"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 24 ақпандағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 ақпанда № 38054 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18562 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. СЖТ және техникалық шарттарды алу, эскизді (эскиздік жобаны) келісу Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 25) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
И. Шархан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады