Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы бойынша келесі елді мекендердің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Сарапхана ауыл округінің Сарапхана елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 27,37 гектар қоса отырып, Сарапхана ауыл округінің Сарапхана елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 396,73 гектар болып белгіленсін;
2) Сарапхана ауыл округінің Талдыбұлақ елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 25,0 гектар қоса отырып, Сарапхана ауыл округінің Талдыбұлақ елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 90,96 гектар болып белгіленсін;
3) Сарапхана ауыл округінің Жіңішке елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 10,0 гектар қоса отырып, Сарапхана ауыл округінің Жіңішке елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 163,38 гектар болып белгіленсін;
4) Сарапхана ауыл округінің Махамбет елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 8,3 гектар қоса отырып, Сарапхана ауыл округінің Махамбет елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 396,73 гектар болып белгіленсін;
5) Қарабау ауылдық округінің Сынтас елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 1,41 гектар қоса отырып, Қарабау ауылдық округінің Сынтас елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 293,48 гектар болып белгіленсін;
6) Қарабау ауылдық округінің Қарабау елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 16,0 гектар қоса отырып, Қарабау ауылдық округінің Қарабау елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 135,88 гектар болып белгіленсін;
7) Қарабау ауылдық округінің Жұмысшы елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 3,0 гектар қоса отырып, Қарабау ауылдық округінің Жұмысшы елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 176,04 гектар болып белгіленсін;
8) Жігерген ауылдық округінің Жігерген елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 16,30 гектар қоса отырып, Жігерген ауылдық округінің Жігерген елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 173,27 гектар болып белгіленсін;
9) Жігерген ауылдық округінің Дихан елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 30,0 гектар қоса отырып, Жігерген ауылдық округінің Дихан елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 131,91 гектар болып белгіленсін;
10) Жігерген ауылдық округінің Қызылбұлақ елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 40,0 гектар қоса отырып, Жігерген ауылдық округінің Қызылбұлақ елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 120,95 гектар болып белгіленсін;
11) Тұрбат ауылдық округінің Өндіріс елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 18,0 гектар қоса отырып, Тұрбат ауылдық округінің Өндіріс елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 273,81 гектар болып белгіленсін;
12) Тұрбат ауылдық округінің Қызылдихан елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 3,35 гектар қоса отырып, Тұрбат ауылдық округінің Қызылдихан елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 307,15 гектар болып белгіленсін;
13) Жаңабазар ауылдық округінің Жеңіс елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 89,4 гектар қоса отырып, Жаңабазар ауылдық округінің Жеңіс елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 159,82 гектар болып белгіленсін;
14) Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің Рабат елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 13,0 гектар қоса отырып, Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің Рабат елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 418,56 гектар болып белгіленсін;
15) С.Рақымов ауылдық округінің Көкібел елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 3,5 гектар қоса отырып, С.Рақымов ауылдық округінің Көкібел елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 248,27 гектар болып белгіленсін;
16) С.Рақымов ауылдық округінің Майбұлақ елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 19,4 гектар қоса отырып, С.Рақымов ауылдық округінің Майбұлақ елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 185,88 гектар болып белгіленсін;
17) Қызылқия ауылдық округінің Тұғыртас елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 16,0 гектар қоса отырып, Қызылқия ауылдық округінің Тұғыртас елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 57,39 гектар болып белгіленсін;
18) Алтынтөбе ауылдық округінің Қаржан елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 59,85 гектар қоса отырып, Алтынтөбе ауылдық округінің Қаржан елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 671,50 гектар болып белгіленсін.
19) Қазығұрт ауылдық округінің Қазығұрт елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 1,5 гектар қоса отырып, Қазығұрт ауылдық округінің Қазығұрт елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 3771,42 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт ауданының әкімі | А. Исмаилов |
Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы | Т. Калымбетов |