"Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 6 наурыздағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 наурызда № 38127 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. УТР мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушылар елде болу мақсатына қарай осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы УТР беру туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнамамен тіркеу орны бойынша аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – қызмет берушіге) не Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының не өкілеттіктерде көзделген іс әрекеттерді жүзеге асыруға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша немесе заңды тұлғаның бұйрығы немесе сенімхат бойынша сенім білдірілген адамның жеке қатысуы қажет.

      Қажетті мәліметтерді қамтитын және ХҚКО БАЖ-бен және (немесе) порталмен біріктірілген ақпараттық жүйелер болған кезде ақпараттық жүйелердің мәліметтері пайдаланылады. Бұл ретте тиісті мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Қазақстан Республикасының аумағында 16 жасқа толған көшіп келушілер УТР мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы аумақтық полиция органдарына тіркелу орны бойынша не Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы:

      1) Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткенге дейін;

      2) немесе болудың рұқсат етілген мерзімі аяқталған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жүгінеді.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен жағдайда құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының тыс жеріне әкімшілік шығарып жіберумен байланысты емес халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шыққаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      Дактилоскопиялық тіркеуден өту үшін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болу орны бойынша аумақтық полиция органдарына жүгінеді.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері құжаттарды, оның ішінде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қабылдағаннан кейін:

      1) ұсынылған құжаттарды қабылдайды және толықтығын тексереді;

      2) "Бүркіт" БАЖ мәліметтері бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі туралы ақпаратты тексереді;

      3) ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер қоры бойынша соттылығы және іздестірілуі, алдыңғы болу кезеңінде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік бұзушылық жасағаны үшін орындалмаған міндеттемелердің болуы туралы мәліметтерді тексереді;

      4) ақпараттық жүйеде шетелдіктің және оның бірге келген отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірлерінің бар-жоғын тексереді;

      5) Заңның 43-2-бабының 5-тармағы негізінде үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі еңбек шарттары негізінде жұмыс берушіге берілген қолданыстағы УТР санын тексеру;

      6) ақпараттық жүйеде "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімнің бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеру;

      7) ақпараттық жүйеде шетелдіктің дактилоскопиялық тіркеуінің бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеру.

      8) Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) мәліметтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21173 болып тіркелген) бекітілген Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларына сәйкес жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасуы туралы жұмыс берушінің деректерімен сәйкестігін тексеру.";

      1-1 қосымшада:

      реттік нөмірі 8 жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация арқылы уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш берген кезде:
1. Осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар)
1-қосымшаға сәйкес уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама.
2. Визасыз болу туралы келісімдер ратификацияланған шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
3. "Saqtandyry" ақпараттық жүйесінде тіркелген медициналық сақтандырудың көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін ұсынылады).
4. Егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегi № 730 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес берілетін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтама.
Мемлекеттік қызметтің кіші түріне байланысты мыналарды қосымша ұсынады:
1) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасымен қайта қосылуына байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адаммен отбасылық қатынастарды растайтын құжат.
2) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
жергілікті атқарушы орган берген шетелдіктің біліктілік сәйкестігі туралы анықтама немесе рұқсат; еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган берген рұқсат;
уәкілетті органда (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) – "ЕШЕБЖ"-да тіркелген еңбек шарты немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарт;
Ішкі корпоративті ауыстыру бойынша немесе қызмет көрсету туралы заңды тұлғалар арасындағы шартты іске асыру шеңберінде қызметтік іссапарға жіберу туралы бұйрық;
"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін аккредиттеу мерзімін көрсете отырып, журналистің аккредиттелгенін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасының халықтың көші - қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көрсетілген құжаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
"Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі -АХҚО) қызметін жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді. Бұл ретте, инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
3) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасындағы оқу орнының қолдаухаты негізінде.
4) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емделуден өту үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) сәйкес (026/е нысанды медициналық анықтама) Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйым берген, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емдеу немесе Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан шетелдік пациентке, сондай-ақ жақын туыстарына - Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұрақты күтім жасау қажеттігін растайтын дәрігерлік – консультациялық комиссияның қорытындысы.
5) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлік.
6) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бизнес-көшіп келушілерге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес еңбек қызметіне кедергі келтіретін сырқатының болмауын растайтын медициналық анықтама (028/е нысанды медициналық анықтама);
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төмен талаптарын сақтай отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және шұғыл түрде стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыру;
Жергілікті атқарушы органдардың өтінішхаты;
әрекет мерзімі өтінішті берген күнге күнтізбелік 180 күннен аспайтын тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген азаматтығы тиесілілігі және/немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығының бар-жоғын және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынбағанын растау.
7) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат беру:
"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органның өтінішхаты.
8) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
құжаттарды ұсыну кезінде құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі;
шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуға жатады.
бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес куәландырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған жағдайда қарауға қабылданады.
Шетелдіктің дактилоскопиялық тіркеуінің бар-жоғы туралы, "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың қабылданғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйеде тексереді.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң және нормашығармашылық үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады