Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 310 "Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) екіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 109 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 29 мамырда № 7937-15 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 310 "Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5026 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасында 10, 15, 26, 29, 30, 38, 44, 46 жолдары алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі М. Мухамедьяров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің

      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

      Мемлекеттік кіріс департаментінің

      Есіл ауданы бойынша мемлекеттік

      кіріс басқармасы" Республикалық

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушысы

      ________________А.Бердығұлов

      2025 жылғы "19" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады