"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың біріңғай тарифі 70 (жетпіс) теңге көлемінде белгіленсін.
2. Кентау қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
1) электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде – 70 (жетпіс) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге.
3. Тұрақты әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарына тариф бағасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. Күші жойылды деп танылсын:
1) Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 267 "Кентау қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4238 тіркелген);
2) Кентау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 шілдедегі №257 "Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 267 "Кентау қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5721 тіркелген).
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Ж. Тасов |
Кентау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 200 қаулысына қосымша |
Жолаушылар әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері
№ | Маршруттың атауы | Қашықтық (шақырым) | Жол жүру құны |
1 | Кентау – Ащысай | 54 | 250 |
2 | Кентау – Саяжай | 22,5 | 150 |
3 | Кентау – Шаштөбе | 19,2 | 150 |