың бірі және (немесе) бірнешеуінің негізінде есептелген орташа айлық кіріс түсініледі:

      жұмыс берушіден жалақы және өзге де кірістер түсетін банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмелер немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының міндетті зейнетақы жарналары, салымшының (алушының) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорынан алынған ақпарат немесе міндетті зейнетақы жарналарының, жеке табыс салығының төленген сомаларын шегергенде, орталық атқарушы органдардың және заңды тұлғаларға тиесілі не ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың жеке тұлғалардың кірістері туралы ақпарат бөлігінде дерекқордан алынған ақпарат;

      зейнетақы төлемдері түсетін банктік шоттан ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме;

      "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша, аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері түсетін банктік шоттан ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме;

      Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес арнайы салық режимін қолданатын қарыз алушының кірістері туралы ақпарат:

      өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар үшін – арнайы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімінде көрсетілген кірістер туралы мәліметтер немесе Салық кодексінде көзделген кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде;

      оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар-дара кәсіпкерлер үшін – Салық кодексіне сәйкес салық органдарына берілетін салық есептілігінде көрсетілген шығыстар сомасын және жеке табыс салығының төленген сомасын шегергендегі кірістер туралы мәліметтер негізінде;

      2) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы дебеттік карточкасы бойынша шығыстардың орташа айлық сомасы;

      3) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы дебеттік карточканы толықтырудың орташа айлық сомасы;

      4) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы депозиттегі және (немесе) ағымдағы шоттағы қалдықтардың орташа айлық сомасының айларда көрсетілген берілетін микрокредит мерзіміне қатынасы;

      5) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) ай үшін депозиттерді және (немесе) ағымдағы шоттарды толықтырудың орташа айлық сомасы;

      6) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) ай үшін депозиттерден және (немесе) ағымдағы шоттардан алынған қаражаттың орташа айлық сомасы;

      7) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік соңғы 6 (алты) айдағы борыш жүктемесі коэффициентінің 0,5 (нөл бүтін оннан бес) рұқсат етілген мәніне төлем мерзімін өткізусіз жасаған өтелген және (немесе) өтелмеген банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша қарыз алушының ай сайынғы төлемдері сомасының орташа мәніне қатынасы ретінде айқындалатын қарыз алушының кірісі;

      8) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдаудан орташа айлық кірісі (мұндай кірістер делдал компания арқылы расталған кезде);

      9) қарыз алушының өтініш жасаған күнінің алдындағы 6 (алты) айдағы жұмыс орнынан түсетін кірістер туралы анықтаманың және (немесе) оқу орнынан алынатын стипендияның мөлшері туралы анықтаманың негізінде есептелген орташа айлық кірісі негізінде айқындалады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қарыз алушы тиісті құжаттарды ұсына отырып растайды және (немесе) микроқаржы ұйымы қарыз алушының жазбаша нысанда не қарыз алушының идентификаттау құралы арқылы берген келісімі негізінде сұратады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттар негізінде қарыз алушының кірісін айқындау және қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеген кезде қарыз алушының өз шоттары арасында жасаған және банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді алуға байланысты операциялары есепке алынбайды.

      Атаулы әлеуметтік көмекті алушыға және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгісі бар қарыз аушыға қатысты оның кірісін бағалау осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ресми кірісі негізінде айқындалады.

      Ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгісі бар қарыз алушы деп соңғы аяқталған 6 (алты) ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам жалпы сомаға 6 (алты) және одан көп төлемдер жасаған жеке тұлға түсініледі.

      Қарыз алушының ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жүргізген төлемдердің күні мен сомасы туралы ақпаратты микроқаржы ұйымы кредиттік бюродан алынған қарыз алушының кредиттік есебінің негізінде айқындайды.

      Жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушыға қатысты кірісті бағалау осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген кірістер негізінде айқындалады.

      20. Қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген банктік қарыздары, микрокредиттері бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда, барлық өтелмеген қарыз алушының банктік қарыздары, микрокредиттері бойынша ай сайынғы төлем мен Нормативтердің 17-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы 6 (алты) айдағы орташа ай сайынғы кірісіне қатынасы ретінде былайша есептеледі:

     


      мұндағы:

      БЖК – борыш жүктемесінің коэффициенті;

      ӨҚТi – қарыз алушының өтелмеген банктік қарызы, микрокредиті (өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары) бойынша Нормативтердің 21-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;

      МТi – қарыз алушының өтелмеген банктік қарызы, микрокредиті (өтелмеген банктік қарыздары, микрокредиттері) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;

      БТ – қарыз алушының жаңа берешегі бойынша Нормативтердің 21-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;

      n – қарыз алушының өтелмеген банктік қарыздарының, микрокредиттерінің саны;

      К – қарыз алушының Нормативтердің 21-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа кірісі.

      Қарыз алушының автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттер бойынша борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының микрокредит бойынша ай сайынғы төлемінің мөлшері өтімділік коэффициентіне түзетілген, автокөлік түріндегі кепіл құнына азайтылған өтелуге тиіс берешек сомасының (негізгі борыш сомасынан және микрокредиттің бүкіл кезеңі үшін есептелетін сыйақыдан тұратын) берілетін микрокредиттің айлармен көрсетілген мерзіміне 0,7 (нөл бүтін оннан жетіге) тең қамтамасыз ету құнына қатынасы ретінде айқындалады.

      Автокөлік құралының орташа нарықтық құны Халықаралық қаржылық есептіліктің № 13 "Әділ құнды бағалау" стандартына және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәуелсіз бағалау немесе микроқаржы ұйымының бағалауы негізінде айқындалады.

      21. Қарыз алушының өтелмеген банктік қарызы, микрокредиті (өтелмеген банктік қарыздары, микрокредиттері) бойынша ай сайынғы төлемі өтелмеген банктік қарыз, микрокредит бойынша ай сайынғы мәніне келтірілген мерзімді төлемге (өтелмеген банктік қарыз, микрокредит бойынша мерзімді төлемдердің сомасына) тең болып қабылданады.

      Ай сайынғы мәніне келтірілген өтелмеген банктік қарыз, микрокредит бойынша мерзімді төлем банктік қарызды, микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген банктік қарыз, микрокредит бойынша мерзімді төлемді микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген банктік қарыз, микрокредит бойынша мерзімді төлемдер санының жылдық мәндегі он екіге қатынасына көбейтіндісі ретінде есептеледі:

     


      мұндағы:

      КТАЙ – өтелмеген банктік қарыз, микрокредит бойынша аймен көрсетілген мерзімді төлем;

      КТКЕСТЕ – микрокредитті, банктік қарызды өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген банктік қарыз, микрокредит бойынша мерзімді төлем;

      КТСЖЫЛ – жылмен көрсетілген өтелмеген банктік қарыз, микрокредит бойынша мерзімді төлемдердің саны.

      Өтелмеген микрокредит, банктік қарыз бойынша жылмен көрсетілген мерзімді төлемдердің саны өтеу кестесіне сәйкес банктік қарыз, микрокредит бойынша төлемдерді жүзеге асыру кезеңділігін сипаттайтын күндер санына үш жүз алпыс күннің қатынасы ретінде есептеледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігін есептеу мақсаттары үшін бір айдағы күндер саны отызға тең деп қабылданады.

      Банктік қарызды, микрокредитті өтеу кестесіне, банктік қарызға және (немесе) төлемдерді жүзеге асырудың күндермен көрсетілген мерзімділігіне сәйкес мерзімді төлем туралы деректер болмаған кезде өтелмеген банктік қарыз, микрокредит бойынша ай сайынғы төлем банктік қарыз, микрокредит бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша қалдық сомасының осы микрокредиттің қалған мерзіміне, айлармен көрсетілген банктік қарызға, микрокредитке қатынасы ретінде есептеледі.

      Өтелмеген банктік қарыз, микрокредит (өтелмеген банктік қарыздар, микрокредиттер) бойынша ай сайынғы төлемге кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерін бағалау, кредиттік карточка бойынша, сондай-ақ талаптарында қарыз алушыны кредиттік лимит шеңберінде кредиттеу көзделген төлем карточкасы бойынша ай сайынғы төлем кіреді.

      Кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі ретінде қарыз алушының ашық кредиттік желі шеңберінде алған қарызы (траншы) бойынша борыштың қалдығы түсініледі.

      Кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерін бағалау кредиттік бюроның деректері негізінде айқындалады немесе кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі мөлшерінің шартта айқындалған, айлармен көрсетілген осы лимиттің қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

      Кредиттік карточкасы бойынша, сондай-ақ талаптарында қарыз алушыны кредиттік лимит шеңберінде кредиттеу көзделген төлем карточкасы бойынша ай сайынғы төлем кредиттік карточкасы, талаптарында қарыз алушыны кредиттік лимит шеңберінде кредиттеу көзделген төлем карточкасы бойынша пайдаланылған кредиттік лимиттің тиісінше он пайызға көбейтіндісі ретінде есептеледі.

      Қарыз алушының өтелмеген банктік қарызы, микрокредиті бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасына мерзімі өткен негізгі борыштың, мерзімі өткен сыйақының сомасы және микроқаржы ұйымының, екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржы ұйымының, сондай-ақ тізбесі "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген өзге де ақпарат берушілердің (бұдан әрі – ақпарат берушілер) балансы үшін есептен шығарылған берешек сомасы кіреді.

      Банктік қарыз, микрокредит беру туралы бұрын жасалған шартты (шарттарды) қайта қаржыландыру мақсатында қарыз алушыға микрокредит беру жүзеге асырылған жағдайда, қайта қаржыландыруға жататын өтелмеген банктік қарыз (банктік қарыздар), микрокредит (микрокредиттер) бойынша берешек сомасы ай сайынғы төлем есебінде және өтелмеген банктік қарыз (банктік қарыздар), микрокредит (микрокредиттер) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасында есепке алынбайды.

      Микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес осы микрокредит бойынша мерзімді төлемдер мөлшерін ұлғайтуға әкеп соғатын және ашық кредит желісінің кредиттік лимитін және (немесе) микрокредит мөлшерін ұлғайтуды көздемейтін микрокредит беру туралы бұрын жасалған шартты (шарттарды) қайта құрылымдау мақсатында жүзеге асырылатын қарыз алушының ашық кредит желісінің және (немесе) микрокредит мөлшерінің талаптары өзгерген жағдайда, қарыз алушының қарыз алушының өтелмеген микрокредиттері бойынша мерзімі өткен төлемдер нөлге тең деп қабылданады.

      Банктік қарызды, микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес мерзімді төлем, негізгі борыштың қалдығы, өтелмеген банктік қарыздар, микрокредиттер кредиттік лимит, кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі бойынша сыйақы қалдығы, өтелмеген қарыз алушының банктік қарыздары, микрокредиттері бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомалары туралы ақпаратты микроқаржы ұйымы кредиттік бюрода сұратады.

      Мерзімді төлемдерді, негізгі борыштың қалдығын, өтелмеген банктік қарыздар, микрокредиттер бойынша сыйақы қалдығын, кредиттік карточкасы бойынша, сондай-ақ төлем карточкасы бойынша ай сайынғы төлемді, кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерін бағалауды және қарыз алушының өтелмеген банктік қарыздары, микрокредиттері бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын есепке алуға барлық ақпарат берушілер кредиттік бюроға ұсынатын мәліметтер енгізіледі.

      Қарыз алушының өтелмеген микрокредиттеріне Нормативтердің 17-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген микрокредиттер, сондай-ақ қарыз алушыда бар банктік қарыздар, Нормативтердің 17-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілмеген өтелмеген микрокредиттер жатады.

      Қарыз алушының жаңа берешегі бойынша орташа айлық төлем өтеу кестесіне сәйкес есептелген негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдер сомасының айларда көрсетілген осы микрокредиттің мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

      Шарттарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген кредиттік желі бойынша міндеттеме болып табылатын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша орташа ай сайынғы төлемді есептеу осы тармақтың жетінші және сегізінші бөліктеріне сәйкес жүргізіледі.

      Қарыз алушының орташа айлық кірісі Нормативтердің 19-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарт негізінде қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан 6 (алты) ай үшін айқындалған кіріс мөлшерінің 6 (алты) қатынасы ретінде есептеледі.

      Нормативтердің 19-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттар негізінде қарыз алушының кірісін айқындау кезінде, микроқаржы ұйымы қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын кірістердің:

      қарыз алушы кірісінің екі және одан да көп өлшемшарттарында сол бір табыс көзінің қайталануы;

      сол бір қарыз алушының меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен шоттар арасындағы транзакциялар есебінен қарыз алушының дебеттік карточкасын, ағымдағы шоттарын, депозиттерін толықтыру есебінен кірістердің жоғарлауының болмауына тексеру жүргізеді.

      Микроқаржы ұйымы қарыз алушының орташа айлық кірісінің есебіне қабылдайтын кірістердің түрлері қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан 6 (алты) ай ішінде кез келген екі айдан кем алынбауға тиіс.

      Микроқаржы ұйымдары атаулы әлеуметтік көмек алушының және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлғаның белгілері бар қарыз алушының және (немесе) кредиттік тарихында соңғы он екі айда банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі туралы ақпарат бар қарыз алушының орташа айлық кірісін есептеуді Нормативтердің 19-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ресми кіріс негізінде жүзеге асырады.

      Микроқаржы ұйымдары Нормативтердің 19-тармағының екінші бөлігінің 1), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген кірістер негізінде жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушының орташа айлық кірісінің есебін жүзеге асырады.

      22. Егер:

      Нормативтердің 19-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарт негізінде айқындалатын кіріс мөлшері Бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан және отбасының әрбір кәмелетке толмаған мүшесіне шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің жартысынан аз болған;

      қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің мәні Нормативтердің 16-тармағында белгіленген шекті мәндерден асқан;

      қарыз алушының банктік қарыздар бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам және (немесе) микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер берген микрокредиттер бойынша 1 (бір) күннен астам негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі болған;

      қарыз алушының соңғы 36 (отыз алты) айдағы банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешегі болған;

      кепілсіз тұтынушылық микрокредит бойынша мерзім 5 (бес) жылдан асқан;

      қарыз алушының бір немесе бірнеше банктік қарыздары немесе микрокредиттері бойынша соңғы 12 (он екі) айда қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпейтін қайта құрылымдау жүргізілген жағдайда;

      микроқаржы ұйымы қарыз алушыға микрокредит, сондай-ақ қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде микрокредит, сондай-ақ микрокредит (микрокредиттің бір бөлігін) беру, қарыз алушыға кредит желісін ашу (кредиттік лимитті белгілеу), микрокредит беру, микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес осы микрокредит бойынша мерзімді төлемдер мөлшерін ұлғайтуға әкеп соғатын ашық кредит желісінің және (немесе) қарыз алушының микрокредитінің талаптарын өзгерту туралы жасалған шарт (шарттар) шеңберінде қосымша микрокредит беру туралы оң шешімдер қабылдамайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің бесінші абзацының мақсаттары үшін 2025 жылғы 1 шілдеден бастап банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешек ескеріледі, оны кредиттік бюродан алынған қарыз алушының кредиттік есебі негізінде айқындайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің жетінші абзацының мақсаттары үшін қарыз алушының банктік қарыз немесе микрокредит міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жүргізілген қайта құрылымдау ескеріледі. Қарыз алушының міндеттемелерді тиісінше орындауына ықпал етпейтін қайта құрылымдау өлшемшарттары бұрын жасалған банктік қарыз шарттарының немесе микрокредит беру туралы шарттарының бір немесе бірнеше мынадай талаптарға сәйкестігі болып табылады:

      1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша берешек сомасы қайта құрылымдау сәтінен кейінгі 6 (алты) ай ішінде 5 (бес) және одан да көп пайызға азаймады;

      2) банктік қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі бар және соңғы 12 (он екі) айда 2 (екі) және одан да көп қайта құрылымдау жүргізілді;

      3) қайта құрылымдалған банктік қарыз бойынша сыйақының негізгі борышқа қатынасы 20 (жиырма) пайыздан асады;

      4) негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті жабатын жаңа банктік қарыз немесе микрокредит беру жолымен банктік қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешекті ішкі немесе сыртқы қайта қаржыландыру жүргізілді.

      Микроқаржы ұйымы Нормативтердің 18, 19, 20 және 21-тармақтарының талаптарына сәйкес қарыз алушының борыш жүктемесін дербес айқындайды.";

      Пруденциялық нормативтерге және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесіне қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген микроқаржы ұйымы активтерінің кестесінде:

      54 және 56-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

554.

Микрокредит сомасын толығымен өтейтін кепілмен қамтамасыз етілген тұтынушылық микрокредиттер, оның ішінде, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жеке тұлғалармен күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредиттер және оның ішінде мына шарттарда берілген микрокредиттер:
1) микрокредит сомасын қайтару және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы төлеу бойынша міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайызынан аспауға тиіс;
2) микрокредиттің нысанасын қоспағанда, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы мен тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының барлық төлемдері жиынтығында микрокредит беру туралы шарттың бүкіл қолданылу кезеңінде берілген микрокредит сомасының жартысынан аспауға тиіс;
3) тараптардың келісімі бойынша қолданыстағы немесе жақсартатын шарттарда микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге ұлғайтуға жол беріледі.

150

      ";

      "

 
556.

Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жеке тұлғалармен күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес кепілсіз микрокредиттер және оның ішінде мына шарттарда берілген микрокредиттер:
1) микрокредит сомасын қайтару және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы төлеу бойынша міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайызынан аспауға тиіс;
2) микрокредиттің нысанасын қоспағанда, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы мен тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының барлық төлемдері жиынтығында микрокредит беру туралы шарттың бүкіл қолданылу кезеңінде берілген микрокредит сомасының жартысынан аспауға тиіс;
3) тараптардың келісімі бойынша қолданыстағы немесе жақсартатын шарттарда микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге ұлғайтуға жол беріледі.

500

      ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген микроқаржы ұйымы активтерінің кестесіне қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралануға жататын Микроқаржы ұйымы активтерінің есебіне түсіндірмеде:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Кестенің 22, 34, 48 және 70-жолдарында көрсетілген секьюритилендіру позициялары секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер болып табылады және секьюритилендіру мәмілесіне байланысты микроқаржы ұйымында туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді. Секьюритилендіру позициясын позицияныңкредиттік сапасы негізінде тиісті тәуекел дәрежесі (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) беріледі, ол кестеге сәйкес кредиттік рейтинг негізінде айқындалады.

      Кестенің 22, 34, 48 және 70-жолдарында көрсетілген активтерді есептеу келесідей жүргізіледі. Микроқаржы ұйымы – оригинатор (бұдан әрі – оригинатор) егер секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру нәтижесінде елеулі кредиттік тәуекел үшінші тараптарға берілсе, секьюритилендірілген активтер оригинатордың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерін есептеуден алып тастауға болатын меншікті капиталды есептеуге негіздемелік секьюритилендіру тәсілін (бұдан әрі - секьюритилендірудің негіздемелік тәсілі) қолданады.

      Секьюритилендіру шеңберінде берілетін портфель құрамына:

      міндеттемелерді орындау мерзімі күнтізбелік 7 (жеті) күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген микрокредиттер;

      Нормативтердің 22-тармағы бірінші бөлігінің бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында белгіленген жағдайларға сәйкес келмейтін микрокредиттер.

      Секьюритилендіру мәмілелеріне қатысатын және оригинатор болып табылмайтын микроқаржы ұйымдары мұндай мәміледе олар ұстап қалатын секьюритилендіру позицияларының кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған кредиттік тәуекелдерді есептеу кезінде нормативтерге сәйкес секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолданады.

      Тәуекелді берудің маңыздылығын айқындау мақсатында оригинатор:

      секьюритилендіруді есептемегенде k1 коэффициентінің есебі;

      секьюритилендіруді ескере отырып, k1 коэффициентінің есебі.

      Тәуекелдің берілуі, егер:

      Секьюритилендіру ескерілген k1 коэффициентінің мәні секьюритилендіруді есепке алмағанда k1 коэффициентінің мәнінен артық болғанда маңызды болып табылады.

      Секьюритилендіру ескерілген k1 коэффициентінің мәні секьюритилендіру ескерілмеген k1 коэффициентінің мәнінен аз болса, тәуекел берілмейді. Бұл жағдайда оригинатор меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолданбайды және секьюритилендіруді есепке алмағанда тиісті тәуекелдердің сараланған шамаларын есептейді.

      Бұл ретте оригинатор өзі ұстап қалатын секьюритилендіру позицияларын меншікті капиталдан шегермейді және (немесе) k1 коэффициентін есептеу кезінде активтердің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мұндай позицияларды сараламайды.

      Оригинатор мынадай талаптарды бір мезгілде орындау кезінде кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің есебінен секьюритилендірілген активтерді алып тастайды:

      секьюритилендірілген активтермен байланысты елеулі кредиттік тәуекел үшінші тараптарға ауыстырылатын болады;

      секьюритилендіру мәмілесі бойынша құжаттар мәміленің экономикалық мәнін көрсетеді;

      арнайы қаржы компаниясы секьюритилендірілген активтер бойынша төлемдерді борышкерлердің ықтимал төлемеуімен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді, оның ішінде оригинатордың банкроттығы (төлем қабілетсіздігі) жағдайында да;

      оригинатор:

      жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама не арнайы қаржы компаниясында дауыс беру құқығымен акцияларды иеленуге;

      арнайы қаржы компаниясының директорлар кеңесі немесе басқарма мүшелерінің басым көпшілігін тағайындауға немесе сайлауға;

      шарт күшімен немесе өзге тәсілмен арнайы қаржы компаниясының шешімдерін айқындауға;

      тиісті шарттарда немесе секьюритилендіру мәмілесіне қатысты құжаттарда көзделгендерден басқа, арнайы қаржы компаниясынан секьюритилендірілген активтерді сатып алу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдауға;

      тиісінше шарттарда немесе секьюритилендіру мәмілесіне қатысты құжаттарда көзделгендерден басқа, секьюритилендірілген активтерге қатысты қандай да бір тәуекелдерді ұстап қалу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдауға;

      арнайы қаржы компаниясына секьюритилендірілген активтер берілгеннен кейін секьюритилендірумен және арнайы қаржы компаниясының қызметімен байланысты шығыстарды көтеруге;

      арнайы қаржы компаниясына қандай да бір нысанда жанама қолдау көрсетуге тиіс емес. Сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғаларға жанама қолдау көрсетуге жол берілмейді.

      Оригинатор, сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар арнайы қаржы компаниясына ақшалай сипаттағы талаптар (бұдан әрі – кредиттік қамтамасыз ету) бойынша көмек көрсеткен не осындай қолдау тиісінше шарттарда немесе секьюритилендіру мәмілесіне қатысты құжаттарда көзделмеген жағдайларда өзге қолдауды көрсеткенде жанама қолдау туындайды.

      Оригинатордың немесе оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалардың кейінгі секьюритилендіру мәмілелерін жасау кезінде арнайы қаржы компаниясына жанама қолдау көрсету фактілері анықталған жағдайда, оригинатор секьюритилендірілген активтер бойынша капиталға қойылатын талаптарды төмендету мүмкіндігінен айырылады;

      арнайы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар оригинатордың төлем міндеттемелерін білдірмейді;

      тәуекелдер берілетін тарап секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілелерін жүзеге асыру үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы болып табылады;

      егер секьюритилендіру мәмілесінде кері сатып алу опционы көзделсе, онда мынадай барлық талаптар орындалады:

      кері сатып алу опционы оригинатордың қалауымен ғана іске асырылады;

      кері сатып алу опционы секьюритилендірілген активтер бойынша өтелмеген негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері не шығарылған бағалы қағаздар бойынша негізгі міндеттеменің жалпы мөлшері 10 (он) пайыз мәнге жеткен және олардың бастапқы мөлшерінен төмен болған жағдайда ғана іске асырылады;

      кері сатып алу опционы секьюритилендіру позицияларының кредиттік сапасын жақсарту мақсатында құрылымдала аламайды;

      оригинатор мынадай талаптарды сақтағанда секьюритилендірілген активтерді сатып ала алады не оларды пулда басқа активтерге ауыстыра алады:

      секьюритилендірілген активтер олардың әділ нарықтық құнынан аспайтын құны бойынша сатып алынады;

      әділ нарықтық құны бойынша сатып алынатын активтерді қоспағанда, сатып алынатын секьюритилендірілген активтер тиісті міндетті тараптың дефолты орын алған міндеттемелерді білдірмейді;

      ауыстырылатын секьюритилендірілген активтердің тиісті (ұқсас) жіктеу санаты болады.

      Секьюритилендіру позициялары – бұл секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер және ол секьюритилендіру мәмілесімен байланысты микроқаржы ұйымында туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді.

      Секьюритилендіру позицияларына позицияның кредиттік сапасы негізінде тәуекелдің (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) тиісті деңгейі берілуі тиіс, ол Кестеге сәйкес кредиттік рейтинг негізінде анықталуы мүмкін.

      Мұндай позицияларға мыналар жатады:

      арнайы қаржы компаниясының оригинаторы беретін микрокредиттер;

      оригинатордың арнайы қаржы компаниясына қатысты шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелері;

      микроқаржы ұйымының арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздарын иеленуі;

      ұсынылатын кредиттік қамтамасыз ету (credit enhancements);

      өтімділік құралдары;

      пайыздық немесе валюталық своптар;

      кредиттік деривативтер;

      резервтік шоттар үшін қаражат беру (ақшалай қамтамасыз ету шоттары) және басқалар.

      Бұл ретте:

      секьюритилендіру мәмілесінде әртүрлі транштар бойынша тәуекелдер болған кезде әрбір транш бойынша тәуекел секьюритилендірудің жеке позициясы ретінде сараланады;

      секьюритилендіру позициялары бойынша кредиттік қамтамасыз етуді ұсынатын тұлғалар секьюритилендіру позициясын ұстайтын тараптар ретінде қаралады;

      сыйақы мөлшерлемесінің және валюта бағамдарының өзгеру тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары бойынша позициялармен байланысты тәуекелдер;

      секьюритилендіру мәмілесіндегі жеке позициялар ретінде сараланады;

      баланста ұсталатын секьюритилендіру мәмілесіндегі позиция тәуекелінің шамасы өзінің баланстық құнына тең;

      секьюритилендіру мәмілесіндегі баланстан тыс позиция тәуекелінің шамасы 100 (жүз) пайызға тең конверсиялық факторға көбейтілген өзінің номиналды құнына тең.

      Кредиттік рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясы тәуекелінің сараланған шамасын есептеу үшін микроқаржы ұйымы мұндай позицияға болжамды рейтингті қолданады.

      Болжалды рейтинг келесі ретпен қолданылады:

      кредиттік рейтингі бар секьюритилендіру позициясының ағымдағы кредиттік рейтингі қолданылады, ол рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясымен субординарлық дәрежесі бойынша тең немесе;

      егер рейтингі бар позициялардың ешқайсысы рейтингі жоқ позициямен субординарлық дәрежесі бойынша тең болмаса, онда позицияның субординарлық дәрежесі бойынша неғұрлым жоғары ағымдағы кредиттік рейтингі;

      рейтингі жоқ осындай позицияға субординарлық дәрежесі бойынша неғұрлым төмен болып табылатын секьюритилендіру (осындай бар болса) қолданылады.

      Болжамды рейтингті қолдану кезінде кредиттік рейтингі бар секьюритилендірудің барлық позициялары ескеріледі.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кестенің 54-жолында көрсетілген активтерге берілген микрокредит сомасын толығымен өтейтін автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген тұтынушылық микрокредиттер кірмейді.

      6. Кестенің 55-жолында көрсетілген активтерге, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жеке тұлғалармен күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес кепілсіз микрокредиттерді қоспағанда, кепілсіз тұтынушылық микрокредиттер және оның ішінде мына шарттарда берілген микрокредиттер:

      1) микрокредит сомасын қайтару және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы төлеу бойынша міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайызынан аспауға тиіс;

      2) микрокредиттің нысанасын қоспағанда, микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы мен тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының барлық төлемдері жиынтығында микрокредит беру туралы шарттың бүкіл қолданылу кезеңінде берілген микрокредит сомасының жартысынан аспауға тиіс;

      3) тараптардың келісімі бойынша қолданыстағы немесе жақсартатын шарттарда микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге ұлғайтуға жол беріледі.".

      2. "Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19683 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларында:

      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиттік дерекнама құжаттарын сақтау "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 50 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының кейбір қаулыларының жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 128 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21946 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері Тізбесінің 6-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22239 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері Тізбесінің 19-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кредиттік бюролар мен банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 7 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26922 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар мен банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері Тізбесінің 6-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 115 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31096 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері Тізбесінің 3-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 39 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32825 болып тіркелген) 2-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 30 желтоқсандағы № 101 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33880 болып тіркелген) бекітілген Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері жөнінде өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері Тізбесінің 3-тармағы.

      8. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына және "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 12 маусымдағы № 27 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34486 болып тіркелген) 2-тармағы.

      9. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 6 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35732 болып тіркелген) 2-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 22 тамыздағы № 41 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36690 болып тіркелген) 2-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы №1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37932 болып тіркелген) Тізбенің 4-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады