Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылы және ауылдық елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 13-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4300 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің 4-қосымшасында кестенің 8, 14, 21-жолдары алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы |
Е. Жакенов |