"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-1 бабы 3-тармағының 3) тармақшаcына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
| Қазақстан Республикасының | |
| Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 11 наурыздағы № 32 Бұйрығымен бекітілген |
Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттауды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдары) қатысты мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аттестаттау комиссиясы – аттестаттау рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;
2) денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау – білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін кешенді түрде бағалау рәсімін білдіреді; 3) жасырын сауалнама – жеке деректерді көрсетпей, құпиялылықты қамтамасыз ете отырып, жауап берушілердің ашық пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақпарат жинау әдісі.
3. Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі –уәкілетті орган) бес жылда бір рет өткізеді.
4. Бірінші мемлекеттік аттестаттау денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ жаңадан құрылған ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру кезінен бастап бір жылдан кешіктірілмей өткізіледі.
2-тарау. Мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру тәртібі
5. Уәкілетті орган жыл сайын 1 қарашаға дейін ағымдағы жылғы мемлекеттік аттестаттауға жататын денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарының тізбесін әрбір білім беру ұйымы бойынша мемлекеттік аттестаттауды өткізу жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып (бұдан әрі – Тізбе) бекітеді. Мемлекеттік аттестаттау көрсетілген тізбеге сәйкес өткізіледі.
Тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады.
Бекітілген Тізбеге өзгерістер енгізу мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының Тізбеден шығару туралы өтініші;
2) денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылуы, таратылуы немесе қызметінің тоқтатылуы туралы хабарламасы.
6. Тізбеге өзгерістер бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ресми интернет-ресурста жаңартылған Тізбені орналастырады және денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымын енгізілген өзгерістер туралы хабардар етеді.
7. Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы мемлекеттік аттестаттауды өткізу туралы оның басталуына дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
8. Аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) уәкілетті органның бұйрығымен құрылады. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс және кемінде 5 (бес) мүшеден тұрады. Комиссия құрамына:
1) уәкілетті органның;
2) денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы ведомстволық бағыныста болатын мемлекеттік органдардың;
3) мемлекеттік аттестаттауға жататын денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарының қызмет бейіні бойынша білікті мамандар болып табылатын білім беру ұйымдары және олардың бірлестіктерінің (қауымдастықтарының);
4) бейінді бағыттар бойынша медициналық ұйымдардың, мекемелердің өкілдері кіреді.
Комиссия төрағасы (бұдан әрі – Төраға) уәкілетті органның медициналық ғылым, білім беру және денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін бірінші басшысының орынбасарының шешімімен уәкілетті органның қызметкері арасынан айқындалады.
9. Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы үй-жайларға, құжаттамаға, ақпараттық жүйелерге, білім беру ресурстарына кедергісіз қол жеткізуді, сондай-ақ мемлекеттік аттестаттауды жүргізу үшін сұратылған барлық материалдардың ұсынуын қоса алғанда, Комиссияның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібі
10. Мемлекеттік аттестаттау Комиссиясының денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымына баруымен, мемлекеттік аттестаттау басталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Бағалауға мемлекеттік аттестаттау басталған күнге дейінгі алдыңғы екі оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы ішінде жүзеге асырылған денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының қызметі жатады.
11. Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы қызметінің мынадай бағыттары зерделенеді және бағаланады:
1) ұйымдастыру-құқықтық қызметі (жарғының, білім беру қызметі лицензиясының болуы (мамандықтар бойынша), соңғы мемлекеттік аттестаттау, аккредиттеу (сертификат) туралы мәліметтер, денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының құрылымы);
2) тиісті біліктілігі бар педагогтердің және тәлімгерлердің, өндірістік оқыту шеберлерінің болуын қоса алғанда, мамандықтар бойынша білім беру процесінің кадрлық қамтамасыз етілуі;
3) мамандықтар бөлінісінде білім алушылар контингенті (қабылдау/ бітіру);
4) "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМС) және 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 "Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" бұйрықтарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) сәйкес оқу процесін ұйымдастыру (үлгілік оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесін сақтау), педагогикалық және оқу жүктемесі;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) сәйкес оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде тәрбие іс-шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру;
6) мамандықтар бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз ету (оқу кабинеттерімен, зертханалармен, оқу-өндірістік шеберханалармен қамтамасыз етілуі, симуляциялық орталықтың/кабинеттің болуы);
7) ақпараттық және цифрлық ресурстар (ресми сайт, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, контингент туралы өзекті деректер базасының болуы, интернет желісімен, компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етілуі), кітапхана қоры;
8) "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) көзделген білім алушылардың оқу жетістіктерін ішкі бағалау жүйесінің жұмысын талдау, (ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау), практикалық және кәсіби құзыреттерді тексеру, оның ішінде практикалық тапсырмаларды, жағдаяттық есептерді немесе бейін ерекшелігін көрсететін өзге де бағалау әрекеттерін орындау арқылы білім мен дағдыларды бағалау;
9) білім беру процесіне қатысушыларға сауалнамасы;
10) өндірістік және кәсіптік практиканы ұйымдастыру, оның ішінде практика базаларымен шарттардың болуы, сондай-ақ практиканы, тағылымдамаларды бірлесіп іске асыру, қорытынды аттестаттауға қатысу және түлектерді жұмысқа орналастыру нысанында жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау.
12. Білім беру бағдарламаларын іске асыруды зерделеу білім деңгейін ескере отырып жүргізіледі және білім беру процесінің мазмұны мен шарттарының МЖМС, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған, сондай-ақ білім беру бағдарламалары талаптарының сақталуы, практиканы ұйымдастыру, қорытынды аттестаттау және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл зерттеледі.
13. Білім беру процесінің жағдайларын қанағаттану деңгейін бағалау алда болатын аттестаттау кезіңінде қағаз жеткізгіштерді пайдалану арқылы немесе онлайн форматта Комиссиямен жүргізілетін жасырын сауалнама негізінде жүзеге асырылады.
Респонденттер ретінде білім алушылар, ата-аналар (заңды өкілдер), педагогтер және жұмыс берушілер қатысады, бұл ретте нәтижелердің объективтілігі мен анықтығы қамтамасыз етіледі.
Комиссия жасырын сауалнама нәтижелерін жинақталған түрде және денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы қызметін бағалау көрсеткіші ретінде пайдаланады.
14. Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының қызметіне қатысты материалдарды, байқау нәтижелерін, білім алушылардың практикалық дағдыларын бағалауды, сауалнамаларды, құжаттаманы талдау және өзге де материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша Комиссия ақпаратты аналитикалық өңдеуді және бағалауды жүзеге асырады.
15. Комиссияның мүшелері белгіленген бағалау бағыттары бойынша анықталған фактілерді, қорытындылар және ұсынымдарды қамтитын талдамалық материалдарды дайындайды. Талдамалық материалдар жинақтау және жүйелеу үшін Төрағаға ұсынылады.
16. Ұсынылған материалдарды жан-жақты талдау нәтижелері бойынша Комиссия алқалы түрде осы Қағидаларың 11-тармағында көрсетілген барлық бағыттар бойынша бағалау нәтижелерін қарайды және денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының білім беру қызметінің сәйкестік дәрежесі туралы шешім қабылдайды.
17. Комиссия шешімі Комиссия отырысында қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен алқалы түрде қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
18. Комиссия белгіленген сәйкестік дәрежесінің негізінде мемлекеттік аттестаттау қорытындысын (бұдан әрі – Қорытынды) қалыптастырады, онда осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының мемлекеттік аттестаттаудан өтті немесе өтпеді деп тану туралы негізделген ұсынысы қамтылады. Қорытынды екі данада жасалып, оған Комиссия Төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.
19. Қорытындының бір данасы денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымына басшысының қолы қойылып тапсырылады, екінші данасы мемлекеттік аттестаттау материалдарымен бірге уәкілетті органда сақталады. Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы басшысының қол қоюдан бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалып, мемлекеттік аттестаттау материалдарына қоса тіркеледі.
20. Мемлекеттік аттестаттау материалдары мен Қорытынды денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өтті немесе өтпеді деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап уәкілетті органда кемінде 5 (бес) жыл сақталады.
21. Комиссияның Қорытындысы негізінде уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өтті немесе өтпеді деп тану туралы бұйрық шығарады. Бұйрық Комиссия Қорытындысы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.
Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген жағдайда денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдары туралы деректер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін жіберіледі.
22. Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бұйрық шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының назарына жеткізіледі.
23. Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы ақпарат мемлекеттік аттестаттауды жүргізген уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында бұйрық шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады.
24. Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері уәкілетті орган мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау және білім беруді мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдармен білім беру қызметі сапасының жай-күйін талдау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарына әдістемелік, ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау шараларын әзірлеу және іске асыру үшін пайдаланылады.
Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы мемлекеттік аттестаттау нәтижелерін білім беру процесін жақсарту және білім сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мақсатында педагогикалық кеңес отырысында (немесе білім беру ұйымының жарғысында көзделген өзге де алқалы органда) қарауды қамтамасыз етеді.
4-тарау. Мемлекеттік аттестаттау нәтижелеріне шағымдану тәртібі
25. Комиссияның Қорытындысымен келіспеген жағдайда денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы Қорытындыны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізген органға – уәкілетті органға жазбаша шағым беруге құқылы.
26. Комиссия Қорытындысына және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өтті немесе өтпеді деп тану туралы шешімге шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның бірінші басшысының атына беріледі және тіркелген күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралады.
Комиссия Қорытындысына шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.
27. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік аттестаттау нәтижелерін сот тәртібімен шағымдануға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес оларды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
| Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттауды жүргізу қағидаларына қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттау талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды (қажеттісінің астын сызу)
1. Ұйым
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(толық заңды атауы, БСН, ұйымның мекенжайы, құрылтайшысы)
2. Заңды тұлғаның байланыс деректері
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(телефон, электрондық пошта, web-сайт)
3. Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә., лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)
4. Құқық белгілейтін, рұқсат беру және құрылтай құжаттары
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
№ | Өлшемдері | Өлшемщарттар | Баға | Орындалғаны туралы белгі(+) | |
1 | Білім беру ұйымдарының мақсаты, міндеттері және құндылықтары – (6 өлшемдер) | ||||
1.1 | Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы туралы анықтама | Ақпараттың қолжетімділігі | үздік | 5 | |
Ақпараттың болмауы | нашар | 0 | |||
1.2 | Аттестатталатын мамандықтар бойынша лицензияның болуы | Бар | үздік | 5 | |
Жоқ | нашар | 0 | |||
1.3 | Соңғы аккредиттеу (сертификат) туралы мәлімет | Бар | үздік | 5 | |
Жоқ | нашар | 0 | |||
1.4 | Мемлекеттік аттестаттау басталған күнге дейінгі алдыңғы екі оқу жылы мен ағымдағы оқу жылының жылдық жоспарлары | Бар | үздік | 5 | |
Жоқ | үздік | 0 | |||
1.5 | Мемлекеттік аттестаттау басталған күнге дейінгі алдыңғы екі оқу жылы мен ағымдағы оқу жылының жұмыс оқу жоспарларының (қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері) қолданыстағы МЖМС мен үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес болуы | МЖМС талаптарына сәйкес | үздік | 5 | |
Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес емес | нашар | 0 | |||
1.6 | Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының құрылымы | Құжаттың бекітілген көшірмесінің болуы | үздік | 5 | |
Құжаттың бекітілген көшірмесінің болмауы | нашар | 0 | |||
2 | Оқыту және оқу (5 өлшемдер) | ||||
2.1 | Мемлекеттік аттестаттау басталған күнге дейінгі екі оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы үшін білім алушылар контингентінің мамандықтар бөлінісінде (қабылдау, бітіру) -2-ҰК статистикалық есебі деректері және "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ҰБДБ) деректері бойынша талдау | Мемлекеттік аттестаттау басталған күнге дейінгі алдыңғы екі оқу жылы және ағымдағы оқу жылы бойынша мамандықтар бөлінісінде білім алушылар контингенті туралы толық көлемдегі деректер | үздік | 5 | |
Мемлекеттік аттестаттау басталған күнге дейінгі алдыңғы екі оқу жылы және ағымдағы оқу жылы бойынша мамандықтар бөлінісінде білім алушылар контингенті туралы деректер жоқ | нашар | 0 | |||
2.2 | Студенттердің тұруы үшін жағдайлар жасау, оқудың толық кезеңіне арналған жатақханалардың және/немесе хостелдердің және/немесе қонақ үйлердің болуы (меншігінде не шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару құқығымен немесе жалдау құқығымен), тұрумен қамтамасыз етуі ( ҰБДБ-ға сәйкес мұқтаж студенттер санына шаққанда қамту үлесі, %) | 100 % | үздік | 5 | |
65 – 99 % | жақсы | 4 | |||
30 – 64 % | орташа | 3 | |||
30 %-дан төмен | төмен | 2 | |||
2.3 | Оқу-әдістемелік жұмысты талдау (пәндік-әдістемелік бірлестіктер туралы мәліметтер, пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларының, бақылау-өлшеу құралдарының болуы, ашық сабақтар) | Бар | үздік | 5 | |
Толық емес | орташа | 3 | |||
2.4 | Педагогтердің қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысуы, жетістіктері | Аттестациялық кезеңде қатысқан педагогтердің үлесі – 60%-дан 100%-ға дейін | үздік |
| |
Аттестациялық кезеңде қатысқан педагогтердің үлесі – 40%-дан 59%-ға дейін | жақсы |
| |||
Аттестациялық кезеңде қатысқан педагогтердің үлесі – 20%-дан 39%-ға дейін | орташа |
| |||
Аттестациялық кезеңде қатысқан педагогтердің үлесі – 20%-дан төмен | төмен | 2 | |||
2.5 | Оқу жетістіктері, білім сапасы (ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау) | Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырған бітірушілердің үлесі – 90%-дан жоғары | үздік | 5 | |
Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырған бітірушілердің үлесі – 70%-дан 89%-ға дейін | жақсы | 4 | |||
Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырған бітірушілердің үлесі – 50%-дан 69%-ға дейін | орташа | 3 | |||
Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырған бітірушілердің үлесі – 50%-дан төмен | төмен | 2 | |||
3 | Кадрлық құрам - 10 (өлшемдер) | ||||
3.1 | Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық/медициналық білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты бар педагогтердің үлесі | 100 % | үздік | 5 | |
95 - 99 % | жақсы | 4 | |||
80 - 94 % | орташа | 3 | |||
80 %-дан төмен | төмен | 2 | |||
3.2 | Үш жылда кемінде бір рет біліктілік санаты деңгейін көтерген/растайтын педагогтердің үлесі (соның ішінде басшылар – үш жылда кемінде бір рет) | 100 % | үздік | 5 | |
95 - 99 % | жақсы | 4 | |||
80 - 94 % | орташа | 3 | |||
80 %-дан төмен | төмен | 2 | |||
3.3 | Үш жылда кемінде бір рет педагогтердің (соның ішінде басшылардың, басшы орынбасарларының) педагогикалық біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі | 100 % | үздік | 5 | |
95 - 99 % | жақсы | 4 | |||
80 - 94 % | орташа | 3 | |||
80 %-дан төмен | төмен | 2 | |||
3.4 | Педагогтердің сәйкес бейіні бойынша біліктілігін арттыруды үш жылда кемінде бір рет, көлемі 36 сағаттан аз емес түрде қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарының басшылары үшін біліктілікті арттыру – үш жылда кемінде бір рет | 100 % | үздік | 5 | |
95 - 99 % | жақсы | 4 | |||
80 - 94 % | орташа | 3 | |||
80 %-дан төмен | төмен | 2 | |||
3.5 | Негізгі жұмыс орны лицензияға ие ұйым болып табылатын педагогтердің, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту тәлімгерлерінің, шеберлерінің, дайындалатын мамандықтар бойынша педагогтердің жалпы санындағы үлесі | 100 % | үздік | 5 | |
85 - 99 % | жақсы | 4 | |||
70 - 84 % | орташа | 3 | |||
70 %-дан төмен | төмен | 2 | |||
3.6 | Мамандығы бойынша педагогтердің жалпы санынан (мамандықтар: "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі", "Акушер ісі") қолданбалы және/немесе академиялық бакалавриат, магистратура деңгейіндегі мейіргер педагогтердің (оқытушылардың) үлесі | 20%-дан жоғары | үздік | 5 | |
14 – 19 % | жақсы | 4 | |||
10 – 13 % | орташа | 3 | |||
10%-дан төмен | төмен | 2 | |||
3.7. | Негізгі жұмыс орны лицензияға ие ұйым болып табылатын, дайындалатын мамандықтар бойынша педагогтердің жалпы санынан (техникалық және кәсіптік білім беру үшін) педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және/немесе магистр дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие тұлғалардың үлесі | 100 % | үздік | 5 | |
65 - 99 % | жақсы | 4 | |||
30 - 64 % | орташа | 3 | |||
30%-дан төмен | төмен | 2 | |||
3.7.1 | Негізгі жұмыс орны лицензияға ие ұйым болып табылатын, дайындалатын мамандықтар бойынша педагогтердің жалпы санынан (орта білімнен кейінгі білім беру үшін) педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және/немесе магистр дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие тұлғалардың үлесі | 100% | үздік | 5 | |
70 - 99% | жақсы | 4 | |||
40 - 69% | орташа | 3 | |||
40%-дан төмен | төмен | 2 | |||
3.8 | Негізгі жұмыс орны білім беру лицензиясына ие ұйым болып табылатын, дайындалатын мамандықтар бойынша (соның ішінде білім беру бағдарламалары тізіліміне енгізілген) арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту тәлімгерлерінің, шеберлерінің жалпы санынан соңғы 3 жыл ішінде ұйымдарда және/немесе өндірісте кемінде 36 сағат көлемінде тағылымдамадан өткен педагогтердің үлесі | 100 % | үздік | 5 | |
55 - 99 % | жақсы | 4 | |||
10 - 54 % | орташа | 3 | |||
10 %-дан төмен | төмен | 2 | |||
3.9 | Білім беру ұйымының басшысында медициналық білімі бар болуы | Бар | үздік | 5 | |
Жоқ | төмен | 2 | |||
3.10 | Кадрлық әлеуетті талдау (жасы, еңбек өтілі, санаты туралы ҰБДБ -ға сәйкес мәліметтер) | Растау | үздік | 5 | |
Жартылай растау | орташа | 3 | |||
Жоқ | төмен | 2 | |||
4 | Білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету (5 өлшемдер) | ||||
4.1 | Оқу-тәрбиелік жұмыс: | ||||
4.1.1 | Тәрбиелік жұмыстың басым бағыттары. | Сәйкес | үздік | 5 | |
Ішінара сәйкес | орташа | 3 | |||
Сәйкес емес | төмен | 2 | |||
4.1.2 | Тәрбиелік жұмысты талдау (студенттік өзін-өзі басқару туралы мәліметтер; құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі кеңес; кураторлар кеңесі; ғылыми-зерттеу жұмыстарына, спорттық жарыстарға, олимпиадаларға, WorldSkills кәсіби шеберлік байқауларына қатысу) | Бар | uzdik | 5 | |
Толық емес | орташа | 3 | |||
Жоқ | төмен | 2 | |||
4.2 | Өндірістік оқыту: | ||||
4.2.1 | Практиканы ұйымдастыру (оқыту, оқу-өндірістік, диплом алдындағы). МЖМС талаптарына сәйкес. Практика бағдарламалары, шарттардың және бұйрықтардың болуы | Бар | үздік | 5 | |
Толық емес | жақсы | 4 | |||
Жоқ | төмен | 2 | |||
4.2.2 | Өндірістік оқыту мен өндірістік практиканың нәтижелері (күнделіктер, ведомство, сипаттамалар, практика нәтижелерін бағалаудың бақылау нысаны) | Нормативтік талаптарға сәйкес | үздік | 5 | |
Нормативтік талаптарға ішінара сәйкес | орташа | 3 | |||
Нормативтік талаптарға сәйкес емес | төмен | 2 | |||
4.3 | Білім беру ұйымының бітірушілерінің мамандық бойынша жұмысқа орналасуы мен қызметте болуы туралы мәліметтер, сонымен қатар, мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан бір жыл ішінде жұмысқа орналасқан және қызметте болғандардың үлесі, құжаттық түрде расталған | 80 – 85 % | үздік | 5 | |
75 – 79 % | жақсы | 4 | |||
75 %-дан төмен | төмен | 2 | |||
5 | Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (10 өлшемдер) | ||||
5.1 | Қауіпсіздікті қамтамасыз ету инфрақұрылымы: санитариялық-эпидемиологиялық, өртке қарсы, терроризмге қарсы (растайтын құжаттар) | Қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес | үздік | 5 | |
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына жартылай сәйкес | орташа | 3 | |||
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес емес | төмен | 2 | |||
5.2 | Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қолжетімді орта | Бар | үздік | 5 | |
Жоқ | төмен | 2 | |||
5.3 | Оқу процесін тиімді жүргізуге ықпал ететін "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нормаларға сәйкес материалдық-техникалық базасы | Жарақтандырылу нормаларына 100%-дан жоғары сәйкес | үздік | 5 | |
Жарақтандырылу нормаларына 95–99% сәйкес | жақсы | 4 | |||
Жарақтандырылу нормаларына 80–94% сәйкес | орташа | 3 | |||
Жарақтандырылу 80%-дан төмен | төмен | 2 | |||
5.4 | Мамандар даярлау сапасына ықпал ететін оқу-материалдық активтердің (ТҚК, интернетке қосылған компьютерлер, оргтехника, оқу, оқу-зертханалық, спорттық жабдықтар, оқулықтар, оқу құралдары, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту) жабдықталу динамикасын соңғы екі оқу жылы мен мемлекеттік аттестаттау басталған күнге дейінгі ағымдағы оқу жылы бойынша мониторингілеу | МТБ нығайтуда оң динамика | үздік | 5 | |
МТБ нығайтуда оң динамиканың болмауы | орташа | 3 | |||
Аттестаттау кезеңінде МТБ жабдықталуының болмауы | төмен |
| |||
5.5 | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуы (СЭҚ қорытындысы бар) | Сәйкес | үздік | 5 | |
Сәйкес емес | орташа | 3 | |||
Жоқ | нашар | 0 | |||
5.6 | Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы, соның ішінде медициналық қызмет көрсету лицензиясына негізделген медициналық пункттің болуы | Сәйкес | үздік | 5 | |
Сәйкес емес | орташа | 3 | |||
Жоқ | нашар | 0 | |||
5.7 | Дайындалатын мамандықтар бойынша (соның ішінде білім беру бағдарламалары тізіліміне енгізілген) оқу және ғылыми әдебиеттерден құралған кітапханалық қордың болуы, оқу жоспарына сәйкес білім алушылар контингентіне қатысты, оқу тілдері бойынша, оқу мерзімінің толық кезеңінде, баспа және электрондық форматта, соның ішінде ақпараттық білім беру платформасына жүктелгендері | 100 % | үздік | 5 | |
95 - 99 % | жақсы | 4 | |||
80 - 94 % | орташа | 3 | |||
80%-дан аз | төмен | 2 | |||
5.8 | Симуляциялық орталықтың/кабинеттің жарақтандырылуы | 90-100 % | үздік | 5 | |
71 - 89 % | жақсы | 4 | |||
51- 70 % | орташа | 3 | |||
50 %-дан төмен | төмен | 2 | |||
5.9 | Ресми сайт, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар. Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, контингент туралы өзекті деректер базасымен, edu.kz аймағында үшінші деңгейлі домендік атау | Ресми сайттың, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардың, ақпараттық жүйесінің, edu.kz аймағында үшінші деңгейлі домендік атаудың болуы | үздік | 5 | |
Ресми сайттың, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардың, | орташа | 3 | |||
Ресми сайттың, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардың, | төмен | 2 | |||
5.10 | Білім беру ұйымының қызметі туралы ақпаратты қоғамға жеткізудің толықтығы, мерзімділігі және тәсілі Білім беру мекемелерінің ресми веб-сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларына ақпараттық жаңартылу мерзімділігі | Білім беру ұйымының қызметі туралы ресми веб-сайтта және әлеуметтік желілерді өзекті ақпараттың болуы, ақпаратты орналастырудың жүйелілігі | үздік | 5 | |
Соңғы 3 жылдағы толық көлемде жүзеге асырылмаған сайт жұмысы | орташа | 3 | |||
Білім беру ұйымының қызметі туралы ресми веб-сайтта және әлеуметтік желілерде өзекті ақпараттық болмауы | төмен | 2 | |||
6 | Кері байланыс - (4 өлшемдер) | ||||
6.1 | Білім алушылардың сауалнама нәтижелерін талдау | Респонденттердің 80%-дан 100%-ға дейін ұсынылатын білім беру қызметтерінің деңгейіне қанағаттанған | үздік | 5 | |
Респонденттердің 65%-дан 79%-ға дейін көрсетілетін білім беру қызметтерінің деңгейіне қанағаттанған | жақсы | 4 | |||
Респонденттердің 50%-дан 64%-ға дейін көрсетілетін білім беру қызметтерінің деңгейіне қанағаттанған | орташа | 3 | |||
респонденттердің 50%-дан азы көрсетілетін білім беру қызметтерінің деңгейіне қанағаттанған | төмен | 2 | |||
6.2 | Оқытушылардың сауалнама нәтижелерін талдау | Респонденттердің 80%-дан 100%-ға дейін жоғары сапалы білім мен оқыту үшін жасалған жағдай деңгейіне қанағаттанған | үздік | 5 | |
Респонденттердің 65%-дан 79%-ға дейін жоғары сапалы білім мен оқыту үшін жасалған жағдай деңгейіне қанағаттанған | жақсы | 4 | |||
Респонденттердің 50%-дан 64%-ға дейін жоғары сапалы білім мен оқыту үшін жасалған жағдай деңгейіне қанағаттанған | орташа | 3 | |||
Респонденттердің 50%-дан азы жоғары сапалы білім беру мен оқыту үшін жағдайдың деңгейіне қанағаттанған | төмен | 2 | |||
6.3 | Ата-аналардан алынған (заңды өкілдерден) сауалнама нәтижелерін талдау | Респонденттердің 80%-дан 100%-ға дейін жоғары сапалы білім мен оқыту үшін жасалған жағдай деңгейіне қанағаттанған | үздік | 5 | |
Респонденттердің 65%-дан 79%-ға дейін жоғары сапалы білім мен оқыту үшін жасалған жағдай деңгейіне қанағаттанған | жақсы | 4 | |||
Респонденттердің 50%-дан 64%-ға дейін жоғары сапалы білім мен оқыту үшін жасалған жағдай деңгейіне қанағаттанған | орташа | 3 | |||
Респонденттердің 50%-дан азы жоғары сапалы білім беру мен оқыту үшін жағдайдың деңгейіне қанағаттанған | төмен | 2 | |||
6.4 | Жұмыс берушілер мен өндірістік емдеу мекемелерінің басшыларына жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдау | Респонденттердің 80%-дан 100%-ға дейін білім алушылардың құзыреттілік деңгейіне қанағаттанған | үздік | 5 | |
Респонденттердің 65%-дан 79%-ға дейін білім алушылардың құзыреттілік деңгейіне қанағаттанған | жақсы | 4 | |||
Респонденттердің 50%-дан 64%-ға дейін білім алушылардың құзыреттілік деңгейіне қанағаттанған | орташа | 3 | |||
Респонденттердің 50%-дан азы білім алушылардың құзыреттілік деңгейіне қанағаттанған | төмен | 2 | |||
Жалпы балл = (40 өлшемнен алынған ұпайлар қосындысы)/40 | |||||
Ескертпе: Бағалау бағалаулардың біріне сәйкес келетін өлшемдерге негізделген:
"үздік", "жақсы", "орташа".
Бағалау бекітілген өлшемдік балға сәйкес келеді:
"үздік" - 5;
"жақсы" - 4;
"орташа" - 3;
"төмен" -2;
"нашар"-0
Шаралар бойынша қорытынды бағаны комиссия бүтін санға дейін дөңгелектей отырып, критерийлер бойынша бағалаулар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде белгілейді.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы бағалау критерийлері бойынша қорытынды баға "үздік" - 5 немесе "жақсы" - 4-ке тең болған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы техникалық және білім беру кәсіптік ұйымын аттестаттауды ұсынады.
Бағалау критерийлері бойынша өлшем құралдары бойынша қорытынды балл "орташа" - 3, "төмен" -2 болса, мемлекеттік аттестаттау туралы теріс шешім қабылданады.
Мемлекеттік аттестаттау шешімі теріс болған жағдайда комиссия "орташа" - 3, "төмен" - 2 балл алған өлшем құралдарының тізбесі бар талдамалық есеп жасайды.
5. Қорытынды: Мемлекеттік аттестациядан өтті/өтпеді.
6. Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымның қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар.
" " ____ _____ жыл
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Төраға:
ТАӘ, лауазымы мен қолы__________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшелері:
1. ТАӘ, лауазымы мен қолы __________________________________
2. ТАӘ, лауазымы мен қолы __________________________________
3. ТАӘ, лауазымы мен қолы __________________________________
4. ТАӘ, лауазымы мен қолы __________________________________
7. Таныстым
Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының басшысы ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
