Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7743-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидаларда:
7 -тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:";
7- тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";
11 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Тұрғын үй көмегі Екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы ақшалай нысанда көрсетіледі.
Шоттарға ақша сомаларын аударуды көрсетілетін қызметті беруші өткен ай үшін ай сайын жүргізеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы | Г. Абулкаирова |