"Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 633 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 ақпанда № 38021 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 633 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 37245 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысанын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 20 ақпандағы
№ 111 бұйрығына қосымша
Қазақстан Реcпубликасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 633 бұйрығымен бектілген
нысан

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған алшақтықтар туралы хабарлама

20 ___ жылғы "_____" __________



№ ___________

      ______________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, коды, мекенжайы)

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 82-бабының

      1-тармағына және 137-бабының 3-тармағына сәйкес Сізге

      _______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)) немесе

      салық төлеушінің (салық агентінің) атауы

      ________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

      ________________________________________________________________________

      салықтық (салықтық есептіліктің атауы және салықтық кезеңі)

      есептілік бойынша 20____ жылғы "__" __________ анықталған алшақтықтар туралы хабарлайды.

      Салық кодексінің 82-бабының 2-тармағына сәйкес Сізге осы хабарламаны ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындау қажет.

      1. Салық кодексінің 137-бабының 4-тармағына сәйкес хабарламаны орындау болып танылады:

      1) хабарламада көрсетілген алшақтықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын:

      алшақтықтар анықталған салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;

      қосылған құн салығын қайтару туралы салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша бюджеттен бұрын қайтарылған қосылған құн салығының сомасын, сондай-ақ осындай сомаларды салық төлеушіге (салық агентіне) аудару күнінен бастап төлеу күніне дейінгі әрбір күн үшін өсімпұлды бюджетке төлеу;

      өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін – арнаулы мобильді қосымшада деректерді көрсету және (немесе) салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеу;

      тиісті салық режиміне көшу мақсатында Салық кодексінің 716-бабында көзделген әрекеттерді жасау арқылы жоюы;

      2) хабарламада көрсетілген алшақтықтармен келіспеген жағдайда – Салық кодексінің 137-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) хабарламаны ұсынған салық органына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзылуына алып келмейтін алшақтықтардың себептері туралы түсінік ұсынуы.

      Хабарламада көрсетілген алшақтықтардың бір бөлігімен келіскен жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) алшақтықтарды анықталған бөлігінде жоюы және қалған бөлікте алшақтықтардың жоқтығы жөнінде түсінікті ұсынуы хабарламаның орындалуы деп танылады.

      2. Салық кодексінің 137-бабының 9-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде осы хабарламаны орындамау салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға, электрондық шот фактураларды жазып беруді тоқтатуға және Қазақстан Республикасы аумағында интернет-платформа арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-платформасына қол жеткізуді шектеуге әкеп соғады, бұл Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 86, 88 және 89-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Салық кодексінің 137-бабының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтарға қатысты салықтық тексеру жүргізуге құқылы.

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 137-бабының 7-тармағына сәйкес Сіз тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты сатып алуды (алуды) растайтын жағдайларда, Салық кодексінің 137-бабының 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда осы хабарламаны сот тәртібімен даулауға құқығыңыз бар.

      Шағымды іс жүргізуге қабылдау туралы сот актісінің көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) хабарламаны ұсынған салық органына ұсынады.

      Бұл ретте тоқтата тұру Салық кодексінің 137-бабының 7-тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сот актісі шығарылған күннен бастап ол заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңге қолданылады.

      Анықталған бұзушылықтар сипаттамасымен қосымша _________ парақта.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)

      ______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))

      (қолы) Мөр орны

      Хабарламаны алды_____________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе))

      (қолы, күні) Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

Хабарлама салық төлеушіге (салық
агентіне) табысталды
____________________________
(хабарламаны табыстаған
мемлекеттік кірістер органы
лауазымды адамының тегі, аты,
әкесінің аты (егер жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілген
болса), қолы, күні)


Тегі, аты, әкесінің аты (егер
жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілген болса)
немесе салық төлеушінің
(салық агентінің) атауы:
___________________________
Мекенжайы:
___________________________
___________________________
Хабарлама салық төлеушіге
(салық агентіне) жіберілді
___________________________
(жөнелту және (немесе) оны
алу фактісін растайтын құжат)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады