Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 мамырдағы № 7/15 с "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы және ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттерін және жерлерді аймақтау жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2025 жылғы 21 мамырдағы № 18-31 с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 22 мамырда № 7931-15 болып тіркелді

      Уәлиханов ауданындық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 мамырдағы № 7/15 с "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы және ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттерін және жерлерді аймақтау жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4225 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 4-қосымшасында:

      "Бидайық ауылдық округі" бөлімінде: жолдар, реттік нөмірі 12, алып тасталсын;

      "Қаратерек ауылдық округі" бөлімінде: жолдар, реттік нөмірі 18, алып тасталсын;

      "Көктерек ауылдық округі" бөлімінде: жолдар, реттік нөмірі 21, алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы С. Саниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады