"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына2-тармағына2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 691 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17605 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі