"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5, 17 тармақтарына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 97 қаулысына қосымша |
2025 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және субсидиялар нормалары
№ | Басым дақылдардың атауы | Өлшем бірлігі | Субсидия нормасы, теңге |
1 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер | гектар | 2 931 170 |
2 | Фермерлік жылыжайдағы көкөністер | гектар | 1 740 257 |