Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7640-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері – 382 (үш жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылы 5 000 000 (бес миллион) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери кызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер – 382 (үш жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылы 5 000 000 (бес миллион) теңге;
майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдары – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк балалары (тәрбиеленушілері) және юнгалар ретінде болған адамдар – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделері үшін міндеттер атқарған қызметкелері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еріксіз ұсталған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар – 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1944 жылғы 1 қаңтар - 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар – 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергілікті әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектілік және авариялық командаларының өзін-өзі қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінің отбасылары – 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екенші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылы 50 000 (елу мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар – 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылы 50 000 (елу мың) теңге;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2025 жылы 50 000 (елу мың) теңге;";
7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, оларға қатысты қылмыстық істерді қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын, Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдары – 51 (елу бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
8-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына көрсетіледі:
медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға (2, 4 клиникалық топ) жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес 1 типті қант диабеті диагнозымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығы болмаған кезде, жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
азаматқа (отбасына) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілген жағдайда азаматқа (отбасына) – бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы жәрдемақы тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне мұқтаждық басталған сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей төленеді;
АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балаларға ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде жәрдемақы төленеді;
туберкулезбен ауыратын және амбулаторлық емделіа жатқан азаматтарға "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Тимирязев аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізімдер негізінде қосымша тамақтануға – ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
10-тармақтың үшінші және төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, басқа да адамдарға, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық ем алуға, өтініш берушінің санаторлық-курорттық картаны, санаторлық-курорттық ұйымның шот-фактурасын ұсына отырып, санаторлық-курорттық емделудің құны мөлшерінде тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, жылына бір рет;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, басқа да адамдарға кірісін есептемегенде, осы санаттағы тұлғаларды растайтын құжат бойынша коммуналдық қызметтер мен отын сатып алуға төлемақы төлеуге айына 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"19. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Тимирязев ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;
5) әлеуметтік көмек көрсету негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмек төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі келесі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | А. Асанова |