Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2024 жылғы 20 наурыздағы № 13-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7729-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен айқындалған, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 3-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін есептейді.";
жоғарыда көрсетілген шешімнің 5-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы А. Рахметова |
