"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі зерттеу және жұмыс нәтижелерін қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 458 және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 наурыздағы № 85 және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 38 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 наурызда № 38118 тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі зерттеу және жұмыс нәтижелерін қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 458 және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 31 тамызда № 24171 болып тіркелді) келесі толықтырулар енгізілсін:

      10-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:

      "4) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:

      "5) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты ресми Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
__________Е. Нысанбаев
 

Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
__________Е. Нагаспаев
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады