Уәлиханов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 4-16 с "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 2-35 с шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 желтоқсанда № 37547 болып тіркелді

      Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Уәлиханов аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 19 наурыздағы № 4-16 с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7721-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы";

      3-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы";

      3-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:

      "3-1 Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

      1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;

      2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

      бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

      бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

      4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

      6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

      7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

      8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

      9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

      10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту, заңдылықты сақтау және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

      3. "Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Уәлиханов аудандық мәслихат аппаратының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы С. Саниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады