Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38312 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 39 Бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Сату жөніндегі айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектігі бар адамдарға берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 18829 болып тіркелген).

      2. "Сату жөніндегі айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектерге берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № ҚР ДСМ-46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 28109 болып тіркелген).

      3. "Сату жөніндегі айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектерге берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 қарашадағы № ҚР ДСМ-133 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 30523 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады