Марқакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 15/2-VIII "Марқакөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының мәслихаты 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 33/3-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 желтоқсанда № 37539 болып тіркелді

      Марқакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Марқакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 15/2-VIII "Марқакөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9116-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы М. Калелов

  Марқакөл ауданы маслихатының
2025 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 33/3-VIII шешіміне
қосымша

Марқакөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 5 тармағына сәйкес әзірленді және Марқакөл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды (ары қарай - мамандар).

      2. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) ағымдағы шот – банк шотының шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банк шоты;

      2) коммуналдық қызметтер – сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс шығаруды, лифтке техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, тұтынушыға қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын (тұру) қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметтер;

      3. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органы – "Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады (ары қарай – ММ).

2-тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      4. Әлеуметтік көмек бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізімі негізінде (ары қарай – тізім), ақшалай нысанда "Қазпошта" акционерлік қоғамы аумақтық бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржылық операцияларды реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолдарымен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 10,936 (он бүтін тоғыз жүз отыз алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына Марқакөл ауданының бюджетінен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      7. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      8. Мемлекеттік мекеме қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың тізімдерін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды;

      9. Мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер арасында сәйкезсіздік анықталған жағдайда, мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес алдын ала қабылданған шешім, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретін отырыстың уақыты мен орны (тәсілі) туралы мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.

      Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда ММ оң шешім қабылдайды және мамандардың ағымдағы шоттарына коммуналдық төлемдер мен жанар-жағармай сатып алу үшін әлеуметтік қолдау төлемдерін жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады