Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде рұқсат беруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 102 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 17 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 наурызда № 38239 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 6-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде рұқсат беруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде рұқсат беруді бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
__________С. Жумангарин
      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
__________Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 19 наурыздағы
№ 17 мен
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 102 бұйрығымен
бекітілген

Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде рұқсат беруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде рұқсат беруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді.

      Өлшемшарттар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу мақсатында (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру) бақылау субъектілерін (объектісіне) іріктеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына, 141-бабына және 143-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес бекітілетін тексеру парақтарын әзірлеуге арналған.

      2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – қызметіне тәуекел дәрежелері бойынша түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын заңды тұлғалардың жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының рұқсат беру бақылауы саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау жүзеге асырылатын заңды тұлғалар;

      2) өрескел бұзушылықтар – меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мамандандырылған өндірістік базаның; меншiк құқығындағы және/немесе басқа да заңды негiзде көлiк құралдарының кiрме жолдары және/немес кiрме темiржол тұйық жолдары бар жер учаскесiнің; қара металл сынықтары мен қалдықтарына арналған оттегі мен пропан баллондарын сақтауға арналған орындардың; өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған түсті және қара металдардың жарылыс қаупі бар сынықтары мен қалдықтарына арналған қоймалар немесе жабық металл контейнерлердің; егер олардың қолданыстағы салыстырып тексеру куәлігі болса өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдарының (автомобиль немесе темір жол таразылары және/немесе басқа да өлшем құралдары) болмауына байланысты бұзушылықтар;

      3) елеулі бұзушылықтар – түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау және қайта өңдеу үшін қатты бетонмен немесе басқа да жабынмен жабылған үй-жайлардың немесе орындардың, сынықтарды бөлек сақтай отырып, және топтары, түрлері, маркалары және сорттары бойынша қалдықтардың (түсті металл сынықтары үшін); түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сұрыптауға, кесуге және буып-түюге арналған жабдықтары мен құралдары бар арнайы жер бөлігі немесе өндіріс орны; өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарының радиациялық деңгейін өлшеуге арналған дозиметрлік немесе радиометриялық аппаратураның, егер оның қолданыстағы салыстырып тексеру куәлігі болса; кәсіпорынның штаттық кестесіне сәйкес қолданылатын құрал-жабдықтарда жұмыс істеу үшін білікті кадрлардың; стационарлық немесе жылжымалы жүк көтеру жабдықтары, сондай-ақ кәсіпорында бекітілген жүк көтергіштігі осы жұмыстарды жүргізудің технологиялық процесіне сәйкес келетін құрылғыларды; стационарлық немесе жылжымалы жүк көтеру жабдықтарының, сондай-ақ жүк көтергіштігі деректерді жүргізуге арналған технологиялық процеске сәйкес келетін құрылғылардың болмауына байланысты бұзушылықтар;

      4) елеусіз бұзушылықтар – қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілігі, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, жұмыс режимi және сатып алу бағалары прейскуранты көрсетілген маңдайшалар көруге ыңғайлы жерде, сондай-ақ заңды тұлғаның ресми сайтында (ол болған кезде); түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары, қабылдау-тапсыру актілері көрсетілетін есепке алу журналдарының және/немесе электрондық есепке алу журналдарының; түсті және қара металл сынықтарын кесуге, бөлуге, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престерге және/немесе гидравликалық қайшыларға арналған кәсіпорындағы технологиялық процеске сәйкес келетін жабдықтардың; заңды тұлғаның басшысы бекітетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі нұсқаулық; түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі көлік құралының (жүк автомобильдері және /немесе басқа автокөлік); қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілігін растайтын құжаттардың болмауына байланысты бұзушылықтар;

      5) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      6) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында біліктілік талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) рұқсат беру талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде рұқсат беру бақылауы саласындағы тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру

      3. Рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерінің (объектілерінің) рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

      Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша қызметті жүзеге асыру бөлігінде рұқсат беру бақылау саласындағы барлық бақылау субъектілері (объектілері) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар бойынша заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыру саласындағы бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейінгіні қоса алғанда;

      2) орташа тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейінгіні қоса алғанда;

      3) төмен тәуекел дәрежесіне – 0-ден 30-ға дейінгіні қоса алғанда жатады.

      4. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын рұқсат беру талаптары өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

      Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

3-тарау. Объективті өлшемшарттар

      5. Тәуекелді анықтау мынадай өлшемшарттардың бірін ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;

      2) реттелетін салаға (облысқа) ықтимал теріс салдарлар ауырлығының, зиянның ауқымы;

      3) адамның өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігі.

      Объективті өлшемшарттар тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және орташа) бөлу мақсатында әзірленді.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне мамандандырылған өндірістік базалар және бар болған жағдайда филиалдар жатады.

      Тәуекелдің орташа дәрежесіне заңды тұлғаның немесе оның филиалдарының мамандандырылған базасының бөлігі болып табылатын түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауды жүзеге асыратын қабылдау пункттері жатады.

4-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      7. Бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.

      Ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық көлемде автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін алдыңғы тексерулердің нәтижелері қолданылады.

5-тарау. Тәуекелдерді басқару

      8. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бақылауды бұзушыларға шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге рұқсат беру талаптарының сақталуына сәйкестігіне тексеру жүргізуден босатылады.

      9. Бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса, тәуекелдің орташа дәрежесінен тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады.

      10. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осындай негіздер көзделген болса, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес тәуекелдерді бағалау мен талдаудың, аудиттің, сараптамалардың қолданылатын баламалы (тәуелсіз) жүйелері негізінде бақылау субъектісіне біліктілік талапқа сәйкестігіне тексеру жүргізуден босату жүзеге асырылады.

      11. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

      Талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға қосымшада келтірілген.

6-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

      12. Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде рұқсат беру бақылауы саласындағы тәуекелді бақылау субъектісін осы өлшемшарттың 3-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес ақпарат көздерінен субъективті өлшемшарттар негізінде ақпарат жиналады және деректер базасы қалыптастырылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу осы өлшемшарттардың 13-тармағына сәйкес есептелген бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SP) негізінде, деректер мәндерін 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      R = SP, мұнда

      R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      SP – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      Есеп заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде рұқсат беру бақылауы саласындағы рұқсат беру бақылауының әрбір субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен нормалау үшін іріктеу жиынтығын (іріктеме) құрайды.

      13. Алдыңғы тексерулердің нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде, бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тексеру жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SP2 x 100/SP1) x 0,7, мұнда:

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SP2 x 100/SP1) x 0,3, мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SP1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SP2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындайды:

      SP = SРз + SРн, мұнда:

      SP – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар негізінде тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

  Заңды тұлғалардың түсті және
қара металдардың сынықтары
мен қалдықтарын жинау
(дайындау), сақтау, қайта өңдеу
және өткізу жөніндегі қызметті
жүзеге асыру бөлігінде рұқсат
беруді бақылау саласындағы
тәуекел дәрежесінің
өлшемшарттарына
қосымша

Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру бөлігінде рұқсат беру саласындағы субъектілеріне қойылатын талаптарды бұзу дәрежесі

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1.

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мамандандырылған өндірістік базаның болмауы

өрескел

2.

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі көлік құралының (жүк автомобильдері және /немесе басқа автокөлік) болмауы

елеусіз

3.

Меншік құқығында және/немесе басқа да заңды негізде автокөлік құралдарының кіреберіс жолдары және/немесе кірме теміржол тұйық жолдары бар жер учаскесінің болмауы

өрескел

4.

Заңды тұлғаның басшысы бекітетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың болмауы

елеусіз

5.

Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеу үшін білікті персоналдың болмауы

елеулі

6.

Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына арналған оттегі мен пропан баллондарын сақтауға арналған орындардың болмауы

өрескел

7.

Топтары, түрлері, маркалары мен сорттары бойынша сынықтар мен қалдықтарды бөлек сақтай отырып, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған (түсті сынықтар үшін) қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар жабық үй-жайлар не асфальтталған не қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар орындардың болмауы(түрлі-түсті сынықтар үшін)

елеулі

8.

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдықтары мен құралдары бар арнайы алаңдар немесе өндірістік үй-жайлардың болмауы

елеулі

9.

Өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған түсті және қара металдардың жарылыс қаупі бар сынықтары мен қалдықтарына арналған қоймалар немесе жабық металл контейнерлердің болмауы

өрескел

10.

Кәсіпорында бекітілген осы жұмыстарды жүргізу үшін технологиялық процеске сәйкес келетін стационарлық немесе жылжымалы жүк көтергіш жабдықтың, сондай-ақ жүк көтергіштігі бойынша құрылғылардың болмауы

елеулі

11.

Түсті және қара металдардың сынықтарын кесуге, бөлуге, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престерге және/немесе гидравликалық қайшыларға арналған кәсіпорындағы технологиялық процеске сәйкес келетін жабдықтардың болмауы

елеусіз

12.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдары (автомобиль немесе темір жол таразылары және/немесе басқа да өлшем құралдары) оларда тексеру туралы қолданыстағы сертификаттың болмауы

өрескел

13.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарының радиациялық деңгейін өлшеуге арналған дозиметриялық немесе радиометриялық жабдық, оған тексеру туралы қолданыстағы сертификаттың болмауы

елеулі

14.

Қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілігін растайтын құжаттардың болмауы

елеусіз

15.

Қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілігі, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, жұмыс режимі және сатып алу бағалары прейскуранты көрсетілген маңдайшалар көруге ыңғайлы жерде, сондай-ақ заңды тұлғаның ресми сайтында (ол болған кезде) болмауы

елеусіз

16.

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары, қабылдау-тапсыру актілері көрсетілетін есепке алу журналдарының және/немесе электрондық есепке алу журналдарының болмауы

елеусіз

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 19 наурыздағы
№ 17 мен
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 102 бұйрығымен
бекітілген

Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (сатып алу), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызмет саласы бойынша тексеру парағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты

      Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      ________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      Тексеру тағайындау туралы акт (№, күні) ___________________________

      ________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      Орналасқан жері ________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сай

Талаптарға сай емес

1

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мамандандырылған өндірістік базаның болмауы



2

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі көлік құралының (жүк автомобильдері және /немесе басқа автокөлік) болмауы



3

Меншік құқығында және/немесе басқа да заңды негізде автокөлік құралдарының кіреберіс жолдары және/немесе кірме теміржол тұйық жолдары бар жер учаскесінің болмауы



4

Заңды тұлғаның басшысы бекітетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың болмауы



5

Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеу үшін білікті персоналдың болмауы



6

Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына арналған оттегі мен пропан баллондарын сақтауға арналған орындардың болмауы



7

Топтары, түрлері, маркалары мен сорттары бойынша сынықтар мен қалдықтарды бөлек сақтай отырып, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған (түсті сынықтар үшін) қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар жабық үй-жайлар не асфальтталған не қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар орындардың болмауы (түрлі-түсті сынықтар үшін)



8

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдықтары мен құралдары бар арнайы алаңдар немесе өндірістік үй-жайлардың болмауы



9

Өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған түсті және қара металдардың жарылыс қаупі бар сынықтары мен қалдықтарына арналған қоймалар немесе жабық металл контейнерлердің болмауы



10

Кәсіпорында бекітілген осы жұмыстарды жүргізу үшін технологиялық процеске сәйкес келетін стационарлық немесе жылжымалы жүк көтергіш жабдықтың, сондай-ақ жүк көтергіштігі бойынша құрылғылардың болмауы



11

Түсті және қара металдардың сынықтарын кесуге, бөлуге, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престерге және/немесе гидравликалық қайшыларға арналған кәсіпорындағы технологиялық процеске сәйкес келетін жабдықтардың болмауы



12

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдары (автомобиль немесе темір жол таразылары және/немесе басқа да өлшем құралдары) оларда тексеру туралы қолданыстағы сертификаттың болмауы



13

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарының радиациялық деңгейін өлшеуге арналған дозиметриялық немесе радиометриялық жабдық, оған тексеру туралы қолданыстағы сертификаттың болмауы



14

Қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілігін растайтын құжаттардың болмауы



15

Қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілігі, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, жұмыс режимі және сатып алу бағалары прейскуранты көрсетілген маңдайшалар көруге ыңғайлы жерде, сондай-ақ заңды тұлғаның ресми сайтында (ол болған кезде) болмауы



16

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары, қабылдау-тапсыру актілері көрсетілетін есепке алу журналдарының және/немесе электрондық есепке алу журналдарының болмауы



      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ___________________________________________

      лауазымы қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің басшысы ________________________________________

      лауазымы қолы

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады