Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 20-7/VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 11 сәуірде № 9172-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу жөніндегі әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшері бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г. Шаймарданова

  Самар ауданының мәслихаты
2025 жылғы 8 сәуірдегі
№ 20-7/VIII шешіміне
қосымша

Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды (бұдан әрі мәтін бойынша -әлеуметтік қолдау).

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Самар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      3. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі мәтін бойынша- алушылар) Самар ауданы бюджетінің қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет 10,9359 (он бүтін он мыңнан тоғыз мың үш жүз елу тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, алушылардан өтініштер талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдаудың артық немесе заңсыз төленген сомалары ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады