"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғалар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-щаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талаптардың 2-тармағының 4) тармақшасының қолданысы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"4) ҚМ-1 нысаны – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) көзделген қаржылық мониторингке жататын операция туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны;".
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 3 наурыздағы № 112/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғалар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғалар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заң) 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарын ескере отырып әзірленді.
2. Осы талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлінген байланыс арнасы – электрондық мәліметтермен алмасу үшін пайдаланылатын уәкілетті органның қорғалған желісі;
2) клиент – қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым;
3) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – қатерлерді іске асыруға және (немесе) осалдықтардың болуына байланысты кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мақсатында қаржы операцияларын (мәмілелерін) жасау арқылы елдің қаржы жүйесіне және экономикасына залал келтіру;
4) ҚМ-1 нысаны – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметті туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) көзделген қаржылық мониторингке жататын операция туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны;
Ескерту. 4)-тармақшаның осы редакциясының қолданысы 01.04.2026 дейін тоқтатылады – осы бұйрықтың 4-тармағымен.
5) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;
6) субъектілер – қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – Субъектілер);
7) уәкiлеттi орган – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган;
3. Ішкі бақылау мынадай:
1) Субъектілердің КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;
2) тәуекелдерді басқару үшін жеткілікті деңгейде ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) Субъектінің қызметтерін КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңмен реттелетін мақсаттарда пайдаланудың алдын алу мақсаттарда жүзеге асырылады.
4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ) жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде субъектілер:
1) ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау тәртібін қоса алғанда, ішкі бақылау қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) әзірлеуді және бекітуді;
2) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау үшін бөлінген байланыс арнасын пайдалануды қамтамасыз етеді.
5. Қағидалар КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ бойынша шараларды қолдану кезінде субъектінің ұйымдастырушылық негіздерін және іс-қимыл тәртібін белгілейді.
6. Қағидалар КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңның талаптарына сәйкес әзірленеді.
7. КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер олар күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде тиісті өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды Қағидаларға енгізеді.
2-тарау. КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
8. КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ мақсаттарында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Субъектінің көрсетілетін қызметтерін КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңмен реттелетін мақсаттарда қолдануға алдын алуға бағытталған рәсімдерді қолдану тәртібін белгілейді. Бағдарлама мыналарды қамтиды:
1) ішкі бақылауды іске асыру және мәліметтерді уәкілетті органға беру үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қолдану;
2) іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту немесе оларды тоқтату, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда операцияларды жүргізуден бас тарту тәртібі;
3) өзінің сипаттамалары бойынша зерделеуді талап ететін және уәкілетті органға мәліметтер ұсынуды қажет етуі мүмкін операцияларды анықтау тәртібі;
4) қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтерді уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы ұсыну тәртібі;
5) Қағидалардың анықталған бұзушылықтары туралы Субъектінің басшысын хабардар ету тәртібі;
6) ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде жауапты қызметкер мен құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
7) ұйымды бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның талаптарын (бар болса) орындау;
8) ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша есептілікті дайындау тәртібі;
9) клиентті, оның өкілін және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру, оның ішінде тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану тәртібі;
10) КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңмен реттелетін әрекеттерді жасау тәсілдері мен белгіленген типологияларға сәйкес келетін операцияларды анықтау тәртібі;
11) КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ тәуекелдерін бағалау және оларды құжаттамалық тіркеу тәртібі;
12) тәуекелдерді төмендету шараларын қолдану тәртібі;
13) тәуекел деңгейлері бойынша клиенттерді сыныптау тәртібі;
14) заңнама талаптарын орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді кемінде 5 (бес) жыл сақтау тәртібі.
9. Субъектілер құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес басшыларының арасынан Қағидалардың іске асырылуына жауапты адамды (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындайды. Жауапты қызметкерге мынадай талаптар қойылады:
1) жоғары білімінің болуы;
2) КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ саласында не субъектілер қызметінің тиісті салаларында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілінің болуы;
3) мінсіз іскерлік беделі.
10. Жауапты қызметкердің функциялары мыналарды қамтиды:
1) Қағидаларды әзірлеу және жаңарту, олардың орындалуын бақылау;
2) уәкілетті органға мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз ету;
3) зерделеуді қажет ететін операциялар бойынша шешім қабылдау;
4) КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңда көзделген жағдайларда операцияларды жүргізуден бас тарту немесе оларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдау;
5) қабылданған шешімдерді құжаттамалық тіркеу;
6) клиенттің досьесін қалыптастыру;
7) басшылықты анықталған бұзушылықтар туралы хабардар ету;
8) ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде шараларды қамтамасыз ету;
9) мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
10) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпарат пен құжаттарды беру;
11) Қағидаларды іске асыру нәтижелері бойынша есептілікті дайындау;
12) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
3-тарау. КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасы
11. Субъектілер КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңмен реттелуге жататын әрекеттер үшін Субъектінің көрсетілетін қызметтерін пайдаланудың алдын алуға бағытталған КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ тәуекелдерін басқару бағдарламасын (бұдан әрі – Тәуекелдерді басқару бағдарламасы) әзірлейді. Тәуекелдерді басқару бағдарламасы технологияларды пайдалану тәуекелдерін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін, сондай-ақ Субъектінің көрсетілетін қызметін құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалану тәуекелдері ескереді.
Тәуекелдерді басқару бағдарламасына мыналар кіреді:
1) Субъектінің және оның бөлімшелерінің қызметі бөлінісінде тәуекелдерді басқару тәртібі;
2) клиенттердің, елдердің, қызметтердің санаттары және оларды ұсыну тәсілдері бойынша тәуекелді бағалау тәртібі, сондай-ақ клиенттің тәуекелдер деңгейін айқындау тәртібі;
3) тәуекелдерді тұрақты мониторингтеу және талдау тәртібі, тәуекел анықталған жағдайда қолданылатын шаралардың тізбесі және олардың орындалуын бақылау тәртібі;
4) клиенттердің тәуекел деңгейлерін тағайындау және қайта қарау тәртібі.
Субъектілер жыл сайын КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ тәуекелдері бойынша есептерді және тәуекелдердің категориялық белгілерін басшылыққа ала отырып, клиенттердің, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің тәуекелдерін бағалауды жүргізеді: клиенттердің түрі, тіркелген немесе орналасқан мемлекеті, көрсетілетін қызмет түрі және оны ұсыну тәсілі.
Тәуекелдерді бағалау нәтижелері Субъектілер мүше болып табылатын тиісті мемлекеттік органдардың және коммерциялық емес ұйымдардың сұрау салуы бойынша ұсынылады.
12. Қызметі жоғары тәуекел деңгейімен сипатталатын клиенттерге мыналар жатады:
1) жария лауазымды адамдар, олардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ аталған адамдар бенефициарлық иеленушілері болып табылатын заңды тұлғалар;
2) азаматтығы жоқ тұлғалар;
3) тіркелген немесе болатын мекенжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңның 12 және 12-1 баптарында көзделген террористік қызметкер қатысы бар адамдардың тізіміне (бұдан әрі – Тізім) және/немесе терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруларын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне тізбесіне (бұдан әрі – Тізбелер) енгізілген ұйымдар мен адамдар, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері көрсетілген адамдар не осы адамдардың бақылауында тұрған және олардың мүддесін білдіру үшін іс-әрекет ететін ұйымдар мен адамдар;
5) қорлардың және діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;
6) шет мемлекеттерде тіркелген клиенттер, сондай-ақ олардың Қазақстандағы филиалдары мен өкілдіктері;
7) берілген мәліметтердің дұрыстығына күмән келтіруге негіз бар клиенттер;
8) Субъектінің әдеттегі практикасына сәйкес келмейтін жағдайларда операциялар жүргізуді сұрайтын клиенттер;
9) мониторинг аясында бұрын тәуекел белгілері тіркелген клиенттер;
10) заңнамада көзделген тексеруді жүргізуге кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасайтын клиенттер.
13. Тәуекел деңгейі төмен клиенттерге мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және олардың бақылауындағы заңды тұлғалар;
2) акциялары Қазақстан Республикасының қор биржасының немесе шет мемлекеттің қор биржасының тізіміне енгізілген ұйымдар;
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан немесе Қазақстан Республикасын қатысушылар қатарына қосатын халықаралық ұйымдар.
14. Клиенттердің тәуекелін бағалау клиентті зерттеу барысында алынған ақпарат, сондай-ақ уәкілетті орган және халықаралық ұсынымдар айқындаған операциялар мен қызмет шарттарының белгілері негізінде жүргізіледі.
15. Қызметтер мен операциялардың тәуекелін бағалауда мынадай белгілер ескеріледі:
1) қаржылық мониторингке жататын операциялар;
2) Қағидаларға сәйкес қосымша зерделеуді талап ететін операциялар;
3) қамтамасыз етілген цифрлық активтер нысандарын айырбастау операциялары;
4) трансшекаралық операциялар;
5) цифрлық активтерді сақтау немесе басқару;
6) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді ұсынуға немесе сатуға байланысты көрсетілетін қызметтерды ұсыну.
16. Субъектілер клиенттерді тәуекел деңгейлері қарай жіктейді: төмен және жоғары.
Клиенттің тәуекел деңгейі оның қызметін сәйкестендіру және мониторинг жасау кезінде алынған мәліметтерді талдау негізінде анықталады.
Тәуекел деңгейін қайта қарау жаңа ақпарат пайда болған кезде, сондай-ақ операциялар мониторингінің нәтижелері бойынша жүргізіледі.
17. Субъектілер мынадай жағдайларда туындайтын тәуекелдерді:
1) жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін әзірлеу кезінде;
2) жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды пайдалану кезінде анықтайды.
Тәуекелдерді бағалау жаңа шешімдерді қолдану басталғанға дейін жүргізіледі.
4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
18. Клиентті, оның өкілін және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы (бұдан әрі – Сәйкестендіру бағдарламасы) клиент туралы мәліметтерді тіркеу және тексеру тәртібін, бенефициарлық меншік иесін анықтауды, деректерді жаңартуды, іскерлік қатынастардың мақсаты мен сипатын айқындауды, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де мәліметтерді алу тәртібін белгілейді.
Сәйкестендіру бағдарламасы мыналарды:
1) клиенттерді қабылдау тәртібін, іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту және іскерлік қатынастарды тоқтату негіздерін;
2) клиентті, оның өкілін және тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдануды қоса алғанда, бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібін;
3) қызмет көрсетуге міндетті түрде басшылықтың рұқсатын ала отырып, мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарды, олардың жұбайларын, жақын туыстарын, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері осындай адамдар болып табылатын заңды тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралардың сипаттамасын;
4) клиенттерді заңнамада белгіленген ресми тізімдер мен Тізбелер бойынша тексеру тәртібін;
5) іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде сәйкестендіру тәртібін;
6) Қағидаларды іске асыру шеңберінде мәліметтермен алмасу тәртібін;
7) КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңда көзделген шарттар шеңберінде клиенттерге қызмет көрсету кезінде ұйымдардан мәліметтер алу тәртібін;
8) клиент, оның өкілі және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру тәртібін;
9) клиент досьесіне, оны жүргізу тәртібіне және жылына кемінде бір рет мәліметтерді жаңартуға қойылатын талаптарды;
10) сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтерге Субъект қызметкерлерінің қол жеткізу тәртібін;
11) алынған деректер негізінде клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібін қамтиды.
Егер Субъект КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға немесе шетелдік қаржы ұйымына Субъект клиенттеріне қатысты КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, Субъект мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді, олар мыналарды:
Субъектілердің сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ осындай шарттар жасасуға уәкілетті ұйымның лауазымды адамдарының тізбесін;
ұйым мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;
сәйкестендіруді жүргізу барысында алынған мәліметтерді ұйымға беру рәсімі мен мерзімдерін;
сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардың алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды субъектінің жүзеге асыру рәсімін, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша субъект қабылдайтын шараларды;
сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, ұйымға алынған мәліметтерді беру мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, субъектінің сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімі және мерзімдерін;
сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның лауазымды адамдарының тізбесін;
субъект сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, олардың жауапкершілігі туралы ережелерді;
ұйымның сәйкестендіру жөніндегі талаптарды орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін;
КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ заңдастырудың ықтимал тәуекелдерін анықтау рәсімін қамтиды.
19. Тексеру жүргізу кезінде Субъект:
1) сенімді құжаттар мен мәліметтер негізінде клиенттің, оның өкілінің және бенефициарлық меншік иесінің жеке басын айқындайды;
2) заңды тұлғаның меншік құрылымы туралы ақпаратты алуды қоса алғанда, бенефициарлық меншік иесін айқындайды және ол туралы мәліметтерді растау жөнінде шаралар қабылдайды;
3) іскерлік қатынастардың мақсаттары мен болжамды сипаты туралы мәліметтерді алады;
4) клиенттің бейініне, қызметіне және тәуекел деңгейіне сәйкестігі үшін оның ағымдағы операцияларын тұрақты түрде тексеруді жүзеге асырады;
5) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдарда басшылық лауазымдарға теңестірілген лауазымдарды атқаратын жеке тұлғалар туралы мәліметтерді тексереді.
20. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру шеңберінде осы Талаптардың 19-тармағына сәйкес алынған құжаттар мен мәліметтерді Субъектілер құжаттамалық түрде тіркейді және клиенттің досьесіне енгізеді.
Ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операциялар, оның ішінде қаржылық мониторингке жататын және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, әдеттен тыс ірі және өзге де ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері Субъект бекіткен номенклатураға сәйкес клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде, бірақ клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақталуға жатады.
Субъектілер КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттің (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді басқа қаржылық мониторинг Субъектілерінен дереу алады, сондай-ақ сұрату бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады, оның ішінде Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру шараларына сүйенетін ақпаратты, өзге Субъектілердің ақпараттық жүйелерінен немесе дерекқорларынан алынған үзінді көшірмелерді қамтиды.
Субъектілер клиенттің досьесін олардың Қағидаларына сәйкес берілген тәуекел деңгейіне байланысты ол туралы мәліметтерді тіркеу арқылы қалыптастырады. Клиентке тәуекелдің төмен деңгейі берілген жағдайда оған қатысты тиісінше тексерудің оңайлатылған шаралары жүргізіледі және КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі тіркеледі.
Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда қосымша мәліметтерге КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер (салықтық резиденттігі, қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер) жатады.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ заңдастыру тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады.
Клиенттерді (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған шаралары КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ заңдастыру тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.
21. Сәйкестендіру кезінде клиенттің, оның өкілінің немесе бенефициарлық меншік иесінің ресми тізімдер мен тізбелерде болуына тексеру жүргізіледі.
Тексеру Тізбелерді әр жаңартқан сайын жүзеге асырылады.
Субъектілер клиенттің жария лауазымды адамдарға және олардың туыстарына жататындығын тексереді.
Мәліметтерді жаңарту:
тәуекел деңгейі жоғары клиенттер үшін – жарты жылда кемінде бір рет;
тәуекел деңгейі төмен клиенттер үшін ішкі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Іскерлік қатынастарды орнатудан немесе операция жүргізуден бас тартылған жағдайда Субъект ФМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.
Іскерлік қатынастар заңға қарсы мақсаттарда пайдаланылған жағдайда Субъект іскерлік қатынастарды тоқтатады және ФМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.
5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы
22. Субъектілер КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңның клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу жөніндегі талаптарын іске асыру мақсатында клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.
23. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы мыналарды:
1) КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекітетін күдікті операцияларды айқындау белгілері негізінде жасалған ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесі, сондай-ақ Субъектілердің дербес әзірлеуі;
2) КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес сипаттамалары бар клиенттің операцияларын анықтау рәсімін;
3) клиент әдеттен тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған кезде Субъектілердің клиентке және оның операцияларына қатысты қабылдайтын шараларды қабылдау тәртібі және сипаттамасын;
4) жария лауазымды тұлғалар, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары болып табылатын, сондай-ақ, олардың жүзеге асырылу нысанына және ақша қаражатының және (немесе) осындай клиенттердің басқа меншігінің шығу көзін анықтауды қоса алғанда, олар жасалған не жасалуы мүмкін сомасына қарамастан көрсетілген тұлғалар бенефициарлық меншік иелері болып табылатын клиенттерге қызмет көрсетуге қабылданған қаржылық операциялардың тұрақты күшейтілген мониторингін жүзеге асыру тәртібін қамтиды.
Субъект жауапты қызметкерді не КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ бойынша бөлімше қызметкерлерін тағайындаған жағдайда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы:
1) осы талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған және (немесе) қосымша мәліметтерді жаңарту бойынша Субъектінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасында міндеттерді бөлуді;
2) шектік, ерекше және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында беру бойынша Субъектінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы міндеттерді бөлуді;
3) шекті, ерекше және күдікті операциялар анықталған кезде Субъект бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тетігінің сипаттамасын;
4) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдау тәртібі, негіздері және мерзімін;
5) клиенттің операциясын жүргізуден бас тарту туралы (клиенттің, бенефициарлық меншік иесінің тізбеде болуына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау бойынша бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін;
6) тізімде және тізбелерде тұрған клиенттерді және бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ осындай клиенттерді ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, осындай клиенттерге қызмет көрсету не онымен іскерлік қатынастарды тоқтату бойынша Субъект бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібін;
7) Субъектінің басшылығына шекті және күдікті операцияның, тізімнен және тізбелерден клиенттерді анықтау туралы ақпарат беру тәртібін (қажет болған кезде) қосымша қамтиды, бірақ онымен шектелмейді.
24. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасының шеңберінде Субъектілер КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ заңдастырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар барлық шекті, ерекше, күдікті операциялар мен операциялардың мақсаттары мен негіздерін белгілеуге бағытталған іс-шараларды жүргізеді.
Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелері Субъектілер қызметтерінің КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттердің тәуекелдер деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланылады.
Клиенттің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) Субъектіде клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және операция жасалғаннан кейін кемінде 5 (бес) жыл сақталады.
6-тарау. КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ саласында Субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы
25. КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ саласындағы Субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) Қазақстан Республикасының КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірленеді.
Оқыту бағдарламасы мыналарды:
1) қызметкерлерді тағайындау немесе жұмысқа қабылдау кезінде бастапқы оқыту жүргізу тәртібін;
2) Субъект қызметкерлері үшін міндетті түрде зерделенуге жататын тақырыптар мен мәселелердің тізбесін, оның ішінде:
КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ саласындағы заңнама талаптарын;
клиенттерді сәйкестендіру және тексеру тәртібін;
операцияларды мониторингтеу және зерделеу тәртібін;
клиенттерді тәуекел деңгейлері бойынша сыныптау тәртібін;
зерделеуді талап ететін операциялар анықталған кезде қызметкерлердің міндеттерін;
3) тұрақты оқытуды жүргізу тәртібін, мерзімділігін қоса алғанда;
4) қызметкерлердің білімін тексеру тәртібін, нәтижелерді құжаттамалық тіркеуді қоса алғанда;
5) Қағидаларды іске асыруға жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыру тәртібін;
6) оқыту процестерін құжаттау және материалдарды сақтау тәртібін қамтиды.
7) КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ саласындағы заңнамадағы өзгерістер туралы Субъект қызметкерлерін хабардар ету тәртібін.
26. Қағидаларды іске асыруға қатысатын қызметкерлер Субъектінің ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдер мен тәртіпке сәйкес оқытудан өтеді.
27. Оқытуды жүргізу, оның нәтижелерін тіркеу және есептілікті қалыптастыру жауапты қызметкер немесе Субъектінің уәкілетті бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
28. Субъектілер оқыту мазмұнының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ қызметкерлердің КЖ, ТҚ, ЖҚҚТҚҚІ мәселелері бойынша өзекті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
