"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының | |
| Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 84 бұйрыққа қосымша |
Күштері жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезiнде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткiзілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тiзбелерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16577 болып тіркелген).
2. "Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезiнде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткiзілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тiзбелерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20017 болып тіркелген).
3. "Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезiнде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткiзілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тiзбелерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27067 болып тіркелген).
4. "Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезiнде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткiзілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тiзбелерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 531 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29971 болып тіркелген).
5. "Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезiнде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткiзілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тiзбелерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33914 болып тіркелген).
