Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 343 қаулысы

      Сноска. Вводится в действие с 01.01.2026 в соответствии с пунктом 3 настоящего постановления.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі К. Омаров

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Шал ақын ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы 10 желтоқсандағы
  № 343 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі

      1. "Салық салу объектісінің Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 13 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5222 болып тіркелген).

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 13 "Салық салу объектісінің Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 155 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7771-15 болып тіркелген).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 13 "Салық салу объектісінің Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 120 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7920-15 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады