"Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйегіндегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 28 ақпандағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 наурызда № 38068 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйегіндегі № 89 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – СДТБТ) – ҚР ҚПК-нің 180-бабының бірінші бөлігінде аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің қозғалысы, арыз иелері мен қылмыстық процестің қатысушылары туралы мәліметтер енетін ақпараттық жүйе, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуді жүзеге асырады;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдайды. Кезекші бөлімдер қабылдауды тәулік бойы жүзеге асырады.

      СДТБТ-на қолжетімділігі бар лауазымды адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін оны АЕК-на бекітуді жүргізеді.

      Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат СДТБТ-мен интеграцияланған электрондық ақпараттық ресурстардан және интернет-ресурстардан келіп түскен жағдайда оларды техникалық мүмкіндік болған кезде АЕК-ке тіркеу автоматты түрде немесе уәкілетті тұлға жүргізеді.

      СДТБТ-на қолжетімділік болмаған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдаған лауазымды адам байланыс құралдарын пайдалана отырып уәкілетті тұлға хабарлайды, ал ол алынған хабарлама негізінде АЕК-де бекітуді жүзеге асырады және осы Қағидалардың 3-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баянат жасайды.

      Жедел-іздестіру қызметінің барысында "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілгеннен кейін, соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау кезінде арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары қолданыла отырып алынған мәліметтер ҚПК-нің 184-бабының бірінші бөлігі 2) тармағының талаптарына сәйкес лауазымды адамның баянаты бойынша тіркелуі тиіс.

      Байланыс арналары арқылы келіп түскен бүркемеленген өтініштер, соның ішінде белгісіз адамдардың хабарлары АЕК-де бекітіледі және ондағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер ҚПК-нің 184-бабының бірінші бөлігі 2) тармағының талаптарына сәйкес, тек лауазымды адамның баянаты бойынша расталған жағдайда ғана СДТБТ-да тіркелуі мүмкін.

      Қылмыстық қудалау органдары анықтаған әкімшілік құқық бұзушылықтар және тәртіптік теріс қылықтар АЕК-де бекітуге жатпайды.";

      9-тармақ мынадай редакциядағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "СДТБТ-мен интеграцияланған электрондық ақпараттық ресурстар мен интернет-ресурстардан жасалған, дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы келіп түсетін арыздар мен хабарламалар осы Қағидаларға сәйкес АЕК-ке тіркелуге жатады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тергеушілер, анықтаушылар, прокурорлар, уәкілетті тұлғалар сонымен қатар аталған ақпаратты қарау тапсырылған лауазымды адамдар осы Қағидалардың 9-11-тармақтарында көрсетілген себептерді қоспағанда қылмыстық құқық бұзушылық туралы, оның ішінде электрондық ақпараттық ресурстардан және СДТБТ-мен интеграцияланған интернет-ресурстардан келіп түскен ақпаратты алған кезде, дереу бірақ 24 сағаттан кешіктірмей осы Қағидалардың 9, 10-тармақтарының талаптарын сақтай отырып қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны қабылдауды және оларды осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес СДТБТ-ға тіркеуді қамтамасыз етеді.";

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қоғамдық орын – халықтың пайдалануына, сондай-ақ жаппай іс-шаралар, азаматтарға қызмет көрсету және демалысын өткізуге арналған, елдімекендердің шегінде немесе олардан тыс жерлердегі ортақ пайдаланылатын орындары.

      Қоғамдық орындарға:

      1) білім беру және демалу ұйымдары;

      2) денсаулық сақтау ұйымдары;

      3) көпшілікті тамақтандыру пункттері;

      4) кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт, тамашалау және көрме залдары, спорт ареналары және жалпы көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық құрылысжайлар, оның ішінде түнгі клубтар мен дискотекалар;

      5) музейлер, кітапханалар мен лекторийлер;

      6) жергілікті және алыс қатынастағы пойыздар, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелері, қалалық, қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердің және қалалық электр көлігінің салондары;

      7) әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттары, теміржол вокзалдарының перрондары және метрополитендер;

      8) рұқсаттамалық режимді пайдаланбайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үй-жайлары;

      9) бұзақылық жасалған жағдайларда еңбек ұжымдары жұмыс істеу үшін пайдаланатын рұқсаттамалық режимі бар объектілердегі жұмыс орындары болып табылатын үй-жайлар;

      10) үйлердің кіреберістері;

      11) осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген өзге де орындар жатады.

      Ескертпе: үйлердің кіреберістеріне көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен жатақханалардың кіреберістері жатады.

      28. Қоғамдық орындар:

      1) тұрақты (кез келген уақытта кіруге болатын орындар: көшелер, тұйық көшелер, скверлер, бульварлар, жағалаулар, алаңдар, вокзалдар, аулалар (жеке үйлердің аулаларын қоспағанда);

      2) мерзімді (белгілі бір сағаттарда халыққа қызмет көрсетуге және халықтың демалуына арналған үй-жайлар: базарлар, білім беру және емдеу-сауықтыру мекемелері, демалыс аймақтары, мәдени мекемелер, ойын-сауық, спорт мекемелері, қоғамдық көлік, сауда кәсіпорындары, жолаушылар вагондары, көпшілікке арналған дәретханалар) болып бөлінеді.

      Ескертпе: жолаушылар вагондарына жолаушыларды тасымалдауға арналған вагондар, сондай-ақ почта, почта-багаж, багаж, қызметтік-техникалық вагон-мейрамхана (қызметтік, клубтар, санитарлық, сынақ және өлшеу, зертханалар және жолаушылар үлгісіндегі басқа да арнайы вагондар) жатады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қоғамдық орындарда жасалғандар ретінде есепке алуға жатпайды:

      1) құқық бұзушылықты жасау сәтінде өз қызметін орындамайтын қоғамдық мәндегі объектілерде жасалған құқық бұзушылықтар;

      2) еңбек ететін ұжымдар жұмыс үшін пайдаланатын және күзетілетін автотұрақтардағы рұқсатнама режимдері бар объектілерде жасалған құқық бұзушылықтар;

      3) ұйымдардың, мекемелердің, сауда және ойын-сауық мекемелерінің қосалқы орынжайларында, киім гардеробтарында және қызметтік кабинеттерде жасалған құқық бұзушылықтар;

      4) қоршауының болуынан тәуелсіз қараусыз қалған ғимараттар территориясында, жерасты коммуникацияларда, жергілікті жарақталмаған учаскелерде – бос алаңда, көше мен жағажай жағалауынан басқа өзен жағалауында, қандай да бір инфрақұрылым объектілерінсіз автожол учаскелерінде жасалған құқық бұзушылықтар;

      5) пәтердегі ұрлық және жатақханалардың, қонақ үйлердің, демалыс үйлерінің орынжайларында, жолаушылар болмаған жағдайда аралықтарда тұрған жолаушылар пойыздарының вагондарда, жолайрықтарда, тұйықтар мен тұрақ саябақтарында жасалған басқа құқық бұзушылықтар;

      6) коммуналдық пәтерлердің жаппай пайдалану орындарында, шатырларда, жертөлелерде, лифтілерде жасалған құқық бұзушылықтар, бұзақылықтан басқа;

      7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 116, 126, 128, 129, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 145, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 160, 162, 163, 164, 165, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 175, 180, 182, 183, 184, 186, 189, 198, 199, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 214-1, 214-2, 215, 216, 217, 218, 218-1, 220, 221, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 232-1, 233, 234, 235-1, 236, 237, 238, 239, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 251, 253, 254, 257, 258, 259, 260, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269-1, 270, 271, 275, 276, 278, 279, 280, 281, 282, 284, 285, 286, 287, 288, 289, 290, 295, 295-1, 300, 301, 302, 303, 305, 306, 310, 312, 314, 315, 317, 318, 319, 322, 323, 330, 331, 333, 334, 335, 336, 337, 338, 341, 342, 343, 344, 349, 351, 352, 354, 355, 356, 357, 358, 359, 360, 361, 362, 363, 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 376, 377, 383, 384, 385, 386, 387, 388, 388-1, 390, 394, 395, 396, 398, 399, 403, 404, 405, 406, 407, 408, 409, 410, 411, 412, 412-1, 413, 415, 416, 417, 418, 419, 420, 421, 422, 423, 424, 425, 426, 427, 428, 429, 430, 431, 432, 433, 434, 437, 438, 439, 440, 441, 442, 443, 444, 445, 446, 447, 448, 450, 451, 452, 453, 454, 455, 456, 458, 460, 464, 465, 466-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар;

      8) жол-көлік құқық бұзушылықтары;

      9) интернет-алаяқтық, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалған құқық бұзушылықтар.";

      57-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57-1. Қылмыстық процеске қатысушыларға процестік мәртебесін алған сәттен бастап ҚР ҚПК-нің талаптарын сақтай отырып жария сектор арқылы:

      қабылданған процестік шешімдері туралы, өзіне қатысты қылмыстық іс материалдары туралы немесе ол қорғалатын адам туралы СДТБТ-дағы қолда бар мәліметтерге;

      ҚР ҚПК-нің 13-тарауында көзделген өтінішхаттарды, арыздарды беруге және оларға электрондық форматта жауап алуға қолжетімділік беріледі.

      Жария сектормен жұмыс жасау үшін қылмыстық процеске қатысушыларда Интернеттің, ЭЦҚ-ның болуы және жария секторда тіркелуі қажет.

      Қылмыстық процеске қатысушыларға міндетті түрде ҚР ҚПК-ге сәйкес табысталуға не таныстыруға жататын процестік шешімдерге қолжетімділік беріледі.

      Қылмыстық процеске қатысушыларды тіркеу жария секторда ҚР ҚПК-де көзделген шектеулерді ескере отырып өз бетінше жүргізіледі.

      Қолжетімділікті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы адам ҚР ҚПК-мен белгілеген көлемде береді.

      Қылмыстық процеске қатысушының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының және прокурордың шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жария сектор, қолма-қол, жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша немесе "E-Otinish" ақпараттық жүйесі арқылы шағымы түскен кезде "Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы шағымдарды есепке алу нысаны" 1-ШЕ нысаны осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 1-ШЕ нысаны) құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары кеңсесінің қызметкерімен (жұмыскері) толтырады.

      Қылмыстық процеске қатысушының өтінішхаты түскен кезде құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары кеңсесінің қызметкерімен (жұмыскері) осы Қағидаларға 22-1-қосымшаға сәйкес "Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы өтінішхаттарды есепке алу жөніндегі нысан" 1-УХ нысаны (бұдан әрі – 1-УХ нысаны) толтырылады.";

      Қағидаларға 22-2-қосымша:

      8.1.-тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "8.1. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы өтінішхат.";

      Қағидаларға 23-қосымша:

      8.2.-тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "8.2. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы шағым.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналасуын;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады