Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Түркістан қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің дивиденттерінің көлемін белгілеу туралы" Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №146 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5388 болып тіркелген);
2) "Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №147 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ә. Пазылбекұлы |
