Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, Ақжайық ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық аудан әкімінің "Ақжайық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 27 қарашадағы № 21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5415 болып тіркелген) және "Ақжайық ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 21 "Ақжайық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29779 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақжайық ауданының әкімі | М. Сердалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақжайық аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
