Туындыны жеке мақсата көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қаңтарда № 37917 болып тіркелді

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) туындыны жеке мақсатта табыс алмай көшірмелеу үшін сыйақы мөлшері осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 29 қаңтардағы
№ 99 бұйрығына
1 қосымша

Туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және автордың, орындаушының және фонограмма өндірушісінің келісімінсіз, бірақ сыйақы төлей отырып, туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда Заңның 2-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа (бұдан әрі – бірыңғай цифрлық платформа) – Заңға сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару саласында пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін қамтамасыз ететін сараптамалық ұйымның цифрлық жүйесі;

      2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3) сараптамалық ұйым – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде Заңға сәйкес уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;

      4) бірыңғай цифрлық платформа субъектісінің жеке кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – бірыңғай цифрлық платформа субъектісінің бірыңғай цифрлық платформамен және өзге де субъектілермен өзара іс-қимыл жасауына, сондай-ақ Заңда және Қағидаларда көзделген өзге де әрекеттерді орындауына арналған электрондық кабинет;

      5) дербес деректер – электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта тіркелген, белгілі бір дербес деректер субъектісіне қатысты немесе сол деректердің негізінде айқындалатын мәліметтер.

      3. Сараптамалық ұйым Заңның 26-бабына сәйкес автордың, орындаушының және фонограмма өндірушісінің келісімінсіз, бірақ сыйақы төлей отырып, туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақыны жинауды және бөлуді, сондай-ақ оны құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарына (бұдан әрі – ҚҰБҰ) төлеуді жүзеге асырады.

      4. Мұндай сыйақыны жеке мақсатта автордың, орындаушының және фонограмма өндірушісінің келісімінсіз туындыны көшірмелеу үшін пайдаланылатын жабдық пен материалдық тасымалдағыштарды дайындайтын тұлғалар (бұдан әрі – дайындаушы) немесе оларды импорттайтын тұлғалар (бұдан әрі – импорттаушы) уәкілетті орган белгілеген мөлшерде төлейді.

      5. Сыйақыны жинау, бөлу және төлеу мақсатында сараптамалық ұйым банкте сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін шотты, сондай-ақ өз қызметін жүзеге асыру және нақты шығындарды өтеу үшін шотты ашады.

      6. Сараптамалық ұйым жабдық пен материалдық тасымалдағыштарды дайындаушылар мен импорттаушыларға бірыңғай цифрлық платформаға қолжетімділікті, оның ішінде жеке кабинеттерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      7. Жеке кабинетте жабдық пен материалдық тасымалдағыштарды дайындаушы немесе импорттаушы туралы мәліметтер, оның ішінде атауы, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тіркелген мекенжайы, заңды және нақты мекенжайлары, байланыс ақпараты (телефон, электрондық пошта мекенжайы), банк деректемелері, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформаның тиісті жұмыс істеуі үшін қажетті өзге де мәліметтер қамтылады.

2 тарау. Сыйақыны жинау, бөлу және төлеу тәртібі

1 Параграф. Сыйақы жинау

      8. Сараптамалық ұйым Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 159 бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілген жабдық пен материалдық тасымалдағыштарды дайындаушылардан немесе импорттаушылардан сыйақыны жинауды жүзеге асырады, Заңның 26-бабының 6-тармағында көрсетілген жабдық пен материалдық тасымалдағыштарды қоспағанда.

      9. 9. Заңның 26-бабында көзделген сыйақыны жинауды жүзеге асыру үшін сараптамалық ұйым жабдық пен материалдық тасымалдағыштарды дайындаушылар мен импорттаушылар туралы мәліметтерді мемлекеттік органдардан (ұйымдардан) және өзге де заңды тұлғалардан, сондай-ақ өзге де ашық көздерден алады.

      10. Осы мақсаттар үшін сараптамалық ұйым:

      1) жабдық пен материалдық тасымалдағыштарды дайындаушыларға немесе импорттаушыларға автордың, орындаушының және фонограмма өндірушісінің келісімінсіз туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақы төлеу туралы, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны және төлем жасауға арналған шотты жібереді.

      2) бірыңғай цифрлық платформа арқылы құқықтарды ұжымдық басқару ұйымымен сыйақы төлеу туралы шарт жасасады, онда осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтыруға арналған мәліметтер қамтылады.

      11. Сараптамалық ұйым хабарламаны осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мәліметтерде көрсетілген мекенжайлар бойынша дайындаушыларға немесе импорттаушыларға жіберген күннен бастап, хабарлама жеткізілді (алынды) деп есептеледі.

      12. Сыйақыны төлеу дайындаушы немесе импорттаушы тарапынан қолма-қол ақшасыз нысанда, яғни сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған сараптамалық ұйымның шотына ақша қаражатын аудару арқылы, сараптамалық ұйым сыйақы төлеу туралы хабарламаны жіберген және төлемге шотты ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      13. Егер дайындаушыда немесе импорттаушыда жабдық пен материалдық тасымалдағыштардың өткізу сомасы немесе кедендік құны сараптамалық ұйымның хабарламасында көрсетілген сомадан өзгеше екенін растайтын мәліметтер болған жағдайда, дайындаушы немесе импорттаушы хабарлама жеткізілген (алынған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мұндай мәліметтерді сараптамалық ұйымның мекенжайына ұсынады.

      14. Сараптамалық ұйым мұндай мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) есептеуді түзету туралы;

      2) себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы.

      15. Сыйақыны төлеу дайындаушы немесе импорттаушы тарапынан қолма-қол ақшасыз нысанда, яғни есептеуді түзетуді ескере отырып, сараптамалық ұйым төлемге шотты ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған сараптамалық ұйымның шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады.

      16. Дайындаушы немесе импорттаушы өз бастамасы бойынша (сараптамалық ұйымның хабарламасынсыз) сыйақыны төлеу мақсатында іске асырылған және әкелінген жабдық пен материалдық тасымалдағыштар туралы мәліметтерді сараптамалық ұйымға жолдайды.

      17. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда, импорттаушының мәліметтері мыналарды қамтуға тиіс:

      1) тауарларға арналған декларация;

      2) жабдық пен материалдық тасымалдағыштардың атауы;

      3) әкелінген жабдық пен материалдық тасымалдағыштардың саны;

      4) жабдық пен материалдық тасымалдағыштардың кедендік құны;

      5) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) тиісті кодтары туралы мәліметтер.

      18. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда, дайындаушының мәліметтері мыналарды қамтуға тиіс:

      1) жабдық пен материалдық тасымалдағыштардың атауы;

      2) дайындалған және өткізілген жабдық пен материалдық тасымалдағыштардың саны;

      3) жабдық пен материалдық тасымалдағыштың бір бірлігінің өткізу бағасы;

      4) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тиісті кодтары туралы мәліметтер (тауарға қолданылған жағдайда) не тізбеде көзделген өнімді айқындайтын өзге де белгілер.

      19. Сараптамалық ұйым осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген дайындаушыдан немесе импорттаушыдан алынған мәліметтерді алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың толықтығын тексереді және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті дайындаушыға немесе импорттаушыға сыйақы төлеу туралы хабарлама жібереді.

      20. Дайындаушыдан немесе импорттаушыдан алынған, осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген мәліметтердің толық еместігі немесе сәйкессіздігі анықталған жағдайда, сараптамалық ұйым осындай мәліметтерді ескере отырып, дайындаушыларға немесе импорттаушыларға сыйақы төлеу туралы хабарламаны және оны төлеуге арналған шотты жібереді.

      21. Осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген хабарлама жіберілгеннен кейінгі кейінгі әрекеттер, оның ішінде нақтылаушы мәліметтерді ұсыну, сыйақы сомасын қайта есептеу, оны төлеудің мерзімдері мен тәртібі осы Қағидалардың 11, 12, 13 және 14-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Сыйақыны төлеу дайындаушы немесе импорттаушы тарапынан қолма-қол ақшасыз нысанда, яғни сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған сараптамалық ұйымның шотына ақша қаражатын аудару арқылы, сыйақы төлеу туралы хабарлама мен төлемге шот жеткізілген (алынған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      23. Сараптамалық ұйым тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей, дайындаушыларға немесе импорттаушыларға сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша орындалған жұмыстардың актілерін, сондай-ақ сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша сараптамалық ұйымның нақты шығыстары сомасына электрондық шот-фактураларды ұсынады.

      24. Сараптамалық ұйым тоқсан сайын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиналған сыйақы туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформада орналастырады.

      25. Сараптамалық ұйымның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған шотына түсетін сыйақы сомалары (ақша қаражаты) сараптамалық ұйымның меншікті қаражаты болып табылмайды, оның табысы болып саналмайды және құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарына (ҚҰБҰ) аударуға жататын қаражат ретінде есепке алынады.

2 Параграф. Сыйақыны бөлу тәртібі

      26. Жиналған сыйақыны бөлу сараптамалық ұйыммен бірыңғай цифрлық платформа арқылы тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, ҚҰБҰ арасында жүзеге асырылады.

      27. Сараптамалық ұйым жиналған сыйақыдан осындай сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша нақты шығыстарды жабуға арналған сомаларды, бірақ жиналған сыйақының жалпы сомасының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде, ұстап қалады және оларды сараптамалық ұйымның өз қызметін жүзеге асыруы және нақты шығыстарын жабуы үшін арналған шотына аударады.

      28. ҚҰБҰ өзіне төленуге жататын сыйақы сомасынан нақты шығыстарды жабуға арналған сомаларды, бірақ осы Қағидалардың 30-тармағы 4) тармақшасына сәйкес есептелетін, өзіне төленуге жататын сыйақы сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшерде, ұстап қалады.

      29. Сыйақыны бөлу бірыңғай цифрлық платформа арқылы мынадай мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады:

      1) есептік кезеңде жиналған сыйақы сомалары;

      2) сараптамалық ұйымның нақты шығыстарын жабуға арналған сомалар;

      3) ҚҰБҰ-ның нақты шығыстарын жабуға арналған сомалар;

      4) бірыңғай цифрлық платформада қалыптастырылған телерадиокомпаниялардың шығармаларды пайдалану туралы есептерінен алынған деректер;

      5) бірыңғай цифрлық платформаның тізілімдерінде орналастырылған мәліметтер.

      30. Сараптамалық ұйым жиналған сыйақыны бірыңғай цифрлық платформа арқылы ҚҰБҰ арасында төмендегі өлшемшарттарды ескере отырып бөледі:

      1) бірыңғай цифрлық платформада қалыптастырылған телерадиокомпаниялардың пайдалану туралы есептерінде көрсетілген әрбір шығарманың пайдаланылу (ротация) санына пропорционалды түрде, төмендегі формулалар бойынша:

     


     


     


      бұл жерде:

     

– таратылатын сыйақының бөлігі, есептік кезеңде жиналған сыйақы есебінен қалыптастырылған, сараптамалық ұйымның нақты шығыстарын шегергеннен кейін;

     

– есептік кезеңде жиналған сыйақының сомасы;

     

– есептік кезеңде жиналған сыйақы сомасынан шегеруге жататын сараптамалық ұйымның нақты шығыстарының сомасы;

     

– сараптамалық ұйымның нақты шығыстары;

     

– есептік кезеңде таратуға жататын сыйақының жалпы сомасы, оған сараптамалық ұйымның шығыстары шегерілгеннен кейінгі ағымдағы жинақтың бөлігі және бұрын таратылмаған сыйақының сомасы кіреді;

     

– бұрын таратылмаған ретінде есепке алынған, алайда ағымдағы кезеңде таратуға жататын сыйақының сомасы

     


      бұл жерде:

     

– нақты бір шығармаға тиесілі сыйақы сомасы;

     

– нақты бір шығарманың пайдаланылу (ротация) саны;

     

– барлық шығармалардың пайдаланылу (ротация) санының жалпы саны;

     

– таратуға жататын сыйақының жалпы сомасы.

      2) Қазақстан Республикасының "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңының 26-бабының 4-тармағында белгіленген пропорцияға сәйкес, үлестерді өзгертуге немесе санаттар арасында қайта бөлуге жол берілмей, төмендегідей бөлінеді: қырық пайыз – авторларға; отыз пайыз – орындаушыларға; отыз пайыз – фонограмма өндірушілеріне, төмендегі формула бойынша.

     


      бұл жерде:

     

– бір шығарма бойынша тиісті құқық иеленушілер санаты үшін (авторлар / орындаушылар / фонограмма өндірушілері) тиесілі сыйақы сомасы;

     

– шығармаға тиесілі сыйақы сомасы;

     

– құқық иеленушілер санатының үлесі (0,4 / 0,3 / 0,3).

      3) Әрбір ҚҰБҰ бөлінісінде төмендегі формула бойынша:

     


      бұл жерде:

      CҚҰБҰ – нақты өтемақы төлеуге жататын сыйақы сомасы;

      V1,V2,…Vn – тиісті өтемақыны басқарудағы әрбір туынды үшін есептелген сыйақы сомасы.

      4) нақты ҚҰБҰ нақты шығыстарын есептеу келесі формулалар бойынша жүзеге асырылады:

     


      бұл жерде:

     

– есепті кезеңде жиналған сыйақы есебінен нақты туындыға келетін сыйақы сомасы (бұрын бөлінбеген сомаларды есепке алмағанда);

     

– нақты бір шығарманың пайдаланылу (ротация) саны;

     

– барлық шығармалардың пайдаланылу (ротация) санының жалпы саны;

     

– сараптама ұйымының нақты шығыстарын шегергендегі есепті кезеңде жиналған сыйақы есебінен қалыптастырылған бөлінетін сыйақының бөлігі.

     


      бұл жерде:

     

– есепті кезеңде жиналған сыйақы есебінен нақты ҚҰБҰ келетін сыйақы сомасы (бұрын бөлінбеген сомаларды есепке алмағанда);

     

– тиісті ҚҰБҰ басқарудағы барлық туындыларды пайдаланудың (ротациялардың) жалпы саны;

     

– барлық шығармалардың пайдаланылу (ротация) санының жалпы саны;

     

– сараптама ұйымының нақты шығыстарын шегергендегі есепті кезеңде жиналған сыйақы есебінен қалыптастырылған бөлінетін сыйақының бөлігі.

     


      бұл жерде:

     

– ҚҰБҰ нақты шығыстарын жабуға арналған сома;

     

– ҚҰБҰ нақты шығыстары;

     

– ағымдағы алым есебінен ҚҰБҰ келетін сыйақы сомасы;

     

– ҚҰБҰ-ның шығыстарының шекті мөлшері (бес пайыз).

      Сыйақының барлық есептеулері осы Қағидаларға сәйкес бірыңғай цифрлық платформа арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

      31. Жиналған сыйақыны бөлу мақсатында құқық иеленуші немесе ҚҰБҰ құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік беру қағидаларының 13 және 17-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформадағы құқық иеленушілер тізілімінде қамтылған мәліметтердің толықтығын қамтамасыз ету үшін жеке кабинетке орналастырады.

      32. Сараптамалық ұйым бірыңғай цифрлық платформа арқылы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес мәліметтерді қамтитын сыйақыны бөлу туралы есепті қалыптастырады.

      33. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін сыйақы мынадай жағдайларда таратылмаған деп танылады:

      1) бірыңғай цифрлық платформа қалыптастырған есеп бойынша шығарманы сәйкестендіру мүмкін болмаған кезде;

      2) нақты құқық иеленушілер арасында сыйақыны бөлу үшін қажетті бірыңғай цифрлық платформаның тізілімдерінде мәліметтердің болмауы немесе жеткіліксіздігі кезінде.

      34. Таратылмаған сыйақы сараптамалық ұйымның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған шотында, сыйақының аталған шотқа түскен күннен бастап үш жыл бойы сақталады.

      35. Осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін, сараптамалық ұйым мұндай таратылмаған сыйақыны таратылатын сомалардың құрамына қосады.

      36. Сараптамалық ұйым нақты құқық иеленушілерге бөлген, алайда құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік беру қағидаларының ережелеріне сәйкес талап етілмеген деп танылған жиналған сыйақы сомалары ҚҰБҰ-ның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған шотында сақталады және осындай тұлғалар анықталған немесе жүгінген кезде, аталған сомалардың ҚҰБҰ шотында сақталу мерзіміне қарамастан, тиісті құқық иеленушіге төленеді.

3 Параграф. Сыйақы төлеу

      37. ҚҰБҰ-ға сыйақыны төлеу осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес бірыңғай цифрлық платформада сыйақыны бөлу туралы есеп қалыптастырылған күннен бастап бір ай ішінде, тоқсан сайын сараптамалық ұйыммен жүзеге асырылады.

      38. Құқық иеленушілерге сыйақыны төлеу ҚҰБҰ тарапынан осындай ҚҰБҰ-ның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған шотына ақша қаражаты түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін сыйақы мынадай жағдайларда талап етілмеген (невостребованное) деп танылады:

      1) ҚҰБҰ және (немесе) құқық иеленушінің сыйақыны алудан бас тартуы;

      2) сыйақы есептелген ҚҰБҰ және (немесе) құқық иеленуші өз қызметін тоқтатқан жағдайда (оның ішінде заңды тұлғаның таратылуы немесе жеке тұлғаның қайтыс болуы) және құқықтық мирасқорлар Заңда белгіленген тәртіппен өз құқықтарын мәлімдемеген кезде.

      40. Осы Қағидалардың мақсаты үшін сыйақы мынадай жағдайларда төленбеген (невыплаченное) деп танылады:

      1) сыйақы нақты ҚҰБҰ-ға және (немесе) нақты құқық иеленушіге бөлініп, есептелген, алайда оны төлеу сараптамалық ұйыммен және (немесе) ҚҰБҰ-мен жүзеге асырылмаған жағдайда;

      2) сыйақыны төлеу заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде тоқтатылған жағдайда;

      3) сыйақы есептелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ҚҰБҰ және (немесе) құқық иеленуші сыйақыны төлеу үшін қажетті мәліметтерді (оның ішінде банктік деректемелерді) ұсынбаған немесе өзектендірмеген жағдайда.

      41. ҚҰБҰ арасында сараптамалық ұйым төлеген сыйақы туралы есеп осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, сыйақы төленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай цифрлық платформада қалыптастырылады.

      42. ҚҰБҰ сыйақыны төлеу жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, құқық иеленушілерге төленген сыйақы туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформада орналастырады.

      43. Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша бірыңғай цифрлық платформада сараптамалық ұйым мен ҚҰБҰ-ның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы туралы есеп қалыптастырылады, онда осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес мәліметтер қамтылады.

  Туындыны жеке мақсатта
көшірмелеу үшін сыйақыны
жинау, бөлу және төлеу
қағидаларына
1- қосымша
  Нысан

Автордың, орындаушының және фонограмма өндірушісінің келісімінсіз туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақы төлеу туралы
ХАБАРЛАМА

      <сәйкестендіру нөмірі>                   <хабарлама жіберілген күн>

      <сараптама ұйымының толық атауы>

      <Сараптама ұйымының БСН>

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына және туындыны жеке мақсатта қайта шығару үшін сыйақы жинау, бөлу және төлеу қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" ШЖҚ РМК <іске асырғаны үшін сыйақы төлеу қажеттігі туралы хабарлайды не <Қазақстан Республикасының аумағына әкелу> табыс алусыз туындыны жеке мақсатта жаңғыртуға арналған жабдықтар мен материалдық тасығыштарды әкелу.

      Сыйақы сомасы сараптама ұйымында бар мәліметтер негізінде есептелген және қоса беріліп отырған төлем шотында көрсетілген.

      Жабдықтар мен материалдық тасығыштардың өзге сомасын немесе кедендік құнын растайтын мәліметтеріңіз болған жағдайда, осы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде растайтын құжаттармен бірге тиісті мәліметтерді ұсынуды сұраймыз.

      Сараптама ұйымы сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша орындалған жұмыстардың актілері мен электрондық шот-фактуралар жиналған сыйақы сомасының жиырма бес пайызынан аспайтын сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі сараптама ұйымының нақты шығыстарының сомасына ғана жазылатынын хабарлайды.

      Қосымша:

      1. Сыйақы сомасын есептеу

      2. Төлем шоты

  Автордың, орындаушының және
фонограмма өндірушісінің
елісімінсіз туындыны жеке
мақсатта көшірмелеу үшін
сыйақы төлеу туралы
хабарламаға
  қосымша

Сыйақы сомасын есептеу

      <сараптама ұйымының толық атауы>

Р/с №

жабдықтар мен материалдық тасығыштардың <дайындаушының> немесе < импорттаушының > атауы

ЖСН/
БСН

<Сыйақы төлеу туралы хабарламаныңжәне күні>

<кедендік декларациядан мәліметтер> (импорттаушылар үшін)

жабдықтар мен материалдық тасымалдағыштардың атауы мен моделі

1

2

3

4

5

6

Жиыны:



      келесі

КО СЭҚ ТН коды

өлшем бірлігі

жабдықтар мен материалдық тасымалдағыштардың <импортталған> немесе <өндірілген> бірліктерінің саны

<кедендік құн> немесе <сату бағасы>

төлеуге берілетін сыйақының жиынтық сомасы

7

8

9

10

11






      Ескерту:

      Сыйақы сомасы уәкілетті орган белгілеген сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері негізінде есептеледі.

  Туындыны жеке мақсатта
көшірмелеу үшін сыйақыны
жинау, бөлу және төлеу
қағидаларына
2- қосымша
  Нысан

Сараптамалық ұйым мен құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы (ҚҰБҰ)
арасындағы сыйақы төлеу туралы
ШАРТ

      <сәйкестендіру нөмірі>

      <сараптама ұйымының орналасқан жері>

      < № шарт нөмірі> (бар болса)                         <шарт жасалған күн>

      Осы Шарт Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, <Т.А.Ә., лауазымы> атынан, <негіз> негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "сараптамалық ұйым" деп аталатын, бір тараптан, және Қазақстан Республикасының "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын <ҚҰБҰ-ның толық атауы>, <бірінші басшының аты-жөні> атынан, <негіз> негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы (ҚҰБҰ)" деп аталатын, екінші тараптан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп атала отырып, Заңның 9-2 және 26-баптарына сәйкес сараптамалық ұйым жүзеге асыратын функцияларды ескере отырып, туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақы төлеу туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегідей жасасты.

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1.1. Сараптама ұйымы туындыны жеке мақсатта жаңғырту үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштерді жасаушылар мен импорттаушылардан фонограмма авторының, орындаушысының және өндірушісінің келісімінсіз сыйақы жинауды жүзеге асырады.

      1.2. Сараптама жасау ұйымы жиналған сыйақыны Заңның 26 бабына және туындыны жеке мақсатта жаңғыртқаны үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес ҚҰБҰ арасында бөледі.

      1.3. ҚҰБҰ Заңның 26 бабына және Қағидалардың ережелеріне сәйкес құқық иелеріне сыйақы төлейді.

2. ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРТТАР

      2.1. Сараптама жасау ұйымы жиналған сыйақыны қағидаларға сәйкес есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын бірыңғай цифрлық платформа арқылы ҚҰБҰ арасында бөледі.

      2.2. Сараптама жасау ұйымы жиналған сыйақыдан осындай сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі нақты шығыстарды жабуға арналған соманы, бірақ жиналған сыйақының жалпы сомасының жиырма бес пайызынан аспайтын соманы шегереді.

      2.3. ҚҰБҰ нақты шығыстарды жабуға арналған соманы қоспағанда, оған сыйақы төлеуге жататын сомадан шегеріледі, бірақ оған сыйақы төлеуге жататын соманың бес пайызынан аспайды.

      2.4. Сараптама жасау ұйымы бірыңғай цифрлық платформада бөлу туралы есепті қалыптастырған күннен бастап бір ай ішінде тоқсан сайын қағидаларға сәйкес бөлінген сыйақыны ҚҰБҰ төлейді.

      2.5. Құқық иеленушілерге сыйақыны төлеу ҚҰБҰ тарапынан осындай ҚҰБҰ-ның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған шотына ақша қаражаты түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      2.6. ҚҰБҰ төленген сыйақы туралы мәліметтерді Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын бірыңғай цифрлық платформада орналастырады.

3. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ

      3.1. ҚҰБҰ сараптама ұйымына құқық иеленушілердің дербес деректерін өңдеуге, сақтауға, пайдалануға және беруге, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, тегін, атын, әкесінің атын, бүркеншік атын, байланыс деректерін, сәйкестендіру кодтарын, өзіне тиесілі авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері, құқықтар үлестері туралы мәліметтерді және мақсаттар үшін қажетті өзге де ақпаратты қоса алғанда, өзінің келісімін береді бірыңғай цифрлық платформаны пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару.

      3.2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ҚҰБҰ дербес деректерді жинау мен берудің заңдылығын, сондай-ақ дербес деректер субъектілерінің келісімдерінің болуын қамтамасыз етеді.

      3.3. Сараптама жасау ұйымы өзіне Заңмен және Қағидалармен жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында ғана Бірыңғай цифрлық платформада ҚҰБҰ орналастыратын мәліметтерді сақтауды және өңдеуді жүзеге асырады.

      3.4. Осы Шарттың қолданылуын тоқтату немесе бұзу, егер оларды одан әрі сақтау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау үшін қажет болса, ҚҰБҰ орналастырылған дербес деректер мен өзге де ақпаратты Бірыңғай цифрлық платформада жоюға әкеп соқпайды.

4. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

      4.1. Осы Шарттың орындалуына байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

      4.2. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде Тараптар Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені сараптама жасау ұйымының орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешуді талап ете алады.

      4.3. Шартта реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

5. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

      5.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап заңды күшіне енеді және <шарттың қолданылу мерзімі>дейін қолданылады.

      5.2. Осы Шарттың қолданылу мерзімі Тараптардың бірі жазбаша нысанда және (немесе) бірыңғай цифрлық платформа арқылы екінші Тарапты оның бұзылғандығы туралы хабардар еткенге дейін, бірақ оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей әр жолы бір күнтізбелік жылға автоматты түрде ұзартылады.

      5.3. Осы Шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін оның 1 және 2-бөлімдерде көзделген ережелері Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді толық көлемде орындағанға дейін күшінде қалады.

6. БАСҚА ШАРТТАР

      6.1. Осы Шартта реттелмеген, бірақ оның мәніне қатысы бар талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

      6.2. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нысанда жасалған және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайларда ғана жарамды болады.

7. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

Сараптама ұйымы:
<толық атауы>
Мекен-жайы: <сараптама ұйымы толтырады>
Тел.: <сараптама ұйымы толтырады>
e-mail: <сараптама ұйымы толтырады>
сайт: <сараптама ұйымы толтырады>
БСН: <сараптама ұйымы толтырады>
ЖСК: <сараптама ұйымы толтырады>

ҚҰБҰ:
<толық атауы>
Мекен-жайы: <ҚҰБҰ толтырады>
Тел.: <ҚҰБҰ толтырады>
e-mail: <ҚҰБҰ толтырады>
сайт: <ҚҰБҰ толтырады>
БСН: <ҚҰБҰ толтырады>
ЖСК: <ҚҰБҰ толтырады>

Тараптардың қолдары:

Сараптама ұйымы
<толық атауы және лауазымы>
<қолы>

ҚҰБҰ
<толық атауы және лауазымы>
<қолы>

  Туындыны жеке мақсатта
  көшірмелеу үшін сыйақыны
  жинау, бөлу және төлеу
  қағидаларына
  3 - қосымша
  Нысан

Жиналған сыйақы туралы
ЕСЕП

      <сәйкестендіру нөмірі>                  <есепті қалыптастыру күні>

      <сараптама ұйымының толық атауы>

      <Сараптама ұйымының БСН>

      <есеп беру кезеңі>

      1. Жиналған сыйақы туралы мәліметтер

Р/с №

Жиналған сыйақы сомасы

оның ішінде өндірушілерден

оның ішінде импорттаушылардан

1

2

3

4

5

6

7


авторлық құқық

сабақтас құқықтар

авторлық құқық

сабақтас құқықтар

авторлық құқық

сабақтас құқықтар








Жиыны




      2. Дайындаушылардың жабдықтары мен материалдық тасымалдағыштары туралы мәліметтер

Р/с №

Жабдықтар мен материалдық тасымалдағыштардың атауы мен моделі

КО СЭҚ ТН коды

Өлшем бірлігі

Дайындалған жабдықтар мен материалдық тасығыштардың саны

Сату бағасы

1

2

3

4

5

6

Жиыны



      3. Импорттаушылардың жабдықтары мен материалдық тасымалдаушылары туралы мәліметтер

Р/с №

Жабдықтар мен материалдық тасымалдағыштардың атауы мен моделі

КО СЭҚ ТН коды

Өлшем бірлігі

Импортталған жабдықтар мен материалдық тасығыштардың саны

Кедендік құн

1

2

3

4

5

6

Жиыны



  Туындыны жеке мақсатта
көшірмелеу үшін сыйақыны
жинау, бөлу және төлеу
қағидаларына
4 - қосымша
  Нысан

ҚҰБҰ арасында сыйақыны бөлу туралы
ЕСЕП

      <сәйкестендіру нөмірі>                         <есепті қалыптастыру күні>

      <сараптама ұйымының толық атауы>

      <сыйақыны бөлу жүзеге асырылатын есепті беру кезеңі>

      1. ҚҰБҰ бөлінісінде жиналған және бөлінген сыйақы туралы мәліметтер

Р/с №

Жиналған сыйақы сомасы

Сараптама ұйымының нақты шығыстарының сомасы

Қайта бөлуге жататын алдыңғы есепті кезең(лер) үшін бөлінбеген сыйақы сомасы

ҚҰБҰ атауы

ҚҰБҰ бөлінісінде бөлінуге жататын сыйақы сомасы

ҚҰБҰ нақты шығыстар сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


авторлық құқық

сабақтас құқықтар


авторлық құқық

сабақтас құқықтар


авторлық құқық

сабақтас құқықтар


Жиыны







      2. Туындылар мен құқық иеленушілер бөлінісінде бөлінген сыйақы туралы мәліметтер

Р/с №

Шығарманың атауы

Пайдалану саны (ротация)

Шығармаға келетін сыйақы сомасы

Автор(лар) Т.А.Ә.,

1

2

3

4

5

6




авторлық құқық

сабақтас құқықтар


Жиыны



      келесі

 
Автордың(лар) ЖСН / БСН

Автордың(лар) сыйақысының үлесі мен сомасы

Орындаушының аты-жөні

 
Орындаушының ЖСН / БСН

Орындаушының(лар) сыйақысының үлесі мен сомасы

6

7

8

9

10






      келесі

Фонограмма өндірушісінің Т.А.Ә.

ИИН / БИН производителя фонограммы

Фонограмма өндірушісінің сыйақы үлесі мен сомасы

11

12

13




  Туындыны жеке мақсатта
көшірмелеу үшін сыйақыны
жинау, бөлу және төлеу
қағидаларына
5 – қосымша
Нысан

Сараптамалық ұйым ҚҰБҰ арасында төлеген сыйақы туралы
ЕСЕП

      <сәйкестендіру нөмірі>                         <есепті қалыптастыру күні>

      <сараптама ұйымының толық атауы>

      <Сараптама ұйымының БСН>

Р/с №

Жиналған сыйақы сомасы

Сараптама ұйымының нақты шығыстарының сомасы

ҚҰБҰ атауы

Қайта бөлуге жататын алдыңғы есепті кезең(лер) үшін бөлінбеген сыйақы сомасы

ҚҰБҰ төленген сыйақы сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9


авторлық құқық

сабақтас құқықтар



авторлық құқық

сабақтас құқықтар

авторлық құқық

сабақтас құқықтар

Жиыны






  Туындыны жеке мақсатта
көшірмелеу үшін сыйақыны
жинау, бөлу және төлеу
қағидаларына
6 - қосымша
  Нысан

Құқық иеленушілерге төленген сыйақы туралы
ЕСЕП

      <сәйкестендіру нөмірі>                               <есептің жасалған күні>

      <ҚҰБҰ толық атауы>

      <ҚҰБҰ БИН>

      <есеп беру кезеңі>

      1. ҚҰБҰ бөлінісінде жиналған және бөлінген сыйақы туралы мәліметтер

Р/с №

Жиналған сыйақы сомасы

Сараптама ұйымының нақты шығыстарының сомасы

Қайта бөлуге жататын алдыңғы есепті кезең(лер) үшін бөлінбеген сыйақы сомасы

1

2

3

4

5

6


авторлық құқық

сабақтас құқықтар


авторлық құқық

сабақтас құқықтар

Жиыны




      келесі

ҚҰБҰ атауы

ҚҰБҰ бөлінісінде бөлінуге жататын сыйақы сомасы

ҚҰБҰ нақты шығыстар сомасы

Есептеуге жататын сома

7

8

9

10

11

12


авторлық құқық

сабақтас құқықтар


авторлық құқық

сабақтас құқықтар





      2. Құқық иеленушілер бөлінісінде төленген сыйақы туралы мәліметтер

Р/с №

Құқық иеленушінің атауы


Есептелген сыйақы сомасы

Ұстап қалу сомасы (ЖТС/КТС)

Төленуге тиісті сома

Нақты төлем сомасы

Төлем күні

Төлем тапсырмасыныңжәне төлемнің мақсаты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13




авторлық құқық

сабақтас құқықтар

авторлық құқық

сабақтас құқықтар

авторлық құқық

сабақтас құқықтар

авторлық құқық

сабақтас құқықтар



Жиыны







  Туындыны жеке мақсатта
көшірмелеу үшін сыйақыны
жинау, бөлу және төлеу
қағидаларына
7 - қосымша
  Нысан

Сараптамалық ұйым мен құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының (ҚҰБҰ)
сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған шоттарындағы
ақша қаражаттарының қалдығы туралы
ЕСЕП

      <сәйкестендіру нөмірі>                         <есепті қалыптастыру күні>

      <ҚҰБҰ толық атауы>

      <ҚҰБҰ БИН>

      <есеп беру кезеңі>

      1. Сараптама жасау ұйымының сыйақысын жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін шоттағы ақша қаражатының қалдығы туралы мәліметтер

Р/с №

Атауы

Есепті кезең үшін

Алдыңғы кезеңдер үшін

Бүкіл кезең үшін

1.

Түсімдер, барлығы:




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




1.1.

жиналған сыйақы сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




1.2.

қайта бөлуге жататын алдыңғы есепті кезең(дер) үшін бөлінбеген сыйақы сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




2.

Шығу, барлығы:




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




2.1.

сараптама ұйымының нақты шығыстарының сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




2.2.

ҚҰБҰ нақты шығыстар сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




2.3.

нақты төлем сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




3.

Ақша қаражаттарының қалдығы




3.1.

бөлінбеген сыйақы сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




3.2.

талап етілмеген сыйақы сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




3.3.

төленбеген сыйақы сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




      2. ҚҰБҰ жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін шоттағы ақша қаражатының қалдығы туралы мәліметтер

Р/с №

Атауы

Есепті кезең үшін

Алдыңғы кезеңдер үшін

Бүкіл кезең үшін

1.

Түсімдер, барлығы:




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




1.1.

Сараптамалық ұйым ҚҰБҰ-ға төлеген сыйақы сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




2.

Шығу, барлығы:




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




2.1.

ҚҰБҰ нақты шығыстар сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




2.2.

Ұстап қалу сомасы (ЖТС/КТС)




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




2.3.

нақты төлем сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




3.

Ақша қаражаттарының қалдығы




3.1.

талап етілмеген сыйақы сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




3.2.

төленбеген сыйақы сомасы




авторлық құқық




сабақтас құқықтар




  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
"__" __________ 202_жылғы
бұйрығына 2 - қосымша

Аудиовизуалдық туындылар мен фонограммаларды жеке мақсатта және табыс алмай көшірмелеу үшін сыйақы мөлшері

Автордың, орындаушының, аудиовизуалды туынды өндірушінің және фонограмма өндірушінің келісімінсіз жеке мақсатта және табыс алмай аудиовизуалды туындылар мен фонограммаларды көшірмелеу үшін сыйақы төлейтін тұлғалар

Сыйақы мөлшері

аудиовизуалды туындылар үшін (авторлық құқық)

фонограммалар үшін
(сабақтас құқықтар)

1.

дайындаушы тұлғалар (жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірлігін сату бағасынан)

0,25%

0,25%

2.

Импорттаушы тұлғалар (жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштер бірлігінің кедендік құнынан)

0,25%

0,25%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады