ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Тізбенің 1-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
"5) уәкілетті органның цифрлық жүйесі – көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған "Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған цифрлық жүйесі;";
Тізбенің 2-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
"2) уәкілетті органның цифрлық жүйесі – көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған "Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған цифрлық жүйесі;";
осы Тізбеге қосымшада:
Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларында:
2) тармақша алып тасталсын:
5) тармақша мынадай редакцияда қолданылады:
"5) тұрмыстық баллонның бірегей коды – сұйытылған мұнай газының тұрмыстық баллондарға әрбір құйылуын бірмәнді сәйкестендіретін, уәкілетті органның цифрлық жүйесінде генерацияланатын, нышандардың бірегей қайталанбайтын тізбегі;";
тармақша мынадай редакцияда қолданылатыны деп белгіленсін белгіленсін:
"7) уәкілетті органның цифрлық жүйесі – көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған "Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған цифрлық жүйесі;".
| Е. Акбаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| 2026 жылғы 31 наурыздағы № 133-н/қ Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті органның цифрлық жүйесі – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған цифрлық жүйесі.";
4-1, 4-2, 4-3, 4-4, 5 және 6-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"4-1. Өнім беру жоспары уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы қалыптастырылады.
4-2. Цифрлық жүйе арқылы өнім беру жоспарын қалыптастыруды жалғастыруға мүмкіндік бермейтіндей цифрлық жүйе жұмыс қабілеттілігінен (бұдан әрі – техникалық ақау) айырылған кезде уәкілетті орган техникалық ақаулар журналында техникалық ақау фактісі мен уақытын тіркейді, қызметтер көрсетуді тоқтата тұрады және мыналарға:
1) техникалық ақауға әкеп соққан себептерді анықтауға және жоюға;
2) ақаудың техникалық салдарын жоюға;
3) цифрлық жүйедегі ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету және техникалық ақау салдарынан жоғалған ақпаратты қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
4-3. Цифрлық жүйеде техникалық ақау анықталған кезде уәкілетті орган өнім беру жоспарын қалыптастыруды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Цифрлық жүйенің жұмыс қабілеттілігі қалпына келтірілгеннен кейін цифрлық жүйеде өнім беру жоспарын қалыптастыру қайта басталады.
4-4. Осы Қағидалардың 9-2 және 18-тармақтарында көрсетілген мерзімдерді ескере отырып, цифрлық жүйенің техникалық ақауы жойылмаған кезде өнім беру жоспары осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес қағаз түрінде қалыптастырылады.
5. Өнім берушілер уәкілетті органға сұйытылған мұнай газын өндірудің алдағы бес жылға арналған болжамды көлемін жыл сайын жоспарланған кезең басталғанға дейін кемінде үш ай бұрын цифрлық жүйе арқылы ұсынады.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын жоспарланған кезең басталғанға дейін кемінде үш ай бұрын уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сұйытылған мұнай газын тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын цифрлық жүйе арқылы ұсынады.";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын өнім берушілер мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған болжамдарының, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын нақты өндіру мен тұтыну мониторингінің деректері негізінде жоспарланған тоқсанға уәкілетті орган цифрлық жүйе арқылы қалыптастырады.".
2. "Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) уәкілетті органның цифрлық жүйесі – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған цифрлық жүйесі.";
15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген мәліметтерді қоспағанда, осы Қағидаларда көзделген мәліметтер уәкілетті органға электрондық түрде уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған уәкілетті органның цифрлық жүйесінің экрандық нысанын толтыру арқылы ұсынылады.";
3. "Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29040 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 18-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Тізбесіне қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген |
Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-6) тармақшасына және 29-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:
1) газ толтыру пункті – сұйытылған мұнай газын сақтауға, тұрмыстық баллондарға қотару мен құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған инженерлік құрылысжай;
2) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;
3) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi" цифрлық жүйесi (бұдан әрi – ББМЖ) – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесі;
4) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесі – тұрмыстық баллондардың айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған техникалық құрылғылар мен бағдарламалық қамтылым кешені;
5) тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі – осы тұрмыстық баллонды өндірушінің тұрмыстық баллонға қойған бірегей нөмірі;
6) тұрмыстық баллонның бірегей коды – сұйытылған мұнай газының тұрмыстық баллондарға әрбір құйылуын бірмәнді сәйкестендіретін, ББМЖ генерациялайтын символдардың қайталанбайтын бірегей тізбегі;
7) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) уәкілетті органның цифрлық жүйесі – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған цифрлық жүйесі;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жинағы).
2-тарау. Тұрмыстық баллондардың есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптар және олардың осындай талаптарға сәйкестігін растау тәртібі, тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін белгіленген талаптарға сәйкес емес деп танудың негіздері мен тәртібі
3. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 2-тармағына және 3-тармағына сәйкес және мынадай талаптардың орындалуы жағдайында құрылады, дамиды және жұмыс істейді:
1) тұрмыстық баллондарды бірегей зауыттық нөмірі бойынша есепке алуды қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіптік пайдалануда;
3) уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграциялау;
4) Қазақстан Республикасы "Киберқауіпсіздік туралы" Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін цифрландыру немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі.
4. Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының болуы және уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграцияның болуы олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін негіз болып табылады.
Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеу тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп тану үшін негіз болып табылады.
6. Тұрмыстық баллондарды есепке алудың меншікті жүйелері болмаған кезде газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және есепке алу жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйесін пайдаланады.
7. Уәкілетті органның цифрлық жүйесіне ақпаратты енгізу жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.
8. Уәкілетті органның цифрлық жүйесіне ақпаратты енгізу бойынша қолжетімділік жергілікті атқарушы органдарға және газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелеріне беріледі және уәкілетті органның цифрлық жүйесінде тіркелу жолымен жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.
3-тарау. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның цифрлық жүйесімен синхрондау тәртібі
9. Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері Заңның 28-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерімен берілген бірегей кодпен және (немесе) газ толтыру пункті иесінің тауар таңбасымен тұрмыстық баллондарды сәйкестендіруді жүзеге асыруға міндетті.
10. Бірегей код мынадай деректерді қамтиды:
1) газ толтыру станцияның немесе газ толтыру пунктінің атауы;
2) газ толтыру станциясының немесе газ толтыру пункті иесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) құю күні;
4) тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі;
5) тұрмыстық баллонға құйылған сұйытылған мұнай газының мөлшері;
6) тұрмыстық баллонды куәландыру күні;
7) тұрмыстық баллонды жөндеу күні.
11. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның цифрлық жүйесімен синхрондау тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграциялау арқылы қамтамасыз етіледі.
12. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесін уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграциялау Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "Цифрлық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы ғана жүзеге асырылады.
13. Уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграцияланатын электрондық ақпараттық ресурстары, интерфейсі, техникалық құжаттамасы және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің ілеспе құжаттары қазақ және орыс тілдерінде жасалады және бес жыл бойына сақталады.
14. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін дербес деректер беру жүзеге асырылатын және (немесе) дербес деректерге қолжетімділік берілетін уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграциялау дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі.
4-тарау. Тұрмыстық баллондарға қойылатын талаптар және оларды сәйкестендіру тәртібі, тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алатын шарттар
15. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін тұрмыстық баллондардың айналымына және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тіркеуге жол беріледі.
16. Тұрмыстық баллондар Талаптарға сәйкес келген кезде тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде есепке алынады.
17. Тұрмыстық баллондардың Талаптарға сәйкестігін белгілеуді газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.
18. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алуды газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері жүргізеді.
5-тарау. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алу тәртібі
19. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллонды бастапқы тіркеу кезінде газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері мынадай тіркеу деректерін:
1) тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірін;
2) тұрмыстық баллонның сыйымдылығын;
3) тұрмыстық баллонның жасалған күнін;
4) тұрмыстық баллонды соңғы жөндеу және (немесе) салыстырып тексеру күнін;
5) тұрмыстық баллонды жөндеуге және (немесе) салыстырып тексеруге жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) енгізеді.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер болмаған жағдайда, газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері тұрмыстық баллондарды салыстырып тексеруді және (немесе) жөндеуді жүзеге асырады, ол туралы тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесіне тиісті ақпарат енгізіледі.
20. Тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесіне мынадай мәліметтерді:
1) тұрмыстық баллонды толтыру күнін;
2) тұрмыстық баллонды өткізу күнін;
3) тұрмыстық баллонды сатып алған адамның жеке сәйкестендіру нөмірін және тұрғылықты жерін енгізеді.
21. Өткізілген тұрмыстық баллондар және тұрмыстық баллондарда өткізілген сұйытылған мұнай газының көлемі туралы мәліметтерді қалыптастыру уәкілетті органның цифрлық жүйесінде жүзеге асырылады.
Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері өткізген тұрмыстық баллондар саны бөлінісінде де, тұрмыстық баллондар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газының көлемі бөлінісінде де мәлімет есепке алынады.
Бұл ретте бір тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген бір немесе бірнеше адамға өткізілген тұрмыстық баллондар, мұндай адамдарға өткізілген сұйытылған мұнай газының жалпы массасы күнтізбелік ай үшін 50 (елу) килограмнан асатын болса, есепке алуға жатпайды.
Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптардың сақталуын ескере отырып, тұрмыстық баллондарды сатып алуды жүзеге асыратын адамдар туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асырады.
22. Газ толтыру пункттері бөлінісіндегі тұрмыстық баллондардың айналымы және газ толтыру пункттерінде баллондар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газының саны туралы ақпарат уәкілетті органның цифрлық жүйесіне жіберіледі.
23. Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрмыстық баллондардың айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы ЭЦҚ-мен қол қойылған ақпарат жібереді.
24. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бөлінісіндегі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған тұрмыстық баллондарда өткізілетін тұрмыстық баллондардың айналымы және сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпаратты уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға ұсынады.
| Тұрмыстық баллондарды cәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларына |
|
| 1-қосымша |
Нысан
Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.egsu.energo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ТБАА.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы_______________ айы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен (бесінен) кешіктірмейтін мерзімде.
ЖСН/ |
(жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды) |
Жинау әдісі: электрондық түрде.
№ | Тұрмыстық баллонды өткізетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) елді мекен | Тұрмыстық баллонды сатып алушының тегі, аты және әкесінің аты | Тұрмыстық баллонды сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі | Тұрмыстық баллонды сатып алушының мекенжайы | Тұрмыстық баллонның бірегей коды | Тұрмыстық балон көлемі (литр) | Тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі | Тұрмыстық баллонды өткізу күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Атауы ________________________
Мекенжайы__________________
Телефон ________________________
Электрондық поштаның мекенжайы ________
Орындаушы____________________ қолы, телефон ____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
қолы ___________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
| "Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАА, кезеңділігі: ай сайын)
"Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат" әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда "Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне" ҰЖ 11 сәйкес тұрмыстық баллонды өткізетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) елді мекені көрсетіледі;
3-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;
4-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
5-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының мекенжайы көрсетіледі;
6-бағанда тұрмыстық баллонның бірегей коды көрсетіледі;
7-бағанда тұрмыстық балон көлемі көрсетіледі;
8-бағанда тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі көрсетіледі;
9-бағанда тұрмыстық баллонды өткізу күні көрсетіледі.
| Тұрмыстық баллондарды cәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларына |
|
| 2-қосымша |
Нысан
Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат
Ұсынылады: уәкілетті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.egsu.energo.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-ТБАЖА.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы_______________ айы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен (он бесінен) кешіктірмейтін мерзімде.
ЖСН/ |
(жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды) |
Жинау әдісі: электрондық түрде.
№ | Газ толтыру пунктінің атауы | Тұрмыстық баллонды өткізетінн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) | Өткізілген тұрмыстық баллон саны (дана) | Тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі (литр) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Атауы _________________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________
Телефон _______________________________________________
Электрондық поштаның мекенжайы ________________________
Орындаушы____________________ ____________ қолы, телефон
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам__________________
қолы ___________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
| "Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАЖА, кезеңділігі: ай сайын)
"Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат" әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің атауы көрсетіледі;
3-бағанда тұрмыстық баллонды өткізетін "Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне" ҰЖ 11 сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) көрсетіледі;
4-бағанда өткізілген тұрмыстық баллонның саны көрсетіледі;
5-бағанда тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі.
