"Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2026 жылғы 13 ақпандағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 ақпанда № 37995 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-35) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      9-тармақтың 8) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Грант алушы "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" басым бағыты бойынша грант алған және грантты игеру мерзімі ішінде тәжірибесін кеңейткен кезде Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне іріктеуден өтуі тиіс.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларына 1-қосымшада:

      мына:

      "

Инновациялық гранттар туралы қандай көздерден білдіңіз?
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты
ұлттық институттың сайты
ұлттық институттың таратылымдары
ұлттық институттың семинарлары, конференциялары
әлеуметтік желілер
база

  ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Инновациялық гранттар туралы қандай көздерден білдіңіз?
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайты
ұлттық институттың сайты
ұлттық институттың таратылымдары
ұлттық институттың семинарлары, конференциялары
әлеуметтік желілер
басқа

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндетін атқарушысы
Т. Ешенкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады